Сұрақ: Бір жазушы «Иса өлген, қайтадан келмейді» дейді. Осы жөнінде мәлімет бересіз бе?
Жауап: Тәфсирлерге өтуден бұрын Ниса сүресіндегі екі аяттың мағынасына қарайық:
«Аллаһтың расулы Мәриәм ұлы Исаны өлтірдік дегені үшін яһудилерді лағнеттедік. Алайда олар Исаны өлтірмеді, аспады да, өлтірілген адам оларға Иса сияқты болып көрсетілді. Ол жайында келіспеушілікке түсетіндер сенімсіздіктің ішінде, бұл жөнінде болжамнан басқа ешқандай мәліметтері де жоқ және нақты оны өлтірмеді. Керісінше Аллаһ Исаны өзінің дәргейіне көтерді, яғни өз қорғауына алды.» (Ниса 157-158)
Аллаһу та'ала бұл аяттарда хазреті Исаның өлтірілмегендігін нақты білдіруде. Ілгеріде де айтылады, өз дәргейіне сөзінің мағынасы – аспанға көтеруі. Әйтпесе Аллаһ мекенге мұқтаж емес, аспанда емес. Аспанды да Ол жаратты. Жаратылған нәрсе жаратушыға мекен бола алмайды.
Ең жақсы тәфсир, әрине, Расулуллаһ алейһиссаламның тәфсиры. Бұл жөніндегі хадис шәрифтерден бірнешеуі мыналар:
«Он белгі шықпай тұрып қиямет басталмайды. Бірі Исаның аспаннан түсуі.» (Мүслим, Ә.Дауд, Тирмизи, Ибн Мажа, Нәсаи, И.Ахмед, Табарани, И.Хиббан, И.Жәрир)
«Иса әділ басқарушы болып аспаннан түседі, крестті сындырады (Христиандықты жояды), шошқаны өлтіреді (шошқа етіне тыйым салады), Исламнан басқа нәрселерге тыйым салады.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Ибн Әби Шәйба)
«Иса жерге түскенде үйленеді, бір баласы болады, қырық жылға жуық өмір сүріп қайтыс болады және менің жаныма жерленеді.» (Тирмизи, Мәуаһиб)
«Менің дініме Иса келеді, Дәжжалды өлтіреді, кейін қиямет басталады.» (И.Ахмед)
«Иса келгенде Дәжжалды өлтіреді.» (Мүслим, И.Ахмед, Табарани, Руяни, Зия әл мақдиси)
«Иса Дәжжалды өлтіргеннен кейін екі кісі арасында дұшпандық қалмайтын болады.» (Мүслим)
«Бір үметтің басында мен, соңында Иса келеді. Аллаһ оларды қор қылмайды.» (Хаким, Әбу Нуайм)
«Иса түскеннен кейінгі өмір қандай рахат...» (Ә.Нуайм)
«Ақыр заманда Иса түскеннен кейінгі өмір қандай жақсы болады. Жаңбыр жаууы үшін аспанға, өсімдік өсуі үшін жер бетіне рұқсат беріледі. Дәнді тегіс тасқа ексең өсіп шығады. Бір кісі арыстанның жанынан өтеді, арыстан оған зиянын тигізбейді. Жыланды басып кетсе де, жылан шақпайды. Адамдар арасында пайда көру таласы, бір-бірін көре алмау және кек сақтау болмайды.» (Әбу Саид-ән-Наккаси)
«Иса әділ басқарушы болып түскен кезінде кек, жек көрушілік және көре алмаушылық жойылады.» (Мүслим)
«Иса менің жаныма жерленеді.» (Тирмизи)
Өлтірілген адам оған ұқсатылды
Алдымен оңай табылуы үшін Тибийан тәфсиріне қарайық:
Ниса сүресінің 157-158 аяттары тәфсир етілгенде хазреті Исаның өлтірілмегендігі, асылмағандығы, өлтірілген адамның оған ұқсатылғандығы және хазреті Исаның аспанға көтерілгендігі білдірілуде. (Тибийан 1 том, 365 бет)
Ал Али Имран сүресінің 55-ші аятының тәфсирінде былай делінген:
