Сұрақ: Оразада қажеттілік жағдайларда басқа үш мазһабты тақлид етуге болады ма?
Жауап: Әрине болады. Дінімізде төрт хақ мазһаб бар. Бұлар тек сөзде ғана емес, істе де хақ. Бір мазһабта орындалуы қиын болған бір амалды басқа мазһабтардың бірін тақлид етіп орындау бүкіл Ислам ғалымдарының үкімі бойынша жаиз, тіпті кейде қажет те болады. Мысалы Шафииде дәрет алып жатқанда байқаусызда тамаққа су өтіп кетсе, ораза бұзылмайды. Тамағына су өтіп кеткен Ханафи Шафии мазһабын тақлид етіп оразасын жалғастыруына болады. Тағы да, Ханафиде зәр жолына мақта қою оразаны бұзбайды, ал Шафииде бұзады. Мұны білмейтін бір Шафии «Бұрыңғы оразаларымды Ханафи бойынша ұстадым» деп ниет етіп оразаларын құтқаруына болады. Осы сияқты, Ханбалида қаламай қан жұту оразаны бұзбайды. Мұндай жағдайға тап болған бір Ханафи немесе Шафии Ханбали мазһабын тақлид етіп, оразасын жалғастыруына болады.
Сұрақ: Рамазанның басында Рамазанның соңына дейін ораза тұтатындығыма ниет еттім. Одан кейін ниет етпестен оразаларымды тұттым. Кейіннен әр күнге жеке ниет ету керектігін білдім. Бұл оразаларымның қазасын ұстауым керек пе?
Жауап: Әр күні жеке-жеке ниет ету керек. Бірақ тілмен айту қажет емес. Мысалы сәреге тұру – ниет. Ертең ораза ұстаймын деп ойлау – ниет. Сәреге тұрып ораза ұстаймын деген ниетпен жатқан адам сәреге тұра алмай ұйықтап қалса да, ертең ораза ұстауға ниет етіп жатқандықтан, оразаға ниет еткен болып саналады. Осыған ұқсас ниет бола алатын ештеңе жоқ болса, Имам Зуфәрдің қаулысы бойынша амал етсе, оразалар сахих болады. Малики мазһабында Рамазанның басында бір рет ниет ету жеткілікті болады. Шафии мазһабындағы бір адам «Сол оразаларымды Малики бойынша ұстадым» десе, қазасын өтеуі қажет болмайды.
Клизма оразаны бұзады
Сұрақ: Аурып жүрмін, бірақ ораза ұстай аламын. Тек іш қату дертінен қатты қиналып жүрмін. Күндіз аузым берік күйде клизма жасату арқылы ғана қажеттілігімді кетіре аламын. Клизма оразаны бұзады. Қаза керек пе, әлде кафарат па?
Жауап: Тек қаза керек. Мұндай қажеттілік жағдайларында дертімізден құтылу үшін ғибадаттарымызды қалдырмау үшін төрт мазһабтың бірі бұған жаиз десе, оразаны бұзбайды десе, сол мазһабты тақлид ету керек. Мысалы Малики мазһабында клизма қою оразаны бұзбайды. Аурып жүргеніңізге қарағанда, Маликиді тақлид етіп клизма қойдыруыңызға, оразаны жалғастыруыңызға болады.
Ниетті ұмытқан Шафии
Сұрақ: Шафии мазһабын ұстанамын. Кешке ниет етпестен ұйықтап қалыппын. Оянған кезімде күннің шыққанын көрдім. Шафииде имсак уақытынан бұрын ниет ету шарт. Бұл жағдайда Ханафиды тақлид етіп, оразаны жалғастыруыма болады ма?
Жауап: Әрине тақлид ету керек. Тек сол күні ғана Ханафи бойынша ораза ұсталады. «Бүгінгі оразамды Ханафи мазһабы бойынша ұстап жатырмын» деу жеткілікті болады.
Өткен жылдардың оразасы
Сұрақ: Тіс пломбасы себебімен бір неше жыл ғұсылсыз ораза ұстаппын. «Ораза ұстаған жылдарымдағы ғұсылдарды Шафии немесе Малики бойынша алдым» деп айтуым керек пе?
Жауап: Иә, әрі тәубе керек, әрі осылай ниет ету керек!
Әйелдің оразасы
Сұрақ: Бір қажеттілік жағдайында ораза ұстаған бір әйел саусағын алдына немесе артына кіргізсе, оразасы бұзылады ма?
Жауап: Ханафи мазһабында саусақ құрғақ болса, оразаны бұзбайды, ылғалды болса бұзады. Шафииде құрғақ болса да бұзады. Ханбалида ылғалды болса да бұзбайды. Осылай істеуге мәжбүр болған жағдайларда Ханбали мазһабын тақлид етіп оразаны жалғастыру керек.
Ғұсыл алғанда ішке су кіріп кетсе
Сұрақ: Жүніптіктен ғұсыл алып жатқанда ішке су кіріп кетсе ораза бұзылады ма?
Жауап: Су кіріп кетсе бұзылады. Ал Ханбалида ғұсыл алу үшін теңізге түссе де аузынан, мұрнынан немесе астынан ішке су кірсе де ораза бұзылмайды. Байқаусызда болған осындай жағдайларда оразаларымызды құтқару үшін Ханбали мазһабын тақлид етсек, оразаларымыз бұзылған болмайды.
Басқа мазһабты тақлид ету
Сұрақ: Бір адам ораза ұстағанда бір амал өз мазһабында оразаны бұзса, бірақ Шафииде бұзбаса, Шафииді тақлид етіп, оразасын құтқара алады. Шафииді тақлид еткенде Шафииде де оразаны бұзатын басқа нәрсе істеп қойса және бұл жағдай Ханбали немесе Маликиде оразаны бұзбаса, үшінші мазһабты тақлид етіп оразаны құтқара алады ма?
Жауап: Әрине құтқара алады. Тіпті үшінші мазһабта да бұзатын бір нәрсе істеп қойса, төртінші мазһабта бұзбаса, соны тақлид етіп құтқаруға мүмкіндігі бар. Төрт мазһабтың төртеуі де хақ. Өзгеше болуы – мейірім. Қажеттілік бар болса, тақлид етіледі. Қажеттілік жоқ кезде тақлид етуге болмайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024