Сұрақ: Жындарға иллюзия (елес) дейтіндер бар, олардың айтқаны дұрыс па?
Жауап: Кейбір адамдардың жындарды елес (иллюзия, қиял) деп санап, оларды жоққа шығаруы қате. Қорыққан кездегі көз алдында пайда болған елестер әрине жоқ. Бірақ бұл елестерді жын деп санау – жыннан хабары жоқ болу деген сөз. Бір нәрсеге жоқ деп айта алу үшін ол нәрсені тану керек. Танымай тұрып жоқ деу жас баланың сөзі болады. Осындай адамдарға білімді деп айту орынсыз болады. Бүкіл пайғамбарлар хабар берген және әсіресе біздің пайғамбарымыз әр түрлі уақыттарда хабар берген мәліметке ақылға, тәжірибеге сүйенбестен, болжамдау жолымен «Жоқ» деп аузына келгенін айту білімді адамға жарасатын тірлік емес.
Жындарға, періштелерге, жәннатқа, тозаққа сенбейтіндер «Кім барыпты ол жаққа, кім көріпті? Бар болғанда көрер едік. Көрмеген нәрсеге сенбеу керек» деп жатады. Көз ақылға емес, ақыл көзге бағыну керек деп санайды. Алайда ақыл сезім мүшелерінен жоғары бір қуат және сезілген нәрселердің дұрысын, қатесін ажырататын басқару мүшесі. Адамдар көзге бағынышты болғанда, адамның қадірі көздің қуатымен өлшенгенде, мысық, ит және тышқан адамдардан қадірлірек болуы қажет болар еді. Өйткені бұл жануарлар қараңғыда да көреді, ал адам көре алмайды. Олай болса, көре алмағанына сенгісі келмейтін адам, адамды жануардан да төменге түсіруде. Демек, сезім мүшелері – ақылдың құралдары. Басқарушы, бұйрық беруші – ақыл. Ақыл көрінбейтін, сезілмейтін нәрселерді жоққа шығармайды, дәл осылай жоқ екендігі анықталмаған, аңғарылмаған нәрселерге де жоқ демейді. Бұларға жоқ деп айту ақылға сай болмайды. (С.Әбәдийа)
Жындардың жаратылысы
Қалыпты ақылға ие болған адам әлемдегі ғажайып тәртіпті зерттеп қараса, мұның өздігінен болмайтындығын түсінеді. «Жер өздігінен ғажайып тәртіппен қалайша ғасырлар бойы айнала алады? Әлбетте айналдырып тұратын бір жаратушы бар» дейді. Ал жаратушыға сенген адам Оның білдіргендеріне сенеді. Өйткені жындарды, шайтандарды жоққа шығару – Аллаһу та'аланы жоққа шығару деген сөз. Осы себептен ақылды, ғылымды көзге бағынышты қылмау керек, керісінше көзді ақылға бағынышты қылу керек! Ақыл да жалғыз өзі ақиқатты таба алмайды.
Ақыл көз сияқты, ал Ислам діні сәуле сияқты. Яғни ақылдың дұрыс шешім қабылдауы үшін Ислам дінінің сәулесіне қажеттілігі бар. Ислам дінінің сәулесі де бұлардың бар екенін білдіруде. Барлық нәрсені жоқтан жаратқан Аллаһу та'ала: «Адам мен жындарды тек мені тануы, ғибадат етуі үшін жараттым» дейді. (Зарият 56)
Нур-ул-ислам кітабында былай делінеді:
Жындардың алғашқы әкесі – Жан. Құран кәрімде былай делінген:
«Жанды да ертерек улы, түтінсіз оттан жараттық.» (Хижр 27)
Шайтандар – Ібілістің ұрпақтары. Ал Ібіліс – жын тайпасынан. Құран кәрімде: «Ібіліс жындардан болған» делінеді. (Кәһф 50)
Жын сүресінің алғашқы аятында жындардан иман келтіргендерінің де бар екендігі білдірілуде.
Нас сүресінде жындардан адамдарға зиян тигізетіндердің бар екендігі, зиянынан Аллаһқа сиыну керектігі білдірілуде. Осы тұрғыдан жындарды жоққа шығарып, олардың адамдарға зиян тигізетінін де жоққа шығарған адам кәпір болады. Сүлейман алейһиссаламның жындардан да қатардағы әскерлері бар болғаны Құран кәрімде білдірілген. (Нәмл 17)
Тозақ жын және адамдармен толтырылады. (Сәжде 13)
Жындардың мұсылманы және кәпір болғандары бар.
