122 – Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген:«Қол – адамға берілген бір аманат, онымен харам болған нәрсені ұстама! Аяғың – саған берілген бір аманат. Онымен харам жерге барма! Көбею құралы да саған берілген бір аманат, онымен зина жасама!» Осы сияқты денедегі мүшелердің барлығы – жеке-жеке аманат. Осы ниғметтерді шариғатпен рұқсат берілген түрде және шариғатпен рұқсат берілген жерлерде қолданатын болсаң, сенімді адамдардан болып, Хақ та’аланың алдында нағыз шүкіршілік жасаған боласың. Бұл аманаттарды дінімізде тыйым салынған жерлерде қолданған адам Аллаһу та’алаға қарсы шыққан және қиянат еткен болады.
Анықтама: Науқасты емдеу сүннет болып табылады. Емдеудің дәрімен, садақа берумен және дұға етумен орындалатындығы білдірілді. Тәжірибелермен анықталып, пайдасы тиетіні нақты болған екпелерді, сарсуларды, микроб өлтіретін және соған ұқсас дәрілерді қолданудың парыз екендігі «Ибн Абидин»-нің “рахимә-һуллаһу та’ала” «Хазар уә ибаха» бөлімінен аңғарылады. «Сулардың түрлері» бабының соңында да былай делінеді: «Харам болған дәрінің пайдалы әсері тиетіні нақты болса және шипа беретін халал дәрі жоқ болса, шошқа етінен басқа харам дәрілердің қолданылуы жаиз болады. Шипа беретіндігі тек болжаммен болса, онда жаиз болмайды.» Ораза бөлімінің соңында былай делінеді: «Мұсылман науқас мұсылман дәрігер таба алмаған кезінде, кәпір дәрігерге барып емделуі жаиз болады. Кәпір дәрігердің айтуымен ғибадатын тәрк етуі және кейінге қалдыруы (және харам дәрілерді қолдануы) жаиз емес.»«Фәтәуаи Хиндийа»-ныңКәрахийат (мәкрухтар) бөлімінің он сегізінші бабында былай делінеді: «Шипаның Аллаһу та’аладан келетіндігіне сенетін науқастың дәрі қолдауны жаиз. Дәріден шипа күту жаиз емес. Аллаһу та’аланың шипаны жаратуы үшін дәріні себепші қылғанына сену керек. Шошқа төмен болғандықтан, адам құрметті болғандықтан, осы екеуінің органдарын дәрі ретінде қолдану жаиз емес. Басқа жануарлардан қолдану жаиз. Дәрі қолданбай қайтыс болу күнә емес. Азықтанбай қайтыс болу күнә болады. [Әсері нақты белгілі болған дәрі азық сияқты.] Пайдасы нақты болған нәрселерді қолданбау харам. Әйелдің сүтін дәрі ретінде қолдану жаиз. Әйелдің сағыз шайнауы ғалымдардың сөз бірлігімен жаиз. Еркектің сағыз шайнауында сөз бірлігі жоқ. Науқас және хайуаннан зардап шеккен адамға шипа үшін Құран кәрім оқу немесе қағазға жазып, тұмар ретінде тағуы немесе ыдыстың ішіне батырып, сол суды ішуі, сол сумен ауырған жерін жууы жаиз болады деген ғалымдардың сөздері рас. Белгілі дұғалар жазылған тұмар және дәрі жаиз болып табылады. Назарға қарсы шөп тұтату, қорғасын құю жаиз болады дегендер бар. Бау-бақшаға, егістік алқабына назар (көз) тимеу үшін кейбір нәрселерді іліп қою жаиз. Жүкті болмауы үшін еркектің шара қолдануы жаиз. Төрт айлық баласын алдырған әйел жазаландырылады. Одан бұрын алдыруы жаиз.»
Сұрақ: Шариғатқа сай некелескен бір отбасының баласы болмаса, «Жасанды ұрықтандыру» жолымен бала көтеруге кірісуі жаиз ба?
