Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Көп ақша табу ризықты арттырмағанындай, көп ақшадан айрылу да ризықты азайтпайды. Сәби әлі анасының құрсағында жатқан кезінде-ақ Жәбірейіл алейһиссалам оған:
«Сен еш уайымдама! Аллаһу та'ала сен ішіп-жейтін ризықтарыңның бәрінің үстіне сенің есіміңді жазды. Ризық – ежелден тағдырда бекітілген. Сенің қай кезде, қай жерде өлетінің белгіленген. Ол бір сәтке де не ілгері, не кері жылжымайды.» – дейді.
Адам ризығын іздемесе де, ризығы оны іздейді. Әр адам тек өз есімі жазылған ризыққа ғана қауыша алады.
Бір адам ауырып қалады да, «Оразамды бұзсам, кафарат қажет болып қалар» деген оймен оразаны бұзарда ықтиятпен алдымен шикі күріш жұтады. Осы кезде күріш тамағына тұрып қалады. Жөтеледі, айқайлайды, сонда да шықпайды. Дәрігерлер: «Мұны алу үшін отамен тыныс алу жолын кесу керек, ал біздің мұндай ота жасауға мүмкіндігіміз жетпейді, біз істей алмаймыз. Сен бір әулие кісіге бар, ол саған дем салып, дұға оқысын, бәлкім дертіңнен осы жолмен құтылуың мүмкін» дейді.
Бұл адам бір әулие кісіге барады, әулие оған: «Балам, мұны мен істей алмаймын. Бағдатта, пәлен мекен-жайда бір әулие кісі бар, сен тікелей сол кісіге бар» деп жібереді. Алайда Бағдат өте алыс жер. Бірақ өмірін сақтау мәселесі болғандықтан, амал жоқтан Бағдатқа аттанады. Бағдатқа жетіп, әлгі әулие кісіні табады, барлық жағдайды оған айтып береді. Әулие кісі оған: «Балам, бұл жерде емдеу мүмкін емес, бұл күріш дәнін шығара алатын кісі Бұхарада тұрады» дейді. Дертті адам өте қатты қайғырады, бірақ басқа шара жоқ, жаны тәтті, жолға шығады. Бұхараға келеді, медресені табады. Ішіне кірсе, әлгі әулие кісі уағыз жүргізіп жатыр екен, адамның көптігі соншалық, инені тастаса жерге түспейтіндей. Есіктің табалдырығына отырады. Енді отырған кезінде түшкіріп жібереді, сол кезде тұрып қалған күріш данасы шығып кетеді. Сол маңдағы бір мысық жүгіріп келіп, күрішті алып қашады. Сонша жер жүріп келді, сонша уақыт өтті, сонша қиыншылықты бастан кешті. Таң қалып, «Мұның хикметі не екен» деп ойланады. Әулие кісінің алдына келеді де, мұның хикметін сұрайды. Әулие кісі оған: «Аллаһу та'ала бұл күріштің үстіне мысықтың есімін жазды, мен не істей аламын? Бұл күріш данасын мына мысық жесін деп сені Стамбұлдан осы жерге алып келді» деп жауап береді.
Міндетті түрде сенуіміз керек болған жайт – ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын бітірместен өлмейді. Ал онда неліктен жұмыс істеп, ақша тауып жүрміз? Әһли сүннет ғалымдары «Көп сауап алу үшін көп ақша табу керек» деген. Яғни көп ғибадат жасау, көп кітап тарату, көптеген жақсылық пен қайырымдылық жасау үшін көп ақша қажет. Міне осындай ниетпен халалдан көп ақша табу үшін көп жұмыс істеу керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024