Сұрақ: Кездесіп жүрген адамдарымыздың кейбір жақсы, кейбірі жаман адамдар. Бәрімен жақсы араласа алу үшін не істеу керек?
Жауап: Адамдармен жақсы қарым-қатынаста бола алудың екі шарты бар:
1) Жақсы адам болу,
2) Адамдарды жақсы тану.
Бұл екі шартқа ие болған адам бәрімен жақсы араласады. Жақсы адам болу үшін дініміздің әмірлері мен тыйымдарына қатты мән беру жеткілікті. Ал адамдарды жақсы тану үшін мыналарды білу керек:
Адамдар үш топқа бөлінеді: Бірінші топтағылар – азық сияқты, әрдайым қажет болады. Екінші топтағылар – дәрі сияқты, кейде ғана қажет болады. Үшінші топтағылар – ауру сияқты, ешкім оларды қаламайды, бірақ амалсыздан оларға ісі түсіп тұрады. Оларға дос сияқты көрініп, жақсы қарым-қатынас жасау керек.
Өзіне немесе басқаларға зияны тиер деген қауіппен жақсылықты бұйыру және харамға тыйым салу мүмкін болмаса, мұндай жағдайларда фитнаға (бүлікке) жол бермеу үшін үндемей қоя салуға "мүдара" делінеді. Мүдара – дінді немесе дүниені зияннан құтқару үшін дүниелік пайданы беру деген сөз. Көңілмен жақтырмай, харамға тыйым салуды қалаған болса да мүдара жасау жаиз болады. Тіпті садақа сауабы пайда болады. Бірақ ақылды адам жақсы қарым-қатынас жасайды. Хадис шәрифте былай делінген:
«Жақсы қарым-қатынас жасау – ақылдың басы.» (Бәйһақи)
«Жақсы қарым-қатынас жасау – ақылдың жартысы.» (Дәйләми)
Мүдара жасағанда жылы сөзбен айту және күлімдеп сөйлеу керек. Бәрімен мүдара жасап сұхбаттасу керек. Яғни үнемі жылы сөз айту және күлімдеп жүру керек. Жақсы-жаман бәрімен кездескенде осындай болу керек. Бірақ жамандарға және адасушыларға мүдахана жасамау керек, олардың адасқан жолынан разы екен деген ой бермеу керек. (Хиндийа)
(Мүдара – Ислам дінінің сыртына шықпай көңілін аулау деген сөз. Мүдахана – біреудің көңілін аулағанда Ислам дінінің сыртына шығып, күнәға кіру деген сөз.)
«Жақсы қарым-қатынас жасау – ақылдың басы» хадис шәриф тек ақылды адамның ғана басқалармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығын білдіруде. (Бәйһақи)
Ибрахим Хаққы хазреттері былай деген:
Аллаһу та'ала адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуымызды бұйырып, хадис құдсиде: «Жамандық жасағанға жақсылық жасаған, келмегенге өзі барған, алшақтағанға жақындаған, тағам ұсынбағанға тамақ берген адам – ең үстем болған адам. Кешіріңдер, айыптарды жабыңдар, мейірімділік жасаңдар, сонда мейірімге қауышасыңдар! Адамдардың алдында жақсы мінезді болған пендені жақсы көремін және адамдарға да оны жақсы көргіземін» – деді.
Әһли хикмет ғұламалар былай деді:
Жомарттық – адамның әшекейі. Кешірім – ең үлкен сый. Ізгі адам азға шүкір етеді, қадірсіз адам көпті де ұнатпайды. Ізгі адам сөзінде тұрады, сөзінде тұрмағандарды кешіреді. Адамдар келтірген қорлықтарға, қиыншылықтарға шыдайды, бірақ ешкім оған ренжімейді. Өзіңе айтылғанда разы болмайтын сөзді басқаларға айтпа! Өзгелердің сенімен қалай сөйлесуін қаласаң, сен де олармен солай сөйлес! Кешірім сұраған адамның кешірімін қабылда! Сені ренжіткендерді кешір, оған да жақсы мәміле таныт! Берген сөзіңде тұр, жасаған жақсылығыңды жасыр, міндетсінбе! Өзгеге шұңқыр қазған адам бұған өзі түседі. Халыққа сый-сияпат көрсеткен адам Хақтан сый-сияпат көреді. Саған сөз тасыған адам сенен де сөз жеткізеді. (М.Нама)
Досқа, дұшпанға, жақсы-жаман әркімге жылы сөз және күлімдеген жүз таныту керек, фитна шығармау керек, дұшпандарды арттырмау керек. Адамдарға жасалатын ең пайдалы сый-сияпат, ең құнды сыйлық – жылы сөз бен күлімдеген жүз. Сиырға табынатындарды көргенде сиырға шөп беріп, дұшпандықтарына бөгет болу керек! Хафыз Ширазидің «Достарға дұрыстықты айту керек, дұшпандарды күлімдеген жүзбен және жылы сөзбен басқару керек» сөзін пайдалану керек, кешірім сұрағандарды кешіру керек! Бәрінің алдында жақсы мінезді болу керек, жұмсақ сөйлеп, дөрекі сөйлемеу керек! Ешкіммен сөз тартыспау керек! Сөз тартысу – достықты азайтады, дұшпандықты арттырады.
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Өзінікі дұрыс болса да сөз тартысуды тоқтатқан адамға жәннатта бір зәулім сарай беріледі.» (Табарани)
«Өзінікі дұрыс болса да сөз тартысуды доғармаған адам шынайы иманға қауыша алмайды.» (И.Әбиддунийа)
Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы
Сұрақ: Мұғалімнің оқушымен ара-қатынасы қандай болу керек?
Жауап:
1) Оқушыға өзін жақсы көргізу керек.
2) Оны сынамау керек, әсіресе басқалардың жанында айыптап, масқараламау керек.
3) Айтылу керек болған ескертуді айтып, айыптарына көз жұмбау керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024