«Хазреті Иса тірі болып аспанға көтерілді. Бұхари және Мүслим риуаят еткен хадисте хазреті Иса қияметке жақын жерге түседі, Ислам дініне сай үкім береді, Дәжжалды, шошқаны өлтіреді және крестті сындырады. Жер бетінде жеті жыл, басқа бір риуаятта қырық жыл өмір сүреді және қайтыс болып, жаназа намазы оқылады. Қырық жыл дүниедегі жалпы өмірі болуы мүмкін. Аспанға көтерілуден бұрын 33, аспаннан түскеннен кейін 7 жыл өмір сүреді. Бәрін қосқанда 40 болады. (Тибийан 1 том, 233 бет)
Зухруф сүресінің 61-ші аятының тәфсирінде былай делінген:
Иса алейһиссаламның түсуі – қияметтің белгісі. (Тибийан 4 том, 137 бет)
Түрік тіліндегі аудармалардың ең құндысы болып саналатын Хасан Басри Чантайдың аудармасында, Ниса сүресінің 157 және 158 аяттарында былай делінеді:
Хазреті Иса өлтірілмеді, асылмады, өлтірілген адам оған ұқсатылды және хазреті Иса аспанға көтерілді. Бұл Жәлаләйн тәфсирінен алынған. (Құран хаким және аудармасы 1 том, 150 бет)
Али Имран сүресінің 55-ші аятының тәфсирінде былай делінеді:
«Ол кезде Аллаһ былай деген еді: Сені өлтіретін олар емес, менмін, сені өзіме көтеріп аламын, яғни қорғауыма аламын.» Ал астындағы қосымшасында «Хазреті Иса, Ниса сүресінің 157 және 158 аяттары бойынша, дұшпандары тарапынан өлтірілмеді, Аллаһ оны, рухы және денесімен бірге көтеріп жоғарылатты.» Бұхари және Мүслимдегі Қияметке жақын түсетіндігін білдіретін хадис шәриф нақыл етілген» және «Бұл жөнінде басқа да сахих хабарлар бар» делінген. (Құран хаким және аудармасы 1 том, 92 бет)
Зухруф сүресі, 61-ші аятының тәфсирінде хазреті Исаның түсуінің қияметтің белгілерінен екендігі білдірілуде. Ал төмендегі қосымшасында бұл мәліметтерді Бәйдауи, Жәлаләйн және Мәдариктен алғандығы білдірілген. Ибн Аббас хазреттерінің «Хазреті Исаның жерге түсуі қияметтің белгілерінен» сөйлеміне орын берілген. Бұхари және Мүслимдегі хазреті Исаның түсетіндігін білдіретін хадис шәриф де қосылған. (Құран хаким және аудармасы 3 том, 900 бет)
Имам Куртуби Әл жамиу лиахкамил Құран атты еңбегінде былай дейді: Зухруф сүресі 61-ші аятында Ол міндетті түрде қияметтің белгісі, бұған күмәнданбаңдар делінген. Ибн Аббас, Мужаһид, Даххақ, Әлсәдий және Қатада былай деген: Дәжжалдың қиямет белгілерінен болғанындай, аяти карима хазреті Иса шығуының да қиямет белгілерінен екендігін білдіреді. Өйткені Аллаһу та'ала оны қияметтің басталуынан бұрын аспаннан түсіреді. Ибн Аббас, Әбу Хурайра, Қатада, Малик бин Динар және Даххақ белгі деп білдірді. Ибн Мәсуд айтады: Расулуллаһ миғражға шыққанда хазреті Исаны көрді. Хазреті Иса «Қияметтің белгісі – Дәжжалдың шығуы, мен түсіп оны өлтіремін» деді. Дәжжал шыққан сәтте Аллаһу та'ала Исаны жібереді, оны иіскеген кәпірдің демі тоқтап өледі және Дәжжалды өлтіреді. (Мүслим, Ибн Мажа, Әбу Дауд, И.Ахмед, Табарани, Суюти, И.Мунауи, Нәуәуи, Кәнзил уммал, Мәжмул зәуаид)
Сұрақ: Польшалық яһудилік сенімінен бас тартқан М.Әсәдтің ғаламтордағы мына сұрақтарына жауап бересіз бе?
1) Исаның қайтадан дүниеге келуі Құранға қайшы келмейді ме? Соңғы пайғамбар болған Мұхаммедтен кейін Иса келмейді. Егер келсе, соңғы пайғамбар Иса болмайды ма? Егер Иса пайғамбар ретінде келмейді делінсе, онда Исаның пайғамбарлығы жоққа шығарылған болмайды ма?