Жауап: Бір еркек пен бір қыз шариғи неке қиып, Аллаһу та’аладан бала сұрауға ынталандыратын, шақыратын хадис шәрифтер көп. Баласы жоқ болған ерлі-зайыптылардың Силсилә-и алийа ғалымдарын арашы қылып дұға етуі және рұқсат берілген жолдармен кірісуі керек. Ерлі-зайыптылардың мәнилері (ұрықтары) алынып, бір түтікке қойылады. Түтікте ұрықтану жүзеге асқаннан кейін, әйелдің жатырына салынады. Бұған «Жасанды ұрықтандыру» делінеді. Мұның жаиз екендігі аңғарылуда. Алайда, бұған зәрулік болмағандықтан, осы істі ерлі-зайыптылардың өздері жасауы, дәрігер, медбике сияқты бөтен адамдардың олардың әурет жерлерін көрмеуі және жасанды ұрықтандыруды некесіз болған еркек пен қыздың арасында жасалмауы қажет.
Абдул Азиз Дәхләуи “рахимә-һуллаһу та’ала” 1386 [м.1966] жылы Ауғанстанның Кабул қаласында басылған парсы тіліндегі тәфсирінде, Бақара сүресінің қасиетін білдіріп жатқанда былай деген: Абдуллаһ бин Ахмед бин Ханбал “рахимә-һуллаһу та’ала” «Зәуаид-и Муснәд» кітабында және Хаким мен Бәйһақи “рахимә-һумаллаһу та’ала” «Дә’ауат»кітаптарында, Убәййубни Ка’б “радиаллаһу та’ала анһ” былай деді: «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасында отырған едім. Бір ауылдық кісі келді. Бауырының қатты ауырып қалғандығын айтты. «Ауруы қандай?» деп сұрағанда «Жын ұрған» деді. «Бауырыңды осында алып кел» деді. Бауыры келіп отырды. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) төмендегі аяттарды оқып, науқасқа үрледі. Бірден айығып, орнынан тұрып кетті. Ол аяттар: Фатиха, Бақара сүресінің басынан төрт аят «Уә илаһукум»-нен бастап, «йа’қилун»-ға дейін, екі 163-ші және 164-ші аяттарды, Аятәл-курси, «Халидун»-ға дейін, Бақара сүресінің соңындағы «Лиллаһи»-ден басталатын үш аят, «Ал-и Имран» сүресінің«Шәһидаллаһу» деп басталатын жалғыз он сегізінші аяты, «Араф»сүресінің «Инна-Раббәкум» деп басталатын жалғыз елу төртінші аяты,«Муминун» сүресінің «Фә-та’алаллаһу» деп басталатын жалғыз жүз он алтыншы аяты, Жын сүресінің «Уә әннаһу та’ала» деп басталатын үшінші аяты, Саффат сүресінің басындағы он аят, Хашр сүресінің соңындағы«Һуаллаһу» деп басталатын үш аят, «Ихлас» және «Му’аууизәтәйн»сүрелері.» [Сәйид Ахмед “рахимә-һуллаһу та’ала” осы аяттарды жинақтап«Аяти хырз» рисаласын жазған. Аяти хырз – қорғаушы аяттар деген мағынаны беріп, араб тілінде «Тәсһил-ул-мәнафи’» емделу кітабының 1982 және кейінгі жылдардағы Стамбұл баспасының соңына толықтыру ретінде жазылған. Дәрет алып, жеті рет истиғфар және он бір рет салауат оқып, аурудың жазылып кетуіне ниет етіп, күн шыққаннан кейін және екінді намазынан кейін, күніне екі рет науқастың үстіне оқып, белгі бар жерлерге келгенде науқасқа үрлеу керек, шипа тауып жазылғанға дейін [қырық күнге дейін] жалғастыру керек. Әр ретінде соңында бір Фатиха оқып, сауабын пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) және Бәхауддин Бұхари, Ахмед Рифа-и, имам Раббанидің рухтарына бағыштау керек. Бір нұсқасын жазып, (тұмар ретінде) өзімен бірге алып жүрсе, сиқырдан, дуадан, назардың тиюінен қорғайды. Мақсаты орындалады. 138-ші бөлімге қараңыз!
«Хизб-ул-бахр» оқу да дерттерден құтылу үшін өте пайдалы. Мұны Әбул-Хасан Шазили әзірлеген.]
Даримидың «Муснад» кітабында, Абдуллаһ ибн Мәсуд “радиаллаһу анһ” былай дейді: «Үйде Бақара сүресінің басынан «Муфлихун»-ға дейін бес аят оқылған түні шайтан сол үйге кіре алмайды.»
Мәйіт жерленгеннен кейін бас тарапында Бақара сүресінің басын, аяқ жағында соңын оқу әмір етілді.
