ИМАН ДҰҒАСЫ

Мұхаммед Тирмузиден “рахимә-һуллаһу та’ала” [209-279] риуаят етіледі, кімде-кім таң намазының сүннеті мен парызының арасында мына дұғаны жай дауыспен оқыса, иманы мен рухын қорғауға тапсырады: «Йа хаййу йа қаййум йа зәл жәләли уәл икрам. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тухийа қалби би нури марифатика абәдән йа Аллаһ, йа Аллаһ, йа Аллаһ жәллә жәләлуһ.» 402-ші беттен қараңыз!

99 – Расуллуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Ей үмбетім, сахабаларым, сендер таңертең тұрғанда мына дұғаны оқыңдар: Субханаллаһи уә бихамдиһи субханаллаһил азыйм!» Бұл дұға оқыған кісінің сол күнгі күнәларына кәффарат (өтем) болады.

Тағы былай деген: «Кімде-кім мына дұғаны күніне он рет оқыса, Аллаһу та’ала ол адамға қырық мың сауап береді: Әшһәду ән лә илаһа иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу илаһән уәхидән самәдән ләм йәттахиз сахибәтән уәлә уәләдән уәләм якун ләһу куфууан ахад.»

100 – Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Жиналыс біткеннен кейін тұрған кезде мына дұғаны оқыңдар: “Субханакаллаһумма уә би хамдика, әшһаду ән лә илаһа илла әнта уахдака лә шәрика ләка уә әстағфирука уә әтубу иләйка.” Сол мәжілістегі күнәлар кешіріледі.»

Көңіліңді (діліңді) өлтірмеу үшін мына дұғаны оқы! Өйткені бұл дұғаны оқуды пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) кеңес берген. «Йа хаийу йа қаийум йа бәдиассамауати уәл арди йа зәл жәләли уәл икрам, йа лә илаһа илла әнта әс-әлука ән тухийа қалби би нури марифатика йа Аллаһу йа Аллаһу йа Аллаһу жәллә жәләлуһ.»

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) өлім сәтінде оқыған дұғасы:

«Субханаллаһи уә би хамдиһи әстағфируллаһә уә әтубу иләйһ»

Көшеге және базарға шығарда оқылатын дұға: «Лә илаһа иллаллаһу уахдәһу лә шәрика ләһ ләһулмулку уә ләһул хамду йухий уә йумиту уә һуә хаийун лә йәмуту биядиһил хайр уа һууә алә кулли шай-ин қадир.»

101 – Тамақтану әдебі:

«Фәтауа-и Хиндийа»-да, бесінші томда былай делінеді:

Тамақтануды бастарда және біткеннен кейін қолды жуу сүннет. Бастарда «Бисмиллаһиррахманиррахим» деу және соңында «Әлхамдулиллаһ» деп айту сүннет. Оң қолмен ішіп-жеу сүннет. Жүніп болған еркек пен әйелдің қолдарын және ауызын жумай тұрып ішіп-жеуі мәкрух. Хайз болған әйелге мәкрух емес. Өте ыстық нәрсені жемеу керек, тамақты иіскемеу және оған үрлемеу керек. Жолда жүріп бара жатып ішіп-жеуі мәкрух. Жалаң бас тамақтану жаиз. Аштан өлейін деп жатқан кісінің өлексені жеуі жаиз. Өлексе табылмаса, біреу келіп «Қолымды кесіп алып же!» немесе «Менен бір бөллшек кесіп алып же!» десе, кесіп алып жеуі жаиз болмайды. Өзінің денесінен ет кесіп алып жеуі де жаиз емес. Бір кісіден бір нәрсені қаншаға алдың деп сұрағанда, «бес теңгеге» деп жауап берсе, бірақ оны он теңгеге алған болса, өтірік айтқан болмайды. Иістеніп бұзылған етті жеу харам. Иістенген май мен сүтті жеу харам емес. Тағам ашып кетсе, иістенсе, нәжіс болмайды. Бірақ жеу харам болады. Ағаштың түбіне түскен жемістерді, жерден алып жеуге иесінің рұқсат бергені мәлім болса, жеу халал болады. Өзеннен ағып келген жемістерді алып жеу халал болады. Кедей адам, бай кісі берген садақадан байдың өзіне сыйлық берсе, алуы жаиз болады.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Тамақтанғаннан кейін мына дұғаны оқыған кісінің күнәлары кешіріледі: "Әлхамдулиллаһилләзи әт-амәнә һазәт-та’ама уә разақана мин ғайри хаулин минна уә лә қууата".»

Истиғфарлардың ең үлкені:

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген: «Мына дұғаны оқыған адам, дұғаны таңертең оқып кешке дейін қайтыс болса, шәһид дәрежесіне жетіп өледі. Кешке оқып, таңға дейін қайтыс болса, дәл сондай дәрежеге жетеді. Ол дұға: "Аллаһумма әнта рабби лә илаһа илла әнта халақтәни уә әнә абдука уә әнә алә ахдика уә уа’дика мәстата’ту әузу бика мин шәрри ма сана’ту әбу-у ләка би-ни’мәтика алеййа уә әбу-у би зәнби фәғфирли зунуби фә-иннаһу лә йағфируззунубә илла әнта. Лә илаһа илла әнта субханака инни кунту миназзалимин".»

Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деді: «Ей, Әбу Хурайра! Кімде-кім мына дұғаны күніне жиырма бес рет оқыса, Аллаһу та’ала ол кісіні абидтердің қатарынан жазады.» Ол дұға: «Аллаһуммағфирли уә ли уәлидаййа уә ли устазийа уә лил му’минина уәл му’минат уәл муслимина уәл муслимат әл ахйа-и минһум уәл әмуат бирахматика йа архамаррахимин.» Бұл дұға «Сә’адати Әбәдийа» кітабының 1037-ші бетінде де жазылған.