Сұрақ: Бір танысым «www.islamdini.kz сайтына сұрақ қойғанда өте дөрекі жауаптар беріледі. Екінші сұрақ қоюға батылдық жетпейді. Әсіресе әйелдерге берілген дөрекі жауаптар оларды қатты ренжітеді екен» деді. Дініміз жұмсақ түрде жауап беруді бұйырмайды ма?
Жауап: Әрине жұмсақ түрде жауап беру керек, бірақ тек өзінікін ғана дұрыс санап, қарсыдағы адамды айыптамау керек. Қабірде сұралмайтын қажетсіз сұрақтар қоятындар бар болуымен қатар, сынау үшін, тексеру мақсатымен сұрақ қоятындар да болады. Берілген жауаптарға қарсы шығатындар да болады. Біз оларға «Бізге сенбесеңіз, мүлдем сұрамаңыз, сенетін болсаңыз, онда қарсы шықпаңыз» дейміз. Осылай айтқанда қарсыдағы адам ренжиді, «Сенбесем сұрайтын ба едім?» дейді. «Сенсеңіз, онда неге қарсы шығасыз» дейміз, ал бұл нәрсе сөз тартысуға, ренжісуге себеп болады. Осындай жағдайға жол бермеу керек. Сұрақ қойған кезде де қарсылыққа себеп болатын түрде дөрекі және әдепсіз сөздерден ұзақ болу керек.
Аллаһу та'ала жұмсақ болуды бұйырған. Бір аяти кариманың мағынасы:
«Жамандықтың ең жақсы түрде алдын ал! (Ашудың сабырмен, надандықтың жұмсақтықпен, жамандықтың кешіріммен алдын ал), сонда дұшпан саған жақын досың сияқты болады.» (Фуссиләт 34)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Аллаһу та'ала жұмсақ болған адамға бергенін, дөрекі адамға бермейді.» (Мүслим)
«Мұсылман дөрекі болмайды. Жұмсақ болуының себебімен оны ақымақ деп ойлайды.» (Дәйләми)
«Жұмсақ мәміле танытпаған адам қайыр жасамаған болады.» (Мүслим)
«Дөрекіліктен, жаман нәрседен сақ болыңдар! Жұмсақтық адамды безендіреді, жамандықты кетіреді.» (Мүслим)
«Байсалды, жұмсақ мәміледе болу – Аллаһтың пендесіне берген үлкен сыйы.» (Әбу Йаъла)
«Хақ та'ала жұмсақ мінезді адамға жәрдем береді, дөрекі және ашулы адамға жәрдем бермейді.» (Табарани)
«Ашуланғанда ашуын жеңіп, жұмсақтық танытқан адамды Аллаһу та'ала жақсы көреді.» (Исфәхани)
«Мұсылман жұмсақ болады, үйретілген түйе сияқты мойнын иеді, бұйырылған жерге барып шөгеді.» (Бәйһақи)
«Құрметсіздік жасаған адамға жұмсақтық танытқан кісі жәннатта үлкен дәрежелерге қауышады.» (Табарани)
«Тәкәппарлықсыз, жұмсақ мінезді, жанашыр және дөрекі болмағандарға тозақ харам.» (Бәйһақи)
«Жұмсақ мінезге екі қолыңмен жармас! Дөрекіліктен ұзақ бол!» (Бұхари)
«Ашуланған адам, қалағанын істеуге шамасы жетіп тұрса да, жұмсақтық танытса, Аллаһу та'ала оның жүрегін саламаттық және иманмен толтырады.» (Ибн Әбид-дүнийа)
«Ілім үйренуге келгендерді "Расулуллаһ бұйырған ілімді үйренуге қош келдіңіз" деп жақсы қарсы алыңдар! Сұрақтарына жауап беріп, проблемаларын жақсылап шешіп беруге тырысыңдар!» (Ибн Мажа)
Расулуллаһ алейһиссалам нассихат сұраған адамға «Ашуланба» деді. Ол адам бірнеше рет насихат сұрағанда да, қайтадан «Ашуланба» деп жауап берді. (Бұхари)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024