Хадис шәрифте былай делінген: «Бір үйде мына отыз үш аят оқылған түні, жыртқыш жануар және қарақшы, дұшпан таңға дейін жанына, малына зиян тигізе алмайды: Бақара сүресінің басынан бес аят, Аятул курсидің басынан «Халидун»-ға дейін үш аят, Бақара сүресінің соңындағы «Лиллаһи»-ден сүренің соңына дейін үш аят, «Араф»сүресіндегі «Инна Раббәкум»-нан «Мухсинин»-ға дейін елу бестен бастап үш аят, «Исра» сүресінің соңындағы «Құл»-дан екі аят, Саффат сүресінің басынан «Лазиб»-ке дейін он бір аят, Рахман сүресінде «Йа ма’шәралжин»-нен «Фә иза»-ға дейін екі аят, Хашр сүресінің соңындағы«Ләу әнзәлна»-дан сүренің соңына дейін, Жын сүресінде басынан«Шатата»-ға дейін төрт аят.»
Жеті рет Фатиха оқып, дерт, ауырған жерге үрленсе, шипа болады.«Тәфсир-и Азизи»-ден аударма тәмәм болды.
Абдуллаһ Дәхләуи “рахметуллаһи алейһ” жүз он жетінші хатында былай дейді: «Әр істе Пирани кибардың (ұлы пірлердің) әруахы тайибасын (пәк рұхтарын) арашы етіп, Аллаһу та’алаға жалбарынып дұға ету керек. [Ол үшін «Силсила-и алийа»-ны оқу керек.] Олардың себебімен Жаратқан құлдарын діни және дүниелік мақсаттарға жеткізеді.» «Силсила-и алийа», «Сә’адети әбәдийа» және «Асхаби Кирам» кітаптарында жазылған. Аяти карима мен дұғаның әсер етуі үшін, оқыған адамның Әһли сүннет сенімінде болуы, құл ақысынан сақтануы, харам және лас нәрселерді жемеуі, әрі оқытқан адамнан ақы сұрамауы шарт.
[Дәрі қабылдау, аяти карима және дұға оқу, үрлеу, өзімен бірге алып жүру – адамның өмірін ұзатпайды, өлімге тосқауыл болмайды. Ажалды кешіктірмейді. Өмірі бітпегендердің дерттерін, ауруларын кетіріп, саламатты, рахат және қуанышты өмір сүруіне себеп болады. Жүрек ауыстыру және ми, бүйрек, өкпе сияқты органдарға операциялар жасау, инемен екпелер, сарсулар егу өлімге тосқауыл болмайды. Өмірі бетпегендерге пайдалы болады. Ажалы келген көптеген науқастардың операция кезінде қайтыс болғанын білмейтін адам жоқ. Дұғаның қабыл болуы үшін сұралған нәрсенің себебіне жабысу керек. Аллаһу та’ала барлық нәрсені себеппен жаратады. Шарасын қолдану, себебін табу керек. Дұға еткен кезде Аллаһу та’ала себепке қауыштырады және себепте әсер, күш жаратады. Әулиелерге, сүйіктілеріне себепсіз де береді. Бұған«Керемет» делінеді. Себепке жабыспай дұға ету – Аллаһу та’аланың әдетіне бағынбау болады.
Дұға – Аллаһу та’аладан бір нәрсе сұрау деген сөз. Дұға екі түрлі болады: 1) Лафзи дұға, 2) Фи’ли дұға.
1) Лафзи дұға – Аллаһу та’аладан сөзбен сұрау. Мұндай дұғаның қабыл болуы үшін шарттар бар. Бұл шарттар – дұға етушінің мұсылман болуы, ықыласты болуы, намаздарын үздіксіз оқуы, пасық (күнәхар) болмауы, яғни харам істемеуі, мойнында құл ақысы болмауы сияқты шарттар. Осы шарттарға ие болмағандардың дұғалары қабыл болмайды. Өздері қиыншылықпен өмір сүріп жатады.
