103 – Әй, ұлым! Ихлас сүрсін көп оқы! Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген: «Қиямет күнінде бір шақырушы: "Аллаһу та’аланы зікір еткендер және Ихлас сүресін көп оқығандар келсін! Жәннаттағы мақамдарын иеленсін" – деп шақырады.»
Бұл қасиетті сүрені Бисмиллаһпен мың рет оқыған адам тіс ауруын көрмейтін болады.
Анықтама: Хазреті Әли “радиаллаһу анһ” былай деген: Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Бір мәжілістің, яғни бір дәрістің, кітап оқудың, Құран кәрім оқудың соңында "Субхана Раббика Раббил иззати аммә йәсыйфун..." деген аятты соңына дейін оқыған адамға қияметте көп сауап беріледі.» Діни білімі таяз болған бірнеше кісінің аудару арқылы жазған кітаптарына, өз ойларынан шыққан қосымша мәліметтерді де қосып, мұсылмандарды жаңылыстырғандары және үлкен күнәға батқандары байқалуда. Мысалы, «Субхана Раббика» орнына «Субхана Раббина» деп айту жақсырақ. Себебі, дұға ретінде оқылғандықтан, «Біздің Раббымыз» деп, жамағатты да бір-бірімен араластыру керек, – дейді. Бұлар қатты алдануда. Өйткені, «Субхана Раббика» аяты дұға емес, тәсбих. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Осы аятты оқыңдар» деген, «Өзгертіңдер» демеген. Әбу Бәкір Сыддық “радиаллаһу та’ала анһ” былай деген: «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір қателігін бүкіл ғибадаттарыма ауыстыруға дайынмын.» Муқаррабтардың, яғни Аллаһу та’аланың сүйікті адамдарының қателігі, абрардың, яғни жақсы адамдардың игі істерінен құндырақ. Олар, Аллаһ сақтасын, аяти кариманы түзеткісі, жақсырақ қылғысы келеді ме? Құран кәрімдегі «Кәф» деген бір әріп барлық ғибадаттардан да құндырақ. Мұны өзгерту, тіпті, күпірге де себеп болады.
Осы аяти кариманы өзгертіп оқитындарға дін ғалымдарымыздың берген жауаптары «Сәадати Әбәдийа» кітабымызда жазылған.
104 – Күнде таңертең Хашр сүресінің соңындағы «Хуаллаһуллази» деп басталатын үш аяти кариманы оқу да үлкен сауапқа жеткізеді, сондай-ақ, егер кешке дейін қайтыс болса, шәһид дәрежесімен жан тапсырады.
105 – Аммә (Нәбә) сүресін күн шығып жатқанда оқыған адам барлық апаттан сақ болады.
[Шынайы Ислам ғалымы, үлкен әулие – Абдуллаһ Дәһләуи “қадасаллаһу сирраһул азиз”, тоқсаныншы хатының соңында былай деген: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) білдірген аяти карималар және дұғаларды белгілі уақыттарында оқу керек. Бұлар және нәпіл намаздар ықыласпен, шын көңілмен оқылмаса, сахих болмайды, пайдасы тимейді. Осы себептен, біз парыз бен муәккад сүннеттерден басқа ештеңе оқымай, нәпіл ғибадат жасамай, алдымен әр сәтте Аллаһымызды зікір етіп, харамдардан сақтанып, жүрегіміз бен мінезімізді тазалауға тырысуымыз керек!» Жетпіс бірінші хатта: «Бұл заманда барлық жерді күпір, күнә және бидғат қаптады. Бұл заманда Аллаһу та’аланың әр сәтте бізді көріп тұрғанын жүрекке орналастыру қиынға соқты. Алайда, сонда да жүрек (көңіл) ауруынан құтылуға тырысуымыз керек. Бір құс, аспанға көтерілу үшін ұшады, аспанға жете алмаса да, басқалардан жоғары болады және мысықтардың зиянынан құтылады.» Он екінші бетке қараңыз! Абдуллаһ Дәһләуи – Халид Бағдадидың муршиді (ұстазы). 1240 [м.1824] жылы Делхи қаласында қайтыс болды. Есімі Силсила-и алийа шежіресінде Сибғатуллаһ Хизаниден бұрын жазылған. Сибғатуллаһ Арваси – Ғауси Хизани есімімен атақты. Сәйид Таханың халифасы, Сәйид Фәһимнің муршидтерінен (жетілдіруші ұстаздарынан). Хизанда жерленген. Абдуррахман Тағидың муршиді. Абдуррахман Тағидің қабірі Нуршинде.]
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024