Сұрақ: Көп ұйықтау зиянды ма?
Жауап: Иә, ауру жоқ болса, көп ұйықтау зиянды.
Аз ұйықтау ниғметі
Сұрақ: Көп ұйықтаудың зиянды, ал аз ұйықтаудың пайдалы екенін айтып жатады. Осы жайында мәлімет бересіз бе?
Жауап: Көптеген еңбектер жазып қалдырған ғалымдардың өміріне қарасақ, аз ұйықтап, көп еңбектенгені аңғарылады. Тек қажеттілік мөлшерде ғана ұйықтау керек! Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Аллаһ сүйіспеншілігінің белгілерінің бірі – аз ұйықтау. Түнде өте аз, күндіз көп ұйықтау ауруға себеп болады. Аз тамақтану денеге, аз ұйықтау рухқа рахаттық береді. Көп ұйықтау зиянды. Көп ішіп-жейтін адам өзі қаламаса да көп ұйықтайды. Аз ішіп-жеу және аз ұйықтау керек. Көп тамақ жеген адам көп су ішеді. Ал көп су ішкен адам көп ұйықтайды. Көп ұйықтаған адамның өмірі ұйқымен өткендіктен, бұл оның дүниелік және ахиреттік табыстарына бөгет болады. Бір хадис шәрифте: «Амалдардың қайырлысы – уасат (орта шамада) болғаны. Дін – ифрат және тәфриттің ортасында» делінген. (Бәйһақи)
(Уасат – орта жол. Ифрат – қалыпты жағдайдан артық, тәфрит – қалыпты жағдайдан аз деген сөз. Мысалы, көп ұйықтау – ифрат, аз ұйықтау – тәфрит. Көп ішіп-жеу – ифрат, өте аз жеу – тәфрит).
Ұйқыға берілген адам мақсатына жете алмайды, түнде таралатын ниғметті көре алмайды. Хақ та'ала әр түні «Дұға ететіндер жоқ па, дұғасын қабыл етейін» дейді. (Бұхари)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Тозақтан қашып, жәннатты қалайтындардың көзіне ұйқы келмейді». (И.Мәндә)
«Үмбетім үшін ең қатты қорқатыным – қарынның үлкендігі, ұйқыға берілу, жалқаулық және иманның әлсіздігі». (Дәйләми)
«Ең үстем амал – бәрі ұйқыда жатқанда түнгі намазды оқу». (Ж.Жолы)
«Тамақтан кейін ұйықтау жүректі қатайтады». (Ибн Мажа)
«Көп ұйықтау адамды ахиретте кедей қылады». (Бәйһақи)
«Аллаһу та'ала көп ұйықтайтын адамды жақсы көрмейді». (И.Ғазали)
«Таңғы ұйқы әлсіздік, жалқаулық, босаңдық және ұмытшақтыққа себеп болады». (И.Мәуарди)
«Таң намазынан кейін күн шыққанға дейін ұйықтамаңдар!». (Бәйһақи)
«Таңғы уақытта ұйықтайтын адам арқа және бел ауруларына шалдығады». (И.Шарани)
«Сәске ұйқысы орынсыз, ал қайлулә (түскі ұйқы) пайдалы. Ақшам уақытында ұйықтау – ақымақтық». (И.Мәуарди)
«Көп ішіп-жейтін және көп ұйықтайтын адамды Аллаһу та'ала жек көреді». (И.Ғазали)
«Анасы хазреті Сүлейманға «Көп ұйықтама, көп ұйқы қияметте адамды кедей қылады» деді». (Ибн Мажа)
«Таңғы ұйқы ризыққа бөгет болады». (Бәйһақи)
Хазреті Фатима анамыз айтып берген: Бамдат намазынан соң жаттым. Әкем мені оятып: «Қызым, тұр, ғапылдарға ұқсама! Аллаһу та'ала ризықтарды таң намазының уақытында таратады» деді. (Бәйһақи)
Аллаһу та'ала: «Мені жақсы көретіндігін айтып, таңға дейін ұйықтайтын адам өтірікші. Өйткені дос доспен сұхбаттасады. Ғафлетті тастап, мені іздейді, сұхбатыма қауышады» деді. (М.Нама)
Таңертең оянғанда
Ерте жатып, ерте тұруға тырысу керек! Үзірсіз таңғы уақытта ұйықтау дұрыс емес. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Күннің басында ұйықтау ақылды азайтады, ортасында ұйықтау (қайлулә жасау) пайғамбарлардың және әулиелердің әдетінен. Күннің соңында ұйықтау – жалқаулық». (Ширъа)
«Мына төрт жайтқа мән берген адамның өзі және жанұясы, бала-шағасы мұқтаж жағдайға түспейді:
1) Таңнан бұрын оянып намаз оқу,
2) Уақыт кірмей тұрып дәрет алу,
3) Азан айтылудан бұрын мешітке бару,
4) Үтір намазынан кейін сөйлемеу».