2) Фи’ли дұға – Сұралған нәрсенің себебіне жабысу. Аллаһу та’ала барлық нәрсені бір себеппен жаратуда. Аллаһу та’аладан бір нәрсе тілеген адамның сол нәрсенің жаратылуына себеп болатын нәрсені істеуі керек. Мысалы, бір жері ауырып жатқан адамның ауруды басатын дәрі қолдануы керек. Осы дәріні қолдануы фи’ли дұға ету болады. Фи’ли дұғаның қабыл болуы үшін себептің әсері нақты мәлім болуы, жақсылап білінуі қажет. Лафзи дұға мен фи’ли дұға бір-біріне қайшы болса, фи’ли дұға қабыл болады. Мұсылманның жақсы және жаиз болған нәрселердің себептерін тауып, дұға үшін осы себептерді орындауы қажет. Осы себептер орындалған кезде Аллаһу та’ала сұралған нәрсені жаратады. Өйткені, себептері орындалған нәрсені жаратуы – Оның әдеті (заңы). Аш болған адамның бір нәрсе жеуі – фи’ли себепке жүгіну және фи’ли дұға ету болып саналады. «Дұға етіңдер – қабыл етемін» деп айтылуы фи’ли дұға етуді бұйыруда.]
123 – Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген:«Бір кісі келіп, Лұқман Хаким хазреттерінен:
– Ей, Лұқман! Сен осы мәртебеге қалай қол жеткіздің? – деп сұрады. Сонда Лұқман хазреттері былай жауап берді:
– Мен бұл мәртебеге үш нәрсе арқылы жеттім:
1) Аманатты орнына қайтарумен,
2) Дұрыс сөйлеумен,
3) Малаяниді (яғни пайдасыз сөздерді) тәрк етумен.»
124 – Мү’минун сүресінің сегізінші аятында: «Аманаттарды жақсы қолданып, өз орнымен жұмсаған адамды қорққандарынан аман қылып, жәннатыма кіргіземін» – делінген.
Анықтама: Кітаптың әр түрлі жерлерінде адамды Аллаһу та’аланың мейіріміне қауыштыратын дұғалар, жақсы амалдар жазылған. Бұл амалдар мақталуда, орындалуына кеңес берілуде. Алайда ұмытпауымыз қажет болған бір жәйт: ахиретте Аллаһу та’аланың мейіріміне қауыша алу үшін иманмен жан тапсыру керек. Құран кәрімде және хадис шәрифтерде айқын білдірілгендерге сай иманы болмаған және харамдардан сақтануға, Исламның бес шартын орындауға мән бермейтін адам мейірімге қауыша алмайды. Әһли сүннет сенімінде болмаған адамға «Бидғатшы» делінеді. Оның жасаған ғибадаты сахих болып, қарыздан, азабынан құтылатын болса да, уәде етілген сауаптарға қауыша алмайды. Ахиретте өмірде жасаған жақсылықтары мен қайырымдылықтарының сауабына, сый-сияпатына қауыша алмайды. Дүниедегі жақсылықтарының пайдасына жетуді қалайтындар дереу тәубе етіп, иманын түзелтуі керек.
125 – Хақ та’ала былай дейді: «Ей, құлым, мен аш едім, мені тойдырмадың.» Сонда құл: «Йа, Раббым! Бүкіл әлемді тойдырушы сенсің! Мен сені қалай тойдыра аламын?» деп сұрайды. Сол кезде Хақ та’ала айтады: «Пәлен кедей құлым аш еді, ал сен мол ризықтардың арасында жүзіп жүр едің. Сол кедей құлымды тойдырғаныңда, менің разылығыма қол жеткізген болар едің.» Тағы Аллаһу та’ала былай дейді: «Ей, құлым, мен шөлдеген едім. Маған неге су бермедің?» Құл дәл солай: «Йа, Раббым! Бүкіл әлемге су беретін сенсің, менің саған су беретіндей құдіретім бар ма?» дейді. Аллаһу та’ала айтады: «Пәлен құлым шөлдеген еді, егер оның шөлін қандырғаныңда, менің махаббатым мен сүйіспеншілігіме қол жеткізген болар едің.» Тағы да дәл осы сияқты киімсіз қалғанды киіндіру жайында сұрақ-жауап болады. Дәл осылай «Мен ауырып жатқанда, менің хал-жағдайымды келіп сұрамадың» дейді. Құл: «Йа Раббым, сені қалай зиярат етемін?» деп сұрағанда, Аллаһу та’ала айтады: «Пәлен құлым аурып жатқан еді, оны зиярат еткеніңде, сол жақта менің разылығымды табатын едің.»
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024