ТӘУҺИД БӨЛІМІ

[Осман империясының ғалымдарының бірі Қазы-зада Ахмед бин Мухаммед Әмин мырза “рахимә-һуллаһу та’ала” иманның алты шартын баяндайтын «Әмәнту биллаһи...»-ді түрік тілінде жазған, осылайша екі жүз елу беттік бір кітап пайда болған. Бұл кітапты «Фәраид-ул-фәуәид» деп атады. Үлкен әулие, ғалым – Сәйид Абдулхаким мырза “рахимә-һуллаһу та’ала” осы кітаптың және басқа еңбегі болған «Биргиуи өсиетнамасының шәрһі» атты кітаптың өте құнды екендіктерін айтып, жастарға оқуға кеңес беретін еді. Қазы-зада Ахмед мырза 1197 [м.1783] жылы Стамбұлда қайтыс болды. Осы кітабында былай деген: Аллаһу та’аланың алты «Заттық сипаты» бар. Бұларды «Вужуд сипаттары»және «Улухийат сипаттары» деп те атайды. Бұл сипаттар: Вужуд (бар болуы), Қидәм (бар болуының әуелінің, бастауының болмауы), Бәқа (бар болуының ақырының, соңының болмауы), Уахданият (ұқсасының және серігінің болмауы), Қиям бинафсиһи (мекенге мұқтаж болмауы. Материя, мекен жоқ кезде де Ол бар еді.), Мухаләфатун лилхауадис(жаратылыстарға, еш нәрсеге ұқсамауы). Аллаһу та’аланың сегіз «Субути сипаттары» бар. Бұларды «Хақиқи сипаттары» деп те атайды. Бұл сипаттар: Хаят (тірі болуы), Ілім (білуші болуы), Сәм (естуші болуы),Басар (көруші болуы), Құдірет (күшті болуы), Ирадет (қалаушы болуы),Кәлам (сөйлеуші болуы), Тәкуин (жаратушы болуы). Илаһи әдеті мынадай – барлық нәрсені бір себеппен жаратады. Бірақ, себептердің, құралдардың Оның жаратуына еш әсері жоқ. Ол құралсыз жарату иесі. Одан басқа жаратушы жоқ. Бүкіл болмысты жоқтан бар қылды. Адамдар мен жануарлардың әрекеттерін, әрекетсіздіктерін, ойларын, ауруларын, шипаларын, жақсылығын, жамандығын, пайдаларын, зияндарын жарататын – жалғыз Ол. Адам өз әрекеттерін, ойларын, ештеңені жарата алмайды. Адамның ойларының, әрекеттерінің, жаңалық ойлап табуының, өнертабыстарының бәрін тек Ол жаратуда. Одан өзгені жаратушы деп атау надандық, үлкен қателік. Аллаһу та’аланың субути сипаттары да заттық сипаттары сияқты қадим (бастауы жоқ). Бұл сипаттары да затынан айрылмайды. Яғни сипаттары затының өзі де емес, өзгесі де емес.]

Тәуһид дегеніміз – «Лә илаһа иллаллаһ Мухаммадун расулуллаһ»деген сөз. Мағынасы: «Аллаһу та’ала бір, серігі, ұқсасы жоқ және Мұхаммед алейһиссалам – Оның сүйікті құлы және хақ пайғамбары.»Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген: «Бір адам кәлима-и тәуһидті айтса, Аллаһу та’ала мен сол кәлиманың арасынан перделер алынып, кәлима тікелей Аллаһу та’алаға жетеді. Аллаһу та’ала: - Ей, кәлима, тоқта! – дейді. Сонда кәлима: - Мені айтқан құлды кешірмегеніңше тоқтай алмаймын. – дейді. Сол кезде Хақ та’ала былай дейді: Ұлылығымның, жәлалымның, құдіретімнің, кәмілдігімнің хаққы үшін мені зікір еткен құлымды кешірдім.»

87 – Бұл кәлима-и тәуһидті айтқан құлды қиямет күні періштелер зиярат етеді. Аллаһу та’ала Мұса алейһиссаламға: «Ей, Мұса! Қиямет күнінде сені періштелер зиярат етуін қаласаң, кәлима-и тәуһидті көп айт» деп бұйырды. Бұл кәлима-и тәуһидті тіліңмен сөйлеп, жүрегіңмен күмәнданба! Әйтпесе мәңгілікке тозақта қаласың.

Мұса алейһиссалам: «Йа, Раббым! Бір құлың тілімен кәлима-и тәуһидті айтып, жүрегімен күмәнданса, сен оған қандай жаза бересін?» - деп сұрады. Аллаһу та’ала былай деді: «Ей, Мұса! Мен оны мәңгілікке тозақтық қыламын. Ол адамға пайғамбарлардан да, әулиелерден де, шәһидтерден де, періштелерден де ешкім шапағат етпейді.»

88 – Бұл кәлима-и тәуһидті көп зікір ет! Өйткені Мұса алейһиссалам Аллаһу та’аладан сұрады: «Йа, Раббым! Бір құлың кәлима-и тәуһидті айтса, сен ол құлыңа қандай сауап бересің?» Сонда Аллаһу та’ала жауап ретінде: «Мен ол құлымнан разы болып, жәннат және жамалыммен оны бақытты қыламын» деді.

Міне осы кәлима-и тәуһидті айтқан адамға Хақ та’ала беретін қадір мен сый-сияпатты Аллаһу та’аладан басқа ешкім білмейді. Кәлима-и тәуһид айтылғанда Арш дірілдейді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Хақ та’ала бір тірек жаратты. Кәлима-и тәуһидтен осы тірек те дірілдейді және Аршты дірілдетеді. Арш дірілдеген кезде Хақ та’ала Аршқа «Тыныштал» деген әмір береді және Арштың тынышталуымен кәлима-и тәуһидті айтқан адам Аллаһу та’аланың кешіріміне қауышады.»

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Кімде-кім шын көңілмен, ықыласпен бір рет кәлима-и тәуһидті айтса, Хақ та’ала ол кісіге жәннатта төрт мың дәреже нәсіп етеді және төрт мың күнәсін кешіреді.» Асхаби кирам (алейһимурридуан): «Йа, Расулаллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм)! Ол кісінің төрт мың күнәсі болмаса ше?» - деп сұрады. Сонда Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай жауап берді: «Жұбайының, бала-шағасының және туған-туысқандарының  күнәлары кешіріледі.»

89 – Кәлима-и тәуһидті тіліңмен көп айт! Сауабы барлық күнәлардан ауыр болады. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді:«Махшар күнінде бір кісі келеді, оның тоқсан тоғыз дәптері бар болып, әрбір дәптердің беті көз жететіндей кең болады. Ешбірінде жақсылығы болмайды, тек бір бармақтай ғана мөлшерде ол кісі дүниеде айтқан бір кәлима-и тәуһид болады. Әлгі тоқсан тоғыз дәптерді таразының бір жағына, ал бір кәлима-и тәуһидті екінші жағына қояды. Кәлима-и тәуһид ауыр басады.»

90 – Кәлима-и тәуһидтің сауабы өте көп.

Анықтама: Имам Раббани Мужәддиди әлфи сани Ахмед Фаруқи Сәрхәнди (қуддиса сиррух) хазреттері [хижри 971-1034 жылдар аралығында өмір сүрген, қабірі Үндістанда] «Мәктубат» кітабының екінші томы, 37-ші хатында кәлима-и тәуһидтің құндылығын ұзақ баяндаған. Бұл хаттың парсы тілінен түрікшеге аудармасы «Сәадәти Әбәдийа» илмихал кітабында бар.