Нәпістің азығы – харамдар

Сұрақ: «Нәпсіміз – Аллаһқа дұшпан, оның азығы – күнәлар» деп айтылады. Олай болса, нәпсіміз күнә істемесе, азықсыз қалған болады. Азықсыз қалған жағдайда өліп қалмайды ма?

Жауап: Нәпсіміз әлсіреп кетсе де, өліп қалмайды. Күнәлар нәпісті азықтандырады, қуаттандырады. Қуаттандырылған нәпіс Ислам дініне қарсы шабуылдайды. Нәпсіміз әр түрлі музыкаға рахаттанып, шәхуани және хайуани қалаулары қуаттанады. Рухтың азығы болған, жүректерді тазалайтын және нәпістің қалауларын жоятын ғибадаттар ұмытылып жатыр.

Нәпсіміздің қалыпты азықтарға, киімге, тұрғылықты жерге де қажеттілігі болады. Бұл нәрселерді артығымен қолдану оған жағымды келеді. Нәпістің осы қалауларына «Шәхует» делінеді. Шәхуетті ақылға бағынбай, қажетінен артық жасауы жүрекке және басқаларға зиянын тигізеді, күнә болады. Тек денесіне пайдасын тигізуге тырысып, нәпсін қуаттандырған адам хайуаннан да төмен болады.

Нәпсіміз өзіне жағымды келетін нәрселерге беріліп кеткен. Бұлардың жақсы-жаманын, пайдалы-зиянын ойламайды. Қалауларының бәрі Ислам дініне қайшы болады. Ислам діні тыйым салған нәрселерді істеу – нәпісті қуаттандырады. Одан да бетерін жасатқысы келеді. Жаман және зиянды нәрселерді жақсы қылып көрсетіп, жүректі алдайды. Жүрекке осыларды жасатқызып, ләззаттарына қол жеткізуге тырысады. Жүректің нәпіске алданып, жаман мінезді болмауы үшін дініміздің бұйрықтарына мойынсұнып, жүректі қуаттандыру керек және нәпісті әлсірету керек. Ақылды қуаттандыру – Ислам білімдерін оқып, үйрену арқылы іске асқанындай, жүректің тазаланып, қуаттануы да дінімізге мойынсұну арқылы іске асады. Күнә істейтін адамның жүрегі таза болмайды.

Дененің өмір сүруі, азықтануы бар болғанындай, рухтың да бір өмірі және азығы бар. Рухтың азығы – масиуаны, яғни Аллаһу та'аладан басқа барлық нәрсені ұмытып, Аллаһу та'аланы зікір ету. Оның разылығына қол жеткізу үшін нәпістің шәхуеттерін риязат (нәпістің қалауларын істемеу) арқылы әлсірету және рухты Оның есімін зікір ету (айту) арқылы қуаттандырудан басқа шара жоқ. Бір адамның басқа біреуге деген махаббаты сол адамды көп еске алуынан аңғарылады. Өйткені адамның сүйіктісін көп ойлауы табиғи жағдай. Басын жоғалтардай қатты ғашық болып қалған адам өзін ұмытып, әр сәтте, барлық жағдайда, әрдайым сүйіктісінің есімін айтып жүреді, оны ойынан шығармайды. Мұсылман да Аллаһу та'аланы ұмытпауға тырысуы керек.