Жауап: Мұсылман адам Иса немесе Мұхаммед деп сөйлемейді. "Алейһиссалам" дейді немесе ең аз дегенде "Хазреті" сөзін қолданады. Бұл сөздері оның ескі дінінен бас тартпағандығын, яғни яһудилікті жалғастырып жатқанын көрсетпейді ме? Хазреті Иса соңғы пайғамбар ретінде емес, соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның дініне қызмет ету мақсатымен келген пайғамбар ретінде келеді. Бір пайғамбар басқа пайғамбардың дінін жаюы мүмкін. Мысалы Харун алейһиссалам Мұса алейһиссаламның дінін, Яхйа алейһиссалам хазреті Исаның дінін жаю мақсатымен пайғамбар ретінде жіберілген.
Сұрақ: 2) Иса келгенде Құранды жоққа шығармайды, демек өзінің пайғамбар екенін білдіретін аяттарға да сенеді. Бұл жағдайда Мұхаммедтің соңғы пайғамбар болуын жоққа шығарған болмайды ма?
Жауап: Хазреті Иса өзінің пайғамбар екенін несіне жоққа шығарады? «Мен Аллаһтың пайғамбары Исамын, соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның дініне қызмет ету үшін Аллаһу та'ала мені жіберді» дейді.
Сұрақ: 3) Сендердің хадис кітаптарың білдіргендей Иса дүниеге қайтадан келсе, өзінің пайғамбар екеніне қатысты Құран аяттарына сенеді ме?
Жауап: "Сендердің хадис кітаптарың" депсіз, хадис кітаптары сізге қадірлі емес пе сонда? Аллаһты қабыл еткен адам Расулының сөздерін қабылдамайды ма? Сенің шын мәнінде яһудиліктен шықпағандығың белгілі болды. Хазреті Иса Құран аяттарына неге сенбесін? Оларды жаю үшін келеді.
Сұрақ: 4) Иса пайғамбар дүниеге қайтадан келсе, Мұхаммед соңғы пайғамбар атағын қорғай алады ма?
Жауап: Одан да қатты күшейеді. «Соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның дінін жаю мақсатымен келдім» деуі Ислам дініне қызмет етуі, өзіне, анасына және ұлы Аллаһқа айтылған жалаларға тікелей өзі жауап беруі Құран кәрімнің дұрыстығының дәлелденуіне себеп болады.
Сұрақ: 5) Иса келгенде кейбір харамдардың халал етілетіндігіне қатысты хадистерге не дейсіз?
Жауап: Ондай хадис жоқ. Ислам дініне сай үкім беріледі. Дініміздегі төрт дәлелден екіншісі болған хадис шәрифтерде былай делінген:
«Аллаһқа ант етемін, Мәрйәмнің ұлы Иса әділ басқарушы болып араларыңа түседі, крестті сындырады, шошқаны өлтіреді, салықты алып тастайды, Исламнан басқа нәрселерді қабылдамайды. Мал-мүлік көп болатыны соншалық, ешкім бұрылып қарамайды да.» (Бұхари)
«Иса – әділ басқарушы болып түскен кезінде кек, жек көрушілік және көре алмаушылық жойылады.» (Мүслим)
«Дәжжал шыққанда Иса келеді, Дәжжал құртылады, бұдан кейін екі адамның арасында дұшпандық болмайды.» (Мүслим)
«Асхаби Кәһф Мәһдидің көмекшілері болады және Иса оның заманында аспаннан түседі. Иса Дәжжалмен соғысқанда Мәһди онымен бірге болады. Оның басқару заманында, әрдайым болатын қалыпты жағдайға қайшы және есепке теріс болып, Рамазан айының 14-ші күні күн және алғашқы түнінде ай тұтылады.» (Имам Суюти)
(Анықтама: Хадис шәрифтерде өткен «Шошқаны өлтіреді» сөзі, шошқа аулауға шығады деген сөз емес. «Шошқа етіне тыйым салады» деген сөз. Крестті сындырады, яғни Христиандықты жояды. Басқа бір хадис шәрифте «Мизмарларды сындырады» делінген. Яғни сазды аспаптардың барлық түріне тыйым салады.)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024