Істеген жақсылықты міндетсіну

Сұрақ: Біреуге жақсылық жасау және жасалған жақсылықты айтып жүру күнә болады ма?

Жауап: Бұл жерде күнә болғаны жақсылық жасау емес, сол жақсылықты есіне түсіру жолымен міндетсіну.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһу та'ала мына үш адамның бетіне қарамайды, оларға өте ауыр азап бар:

1) Етектерін жерге сүйретіп жүретін тәкәппар адам,

2) Берген бір нәрсесін міндетсінген адам,

3) Жалғаннан ант етіп, затын сатқан адам.» (Мүслим, Нәсаи)

 

«Аллаһу та'ала қияметте мына төрт адамға мейіріммен қарамайды:

1) Ата-анасына дұшпан болған,

2) Жасаған жақсылығын міндетсінген,

3) Тұрақты түрде ішкілік ішкен,

4) Тағдырға сенбейтін адам.» (И.Адий)

 

Аллаһу та'ала мына үш адамды жек көреді:

1) Міндетсінгенді,

2) Тәкәппарланған адамды,

3) Ақша үшін көп ант ішетін адамды.» (Хаким)

 

«Айлақор, сараң және жасаған жақсылықтарын міндетсінетін адам жәннатқа кірмейді.» (Тирмизи)

«Жәннаттың иісі, алыстығы бес жүз жылдық жерден сезіледі. Істегенін міндетсінген, ата-анасына қарсы шыққан және ішкілікті тоқтатпаған адам жәннаттың иісін сезе алмайды.» (Табарани)

«Аллаһу та'ала берген мал-мүлкін жасырын және ашық түрде Хақ жолында жұмсаған және жасаған жақсылықтарын міндетсінбеген адам мүминдердің ең қадірлісі болады.» (И.Ахлақы)

Екі аяти кариманың мағынасы мынадай:

«Жасаған жақсылығыңды көп деп санап, міндетсініп жүрме!» (Мүдәссир 6) (Мәдарик тәфсирі)

«Мал-мүліктеріңді Аллаһ жолында жұмсап, артынша бергендерін міндетсінбегендердің, ешкімді ренжітпейтіндердің Раббыларының жанында қайтарымы бар. Олар үшін ешбір қорқыныш және қайғы жоқ.» (Бақара 262)