Әр күні таңертең оянған кезде мыналарды істеу керек:
1) Ояна салып Аллаһу та'аланы еске алу керек!
2) Өз жағдайына лайықты түрде киіну керек!
3) Дәрет алу керек! Үнемі дәретті болып жүруге тырысқан жөн!
4) Намазды уақытылы және кемшіліксіз оқу керек!
5) Ризықты Аллаһу та'ала беретіндігіне сеніп, халалдан сұрау керек!
6) Аллаһу та'аланың жазғанына разы болып, бергендеріне қанағат ету керек!
7) Аллаһу та'алаға толығымен тәуекел ету керек!
8) Аллаһу та'аланың тағдырына разы болып, сабыр ету керек!
9) Ол берген барлық ниғметтерге шүкір ету керек! Ең үлкен ниғмет – мұсылман болу.
10) Табысты халалдан тауып, азықты халалдан жеу керек! (Т.Ғафилин)
Ұйықтау мәкрух болған уақыттар
Сұрақ: Бір хадис шәрифте: «Таңғы ұйқы ризыққа бөгет» делінеді. Таңертең қай уақытта ұйықтауға болмайды? Ұйықтауға болмайтын тағы қандай уақыттар бар?
Жауап: Күн шыққаннан бастап 50 минутқа дейін, яғни ишрақ (сәске) уақытына дейінгі уақытта ұйықтау мәкрух. Бірнеше хадис шәрифтердің мағынасы мынадай:
«Таң намазынан кейін күн шыққанға дейін ұйықтамаңдар!». (Бәйһақи)
«Таңғы уақыттарда ұйықтаған адам арқа және бел ауруларына шалдығады». (И.Шарани)
«Таңғы ұйқы жалқаулық пен ұмытшақтыққа себеп болады». И.Мәуарди)
Хазреті Фатима анамыз айтып берген: Бамдат намазынан соң жаттым. Әкем мені оятып: «Қызым, тұр, ғапылдарға ұқсама! Аллаһу та'ала ризықтардың таң намазының уақытында таратады» деді. (Бәйһақи)
(Ризықтардың таралуы таң намазынан кейін болады. Ал рухани ризықтардың таралуы екінді намазынан кейін. Осы екі уақытта ұйықтамауға мән беру керек).
«Қайлулә (түскі уақытта ұйықтау) пайдалы. Ақшам уақытында ұйықтау – ақымақтық». (И.Мәуарди)
Расулуллаһ алейһиссалам құптан намазынан бұрын ұйықтауды жөн көрмейтін еді.
Құптаннан бұрын ұйықтау және құптанды оқығаннан кейін (қажетсіз) сөйлеу мәкрух. Құптаннан кейін сөйлесу тек пайдасыз сөйлеуге себеп болатындықтан мәкрух болып табылады. Маңызды болып, қажеттілікке қарай сөйлеу мәкрух болмайды. Құран оқу, зікір ету, әулиелердің хикаяларын айтып беру, фиқһ оқу және қонақтармен сөйлесу мәкрух болмайды. (Рәддул мухтар)
Күндіз ұйықтау
Сұрақ: Бесіннен бұрын және бесіннен кейін күніне екі рет ұйықтаудың зияны бар ма?
Жауап: Бір қажеттілік болмағанша күндіз екі рет ұйықтау мәкрух болады. Түнде ғибадат жасап ұйқысыз қалған болмаса, күндіз ұйықтамау керек. (Ихия)
Түнде жұмыс істейтін адамның және науқастың ұйықтауына болады. Яғни үзірлі себеппен ұйықтауға болады. Себепсіз күніне екі рет ұйықтау және өмірді ұйқымен өткізу дұрыс емес.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024