Сұрақ-жауаптар

Адыраспан тұтату

Сұрақ: Адыраспан тұтатуға болады ма? Дініміз бұған не дейді?

Жауап: Адыраспанның діни тұрғыдан ешқандай орны жоқ. Басқаша айтқанда дінге қатысы жоқ. Бірақ медицина жағынан дезинфекция ретінде пайдалы екені айтылады. Діни ритуал ретінде емес, дезинфекция ретінде қолдануға болады.

Адыраспан секілді кепкен шөпті жағып көз тиген баладан айналдыру (аластау) жаиз болып табылады. Шипа беретін Аллаһу та’ала. (Хиндийа)


Туған күнді тойлау

Сұрақ: Туған күнді тойлауға болады ма?

Жауап: Туған күнді тойлау ғибадат емес, әдет (салт) болып табылады. Бұл салт христиандардан келсе де, ғибадат болмағаны үшін, кез-келген мұсылманның туған күнін тойлауы зиян емес. Керісінше айналадағылармен ара-қатынасты арттырады. Туған күнде торт, тәтті тағамдар жеп, шай, сусындар ішіп көңіл көтеруге болады. Бірақ, күнә болатын нәрселерді істемеу керек және шырақ (свеча) жағуға болмайды.  

 

Жаңа жылды тойлау

Сұрақ: Мұсылмандарға жаңа жылды тойлауға болады ма?

Жауап: Мұнда ниет маңызды. Жаңа жыл келді деген ниетпен атап өту күнә болмайды. Кәпірлердің діни мерекесі болған рождествоны тойлау деген ниетпен болса, күпіршілік болады. Бірақ бұл түнді өзгеше салтанатты етіп өткізуге болмайды, әр түні не істеп жүрген болса, солай өткеру керек. Мысалы үйді шыршамен безендірмеу керек, бұл түнге атап үндік пісірмеу керек. Әсіресе исламның қасиетті түні сияқты мәуліт оқыту, сұхбат өткізу мүлдем дұрыс емес.


Жатпланеталықтар

Сұрақ: НЛО жайында айтып берсеңіз. Құранда бұл жайлы не делінген?

Жауап: Жатпланеталықтар (НЛО) деген нәрсе жоқ.

Ғасырлар бойы дінсіздер діндерді құлату үшін неше түрлі өтіріктер ойлап тапқан. Мысалы, Адам алейһиссаламды жоққа шығару үшін алғашқы адамдардың жабайы болғанын, маймылдан келгенін, тіл білмегенін айтып жар салуда. Алайда Аллаһу та'ала барлық нәрсенің атын, ілімін және мәдениетін хазреті Адамға білдіргенін айтуда. (Бақара 31)

Сіз айтып отырғаныңыз НЛО, яғни аспанда ұшып жүретін, не екені белгісіз объектілер. Адамдар НЛО’ны, яғни ғарыш кемелерін, ұшатын шеңбер тәріздес аппараттарды “басқапланетадан келген адамдар” деп ойлауда. Қазіргі технологиямен НЛО құрастыру сөз емес.

Америка қарулы күштері бұл НЛО деп аталатын объектілердің не екенін зерттеді. Нәтижесінде тауларда көрінген шеңбер тәріздес объектілердің бұлттардағы мұз кристалдарынан шағылысқан сәуле жиынтығы екені дәлелденді.

Бұдан бөлек кейбір әскери ұшақтардың формасы шеңбер тәріздес болып келетіні де ақиқат нәрсе.

Супер күштер “технология соғысы” барысында жасаған жұмыстарын жасыру мақсатында, жасырын жұмыстарын НЛО’мен бүркеуде. Адамдар ұшып бара жатқан шеңбер тәріздес аппарат көрсе дереу НЛО деп айтуда.


Әйелдер мейрамы

Сұрақ: 8 наурызды атап өту күнә ма?

ЖАУАП: Күнә емес. 8 наурызды тойлаудың діни тұрғыдан зияны жоқ. Әрине харам араластырмай тойлау шартымен. Халықтың әдет-ғұрпы, мемлекеттің бекіткен мейрамы дінге қайшы болмаса, тойлау жаиз (рұқсат) болып табылады. Дінімізде кәпірлердің рождество, пасха секілді діни мейрамдарын тойлау жаиз емес. 

 

Наурыз мерекесін тойлау

Сұрақ: Наурызды тойлауға болады ма? Ислам дініне қатысы жоқ деп естідім, рас па?

Жауап: 22 наурыздың түркі халықтарымен де, мұсылмандықпен де ешқандай байланысы жоқ. Ескі Иран патшасы Жәмшидтің шығарған отқа табынушылардың мейрамы. (Бәззазийа)

Жәмшид Иранда алғаш билік құрған Пишдани ұлдарының 4-ші әміршісі болып, 800 жыл салтанат құрған, 500 жыл бойы Иранда ешкім ауруға шалдықпағандықтан, халық оған табынған. 21 наурыз күні таққа шығуы себебімен бұл күнді наурыз (жаңа күн - парсы тілінде) деп атап, жыл басы және мейрам ретінде тойланған.  Наурызды тойлайтын отқа табынушылық дінінің кешегі одақтық коммунист идеологиясына бір байланыстары бар. Атеизмнен жаңа шыққан Орталық Азия елдерінің дереу Наурызды ұлттық мереке статусына көтеріп тойлауға тырысуы да атеизм мен отқа табынушылықтың басқа бір көрінісі болса керек.

 Исламнан бұрынғы кәпірлердің әдет-ғұрыптарын, ғибадаттарын бүгін «ата-баба салты» дейтіндер мұның түп-тамырын дұрыс білмейтіндер болып табылады. Бұлай айтып жүргендерге алданбау керек. Шетелдіктер де мұны қолдап, одан сайын қоздыруда. Жәмшид мың жас шамаларында Шәддаттың жиені Даххақпен болған соғыста тұтқынға түсіп, ара сияқты балықтың сүйегімен араланып, екіге бөлініп өлтірілген.

Жәмшид сегіз жүз жыл емес, мың жыл өмір сүрген. Бұл Аллаһтың заңдылығына да қайшы емес. Бұрындары адамдар ұзақ өмір сүрген. Нұх алейһиссаламның 950 жыл қауымының арасында болғандығы Құран кәрімде білдірілген. (Анкәбут 14)
“Наурыз”, “михрижан” және “рождество” күндерінде бұлардың аттарын атап сыйлық беру харам болады. Бұл күндерді мейрам деп қабылдап сыйлық беру күпір болады. Бұл күндерге тағзым етіп, кәпірлерге жұмыртқа сыйға берген адам кәпір болады. Бұл күндері бір нәрсе сатып алу да осылай. Күнделікті алатын нәрселерін сатып алу күпір болмайды. (Дуррул мухтар) 

Бәззазийа фәтуасында «Наурыз күні – “мәжусилердің” (отқа табынушылардың) мейрамы. Ол күні отқа табынушылардың жанына барып, олардың жасаған рәсімдерін жасау күпір болады. Ол күні мейрам ретінде тойлаған мұсылманның иманы кетеді, өзінің бұдан хабары да болмайды» делінген. Рождество күні және түнінде және кәпірлердің пасха және ритуалдарында олар секілді мейрам тойлаған адамның да кәпір болатыны бұл фәтуадан аңғарылады. (С. Әбәдийа)