Ражаб және Шабан айларының құндылығы

РАЖАБ АЙЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

69 – Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Ражаб айының басында, ортасында және соңында бір күннен ораза тұтқан адамға Ражаб айын толық ұстағандай сауап беріліп, Аллаһу та’ала мейіріміне бөлейді.» Рәғаиб түні – Ражаб айының алғашқы жұма түні. Бұл түн өте қасиетті. Бірақ бұл түн Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әкесі үйленген түн емес, бұлай айту қате. «С.Әбәдийа» кітабының 355-ші бетіне қараңыз!

 

ШАБАН АЙЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

70 – Шабан айында ораза ұстаудың да сауабы көп. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Шабан айы – менің өзіме тән болған ай. Хақ та'ала Арштың періштелеріне ұлылығымен былай дейді: Ей, менің періштелерім, көрдіңдер ме, менің құлдарым сүйіктімнің айын қалай тағзым етіп, құрметтеп жатыр. Ұлылығым мен құдіретімнің хаққы үшін мен де құлдарымды кешірдім.» Басқа бір хадис шәрифте: «Кімде-кім Шабан айында үш күн ораза ұстаса, Хақ та’ала жәннатта оған бір орын әзірлейді.» делінген. Тағы бір хадис шәрифте: «Шабан айының он бесінші түнін ғибадатпен өткізгендерді Аллаһу та’ала кешіреді. Тек мүшриктерді, сиқыршыларды, ата-анасын жәбірлегендерді, бидғатшыларды, зинақорларды және шарап ішуден бастартпағандарды кешірмейді» делінген. Бұл түн «Бәрат түні» деп аталады. Бұрын тек намаз оқыған кезде ғана мас болу харам еді. Бұл хадис шәриф осы замандарда айтылған еді. Кейіннен барлық уақытта да ішу харам болған кезде «Көбі мас қылатын нәрсенің бір тамшысын ішу де харам» деп айтып, бір тамшы болса да ішкілік ішкен адамның тәубе етпегенше кешірілмейтіні аңғарылды.