97 – Бір күні Ибраһим алейһиссалам былай дейді: «Әлхамду лиллаһи қаблә кулли ахад, уәл хамду лиллаһи ба’дә кулли ахад, әлхамду лиллаһи алә кулли хал.»
Сонда Аллаһу та’ала бұйырды: «Йа, Жәбірейіл! Менің досыма менен сәлем айт! Ол үш сөзді үш рет айтты, мен оған қырық рет қабыл болған нәпіл қажылықтың сауабын бердім. Кімде-кім осы дұғаны оқыса, дәл осындай сауапты оған да беремін.»
Хазреті Әнастың дұғасы: «Бисмиллаһилләзи лә йадурру мә асмиһи шәй-ун фил арди уә лә фиссәма’ уә хуссәми’ул алим.» Бұл дұғаны таңертең және кешке үш рет, Бисмиллаһпен бастап оқу керек. Осы дұғаны оқыған адам көптеген пәлекеттерден өзін қорғаған болады.
98 – Түшкірген кезіңде «Әлхамдулиллаһ» деп айт! Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай дейді: «Кімде-кім түшкірген кезінде “Әлхамдулиллаһ” десе, Аллаһу та’ала ол кісіні жетпіс түрлі бәле-жаладан қорғайды. Кімде-кім төрт кәлиманы таңертің жүз рет және кешке жүз рет оқыса, Аллаһу та’аланың құзырында ол адамнан да сүйіктірек құл бола алмайды.» Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұл төрт кәлиманың мынадай екенін білдірген: «Субханаллаһи уәлхамду лиллаһи уә ла илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар.» Хамд – бүкіл ниғметтерді жарататын және жіберетін Аллаһу та’алаға екендігіне сену және айту.
Өте үлкен қасиеттер мен дәрежелерге жеткізетін және Аллаһу та’аланың құзырында өте құнды болған тағы бір тәсбих: «Субханаллаһи уә би хамдиһи субханаллаһил азыйм.» Мұны күніне жүз рет оқу керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024