Сұрақ: Құранның пікірі, рухы бойынша, қасиетті күндер мен түндерде туылудың, қайтыс болудың ешқандай маңызы жоқ. Өйткені туылу немесе өлу біздің қолымызда емес. Қадір түнінде туылып, қадір түнінде қайтыс болсақ, қандай айырмашылығы бар? Сыраханада өлсең де, дәретханада өлсең де, мешітте намаз оқып жатқанда өлсең де, ешқандай маңызы жоқ. Өйткені адам құрметке өз әрекетімен иеленеді. Осы көзқарасым қате ме?
Жауап: Діни тақырыптарда сіздің және біздің көзқарасымыздың қандай маңызы бар? Діни кітаптарда не жазылған болса, сол негізге алынады. Діни кітаптарда Құранның пікірі, Құранның рухы дегендей тіркестер жоқ. Бұлар Ислам дінінің хақ дін екендігіне сенбейтін, Расулуллаһтың (астағфируллаһ) өзі құрған өзіндік жүйесі екеніне сенетін мұсылман болмаған адамдардың әсерінде қалып, жазбаларында, кітаптарында Ислам көзқарасы тіркесін қолданатын бидғатшылардың ойдан шығарған пікірі. Егер Құранның мағынасы делінбекші болса, Құран кәрімді сіз бен біз жақсы түсінеміз бе, әлде пайғамбарымыз алейһисслам мен Ислам ғалымдары жақсы түсінеді ме?
Енді Расулуллаһ алейһиссалам айтқан хадис шәрифтерге қарайық:
«Жұма күні немесе түні қайтыс болған мұсылманға қабір азабы берілмейді.» (Тирмизи)
(Тирмизи – Кутуби ситта деген атпен әйгілі болған ең құнды алты хадис кітаптарының бірі. Жұма күні қайтыс болған мұсылман осы күннің құрметімен қабір азабын көрмейді. Кәпір осы күні өлетін болса, әрине жазасын тартады.)
«Жұма күні немесе түні қайтыс болған мұсылман шәһид болады, қабір азабынан құтылады.» (Әбу Нуайм – Хилйат-ул әулия, И.Суюти – Жами-ус сағир, Ибн Абидин – Рәддул мухтар)
(Көрініп тұрғанындай, бұл ғалымдар да осы хадис шәрифті білдірген. Жұма күні қайтыс болған мұсылманға қабір азабының болмауы Аллаһу та'аланың ихсаны (сыйы), бұл ниғметті қалағанына береді. Бұған ешкім қарсы шыға алмайды.)
«Жұма күні күнә істелмей өтетін болса, басқа күндер де күнәдан сақ өтеді.» (И.Ғазали)
(Бұл да Аллаһу та'аланың сыйы.)
«Төрт түннің күні де түн сияқты қасиетті. Аллаһу та'ала бұл күндерде дұға еткен адамның сұрағанын қайтармайды, оларды кешіреді және олар бұл күндерде мол ихсандарға қауышады. Бұл күндер: Қадір түні, Арапа түні, Бәрат түні, жұма түні және күндері.» (Дәйләми)
(Аллаһу та'ала пенделеріне жанашырлық танытқандықтан, кейбір түндерді қадірлі қылып, осы түндерде жасалған дұға мен тәубелерді қабыл ететіндігін білдірді. Ешкімнің «Неге Аллаһ кейбір күндерді қасиетті қылды» деп сұрауына ақысы жоқ.)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024