Құран кәрімде жынға қатысты тағы көптеген аяти карималар бар. Хадис шәрифте жындардан қорғану үшін дұғалар білдірілген. Көзбен көрмегенін жоққа шығару ақылға да, ғылымға да қайшы.
Жындарды жоққа шығару – Аллаһу та'аланы жоққа шығару болып табылады. Сондықтан ақылды, ғылымды көзге бағынышты қылмау керек! Керісінше көзді ақылға бағынышты қылу керек! Ақыл да жалғыз өзі хақты таба алмайды. Ақыл көз сияқты, ал Ислам діні сәуле сияқты. Яғни ақылдың дұрыс шешім қабылдауы үшін Ислам дінінің сәулесіне қажеттілігі бар.
Жын мен шайтан
Сұрақ: Шайтан жалғыз ба, әлде көп пе? Шайтандар жындар сияқты көбейеді ме? Жын да адамды азғырады ма? Жын мен шайтанның арасындағы айырмашылық қандай?
Жауап: Ібіліс – жын тайпасынан. Шайтан – адастырушы, дұрыс жолдан айырушы деген сөз. Осы себептен Ібілістің балаларына шайтан делінеді. Құран кәрімде шайтандардың көп екендігі білдірілген. Мысалы «Ысырап етушілер – шайтандардың бауырлары» делінген. (Исра 27)
Шайтан мен жын арасында аздаған айырмашылық бар. Шайтандар да жын сияқты от пен ауадан жаратылған. Алғашқы адам топырақтан жаратылған болса да, топырақ емес, ет-сүйектен құралған. Жын да от пен ауадан жаратылған болса да, от пен ауа емес. Жын мен шайтандар ең кішкентай жерлерден өтеді, адамның ішіне кіреді. Шайтанның уәсуәсасынан құтылу үшін дінге мойынсұну керек. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Ібіліс шайтандарға айтады: "Ет, әйел және ішкілікпен адамдарды алдауға тырысыңдар! Бұлардан әсерлі болатын басқа ештеңе жоқ."» (Дәйләми)
Артық ет жеудің зиянды екені осы хадис шәрифтен де аңғарылуда.
Жынға үйлену Шафии мазһабында жаиз, Ханафиде жаиз емес. Жынның көбеюі газ (ауа) арқылы жүзеге асады. Сондықтан жынға үйлену шынайы үйлену емес. Жыннан, жынмен айналысатындардан ұзақ жүру керек.
Әр адамның жанында ең аз дегенде бір кәпір жын, бір шайтан болады. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Әр мұсылманға жүз алпыс періште уәкіл. Егер адам бір сәтке болса да жалғыз қалдырылғанда, шайтандар оған шабуылдайтын еді.» (Табарани)
Шайтан мен періште
Сұрақ: Шайтан періште болған ба?
Жауап: Ібіліс періштелерге ұстаз болған, бірақ өзі періште емес, жын тайпасынан болғаны діни кітаптарда жазылған.
Жынмен көрісу және жын шығарушыларға бару
Сұрақ: Жындармен және жын шығарушы емшілермен көрісіп, олардан пайдалы мағлұматтар үйренуіме болады ма?
Жауап: Жоқ. Жын шығарушы емшілерге де бармау керек. Мухиддин Араби хазреттері былай деген:
«Ешбір адам жыннан Аллаһу та'алаға қатысты мағлұмат ала алмаған. Өйткені жындардың діни білімдері өте таяз. Олардан дүниелікке қатысты мағлұмат аламын деп ойлайтын адамдар алданады. Өйткені пайдасыз нәрсемен уақыт өткізуге себеп болады. Олармен танысқандар тәкәппар болады. Алайда Аллаһу та'ала тәкәппар адамды жақсы көрмейді.» (Футухат)
Сәйид Абдулхаким Аруаси хазреттері де былай деген:
«Адамның жынмен танысуы, дос болуы зиянды. Олармен сөйлесу – пасықпен (күнәхармен, жаман адамдармен) достық құру сияқты болады. Олармен танысқандар ешқандай пайда көрмейді. Жынмен танысуға қызықпау керек, әулиелердің рухтарынан пайдалануға тырысу керек. (Кәшкул рисаласы)
Әулиелерді тану, оларды жақсы көру және олардың да жақсы көруі үлкен ниғмет.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024