Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Перзентін жақсы көретін ата-ананың алғашқы мақсаты – оның отта жанудан құтылуы үшін барлық нәрсесін пида етуі болу керек. Әйтпесе оның жоғарғы оқу орнын бітіріп шығуына барлық жағдайды жасау ата-ананың жанашырлығы емес. Шынайы ата-ана перзентін оттан құтқаруды өзіне міндет деп санайтын адам.
Бір әулие кісі шәкірттерінің бірінен «Балаң не істеп жүр?» деп сұрайды. Ол баласының дипломы жайлы айта бастағанда, «Мен оның дипломын сұрамадым. Намаз оқиды ма, Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқып, дінімізді үйреніп жүр ме? Бұл кітаптардың жайылуына көмегін тигізіп жүр ме? Мен осыларды сұрадым. Әйтпесе бұл нәрселерге қатысы болмаған адаммен біздің қандай байланысымыз болады?» дейді.
Намаз оқымайтын адамды мұсылман деп санау өте қиын. Өйткені пайғамбарымыз алейһиссалам «Мұсылман мен кәпірді ажырататын – намаз» деген. Мұсылман намаз оқиды, кәпір оқымайды. Ал мұнафиқ (екі жүзді) оқып жатқандай болып көрінеді. Егер адамның өмірінде намаз бар болса, бәрі бар деген сөз. Намаз жоқ болса, басқа бәрі бар болса да маңызсыз болады. Себебі, басқа нәрселердің қадірі намазбен өлшенеді. Мысалы жұмыс істеудің ғибадатқа айналып, сауап алып келуі де намаз оқуға байланысты.
Намаз оқылмайтын жұмыс орнында, үйде күнкөріс, қайыр, береке және бақыт болады ма?
Сахабалардан бір кісі Расулуллаһ алейһиссаламнан сұрайды:
– Йа Расулаллаһ, табысым көп болса да, күнкөріс қиыншылығынан арыла алмай жүрмін.
– Үйіңде намаз оқымайтын адам бар ма?
– Жоқ, намаз оқымайтын адам жоқ.
– Көршілеріңде немесе аудандарыңда намаз оқымайтын адам бар ма?
– Жоқ, Йа Расулаллаһ!
– Сұрастырып көр, намаз оқымайтын адам өтпеді ме көшелеріңнен?
– Сұрастырдық, ондай адам өтпеген екен.
– Бұл берекесіздік намаз оқымаудың салдарынан пайда болған. Жақсылап ойлан!
– Йа Расулаллаһ, намаз оқымайтын бір адамның мәйіті өткен болатын, табыты біздің үйдің қабырғасын жырып өтті. Осыдан болуы мүмкін бе?
– Иә, үйдегі берекесіздік міне осыдан. Бұл қабырғаны бұзып, басынан тұрғызыңдар!
Әлгі адам қабырғаны бұзып, бисмиллаһпен қабырғаны көтереді және жұмыстары реттеледі. Осы себептен ата-бабаларымыз: «Бір бейнамаз адамның жеті ауылға зияны тиеді» дейтін еді. Неліктен намаз? Өйткені намаз – діннің тірегі. Ғимараттардың бәрі тіректердің үстінде тұрады. Тіректер құласа, ғимарат та құлайды. Құран кәрімде ант етіліп: «Міндетті түрде намаз жаманшылықтардың алдын алады. Жаман істерге бөгет болады» делінеді. Егер жамандықтан сақтана алмай жатқан болса, демек намазымыз толық емес немесе қате оқылып жатыр деген сөз. Дәретте ме, ғұсылда ма, тадили әрканда ма, әлде ниетте ме, әйтеуір бір қателік бар деген сөз. Мұны тауып түзету керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024