Сұрақ: Өтірік айту мен жала жабудың діндегі орны қандай?
Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:
"Өтірік айту және жала жабу харам болып табылады, бұлардан сақтану керек. Бұл екі жамандық барлық діндерде де харам еді. Жазалары өте ауыр." (3 том, 34 хат)
Жала жабу – үлкен күнә және үлкен жамандық. Мұнда өтірік айту да бар, ал өтірік айту барлық діндерде харам еді. Жала жауып мұсылманды ренжіту де бар, бұл да бөлек харам. Бұлардан басқа, жала жабу жер бетінде бүлік шығаруға, қоғамды бұзуға себеп болады, бұл да харам болып табылады. (3 том, 41 хат)
Мұсылмандарға суи зан ету (олар жайында жаман ойда болу) – зұлымдық жасау, мүліктерін тартып алу сияқты және көре алмаушылық, жала жабу, өтірік айту және ғайбаттау сияқты харам болады. (Хадиқа)
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Бір адам бір мұсылман жайында ол істемеген бір нәрсені айтса, жалаға ұшыраған адам оны кешіргенге дейін Аллаһу та’ала оны тозаққа тастайды.» (Әбу Дауд)
«Бір мұсылманда әр түрлі мінез болуы мүмкін. Алайда қиянат пен өтірік бола алмайды.» (Ибн Әби Шәйба)
«Өтірік – мұнафиқтықтың бір есігі.» (Ибн Адий)
Кімнің дұшпаны көп?
Дұшпаны ең көп болған Аллаһу та’ала! Бір күні Мұса алейһиссалам адамдардың сөзінен шаршайды, «Йа Раббым, бұл адамдар мен жайында ештеңе айтпасыншы» деп дұға етеді. Аллаһу та’ала былай дейді:
«Йа Мұса, сен сұраған нәрсеңді мен өзіме де істемедім. Көрмейсің бе, естімейсің бе, Мен туралы не айтып жатқанын.»
Пайғамбарымыз алейһиссалам Аллаһтың сүйіктісі еді, әлемдерге мейірім еді. Адамдарды жәннатқа шақыру және тозақтан құтқару үшін ең ауыр қиыншылықтарды тартты. Оған ақылға қонбайтын жалалар жабылды, сиқыршы дегедер болды, жынды дегендер болды, ақын деп сенбеушілік танытқандар шықты (Аллаһ сақтасын!). Жұбайы Айша анамызға жала жабылды, өзін қатты қинады, жүретін жолдарына тікендер тасталды. Имансыздар Аллаһтың сүйіктісімен соғысға түсті. Алайда Ол Аллаһтың дәл сол адамдарға жіберген мейірімі еді, адамдар отқа түспесін деп күн-түн демей насихат жүргізді. «Олар білмейді, білсе бұлай істемейтін еді» дейтін. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Бір адам бір мұсылман жайында ол істемеген бір нәрсені айтса, жалаға ұшыраған адам оны кешіргенге дейін Аллаһу та’ала оны тозаққа тастайды.» (Әбу Дауд)
Құран кәрімде де былай делінген:
«Өтірік айтатындар, жала жабатындар – олар Аллаһтың аяттарына сенбейтіндер. Міне олар – өтірікшілердің дәл өздері.» (Нахл 105)
Екінші мың жылдықтың жаңартушысы, хадис шәрифпен сүйіншіленген Имам Раббани хазреттеріне де адамдардан тиген зиян өте үлкен болған. Қаншама жалалармен қоса оны "Серхендтік надан" деп атап, есімін осы атаумен жазып, бүкіл мешіт-медреселерге таратысты.
Расулуллаһтың мұрагерлерінен түгелдей бәрі осындай азап пен қиыншылықтарға душар болған, әр түрлі жалаларға тап болған. Тіпті Ибн Абидин хазреттері ұстазы Мәулана Халид Бағдади хазреттеріне жабылған жалаларға шыдай алмай, жала жабушыларға және оларға сенгендерге қарсы кітапша жазған. Бұл кітапшаны «Сәлл-ул Хусамул Хинди ли-Нусрати Мәулана Шәйх Халид Нақшибәнди» деп атады.
Имам Ғазали хазреттері де жаланың астында қалған ғалымдардың бірі. Философтар және бидғатшылар әліге дейін бұл үлкен имамға жала жабуын жалғастырып келуде.
Кім Мұхаммед алейһиссаламға қатты ұқсаса, сол дәрежеде бұл қиыншылықтар, осындай жалалар басына келеді. Бұлар осы жолдың құрметтілігінен. Кім не істесе де, өзіне істеген болады. Аллаһу та’ала кімді азапқа тастағысы келсе, әулиелерге қарсы жібереді, яғни ол адамдар әулиелерге тіл тигізеді. Жаратылысында саид (нәсіпті) болғандар әулиелерге ешқашан тіл тигізбейді. Басқа күнәлары болуы мүмкін, бірақ әулиелерге тіл тигізбейді.
Имам Раббани хазреттері былай деген:
"Шәйх-ул Ислам Абдуллаһ Ансари Хирауи: «Йа Раббым! Сен достарыңды сондай қылдың, оларды таныған адам саған қауышады, ал саған қауышпаған адам оларды танымайды» деген. Ол әулиелерге дұшпандық жасау шексіз өлімге жетелейтін у болып табылады. Оларды ренжіту мәңгілік пәлекетке себеп болады. Аллаһу та’ала осы бәлеге түсуден сақтасын! Шәйх-ул Ислам тағы да былай деген: «Йа Раббым, Сен кімді пәлекетке түсіргің келсе, оны бізге қарсы қыласың." (106 хат)
Пайғамбарлардан басқа бәрі күнә істейді. Аллаһу та’ала сүйікті құлдарының күнәларының жазасын ахиретке қалдырмайды. Себебі күнә – қылмыс, мұның өтемі – жаза. Өмірде үш қиыншылық береді:
1) Ауру жібереді. Сабыр ететін болса кешіреді. Себептерді орындау және келген қиыншылықты Аллаһтан деп білу керек. Әрі аурудың қандай мақсатпен келгенін біліп, шүкір ету қажет.
2) Күнәлардың кешірілуіне екінші жол – материалдық қиыншылық. Қарыздар болу. Қарыздарын өтеуде шегілетін қиыншылықтар. Бұл да күнәлардың кешірілуіне себеп болады.
3) Адамдардың өтірігі, өсегі және жаласымен орынсыз жалаға душар болу.
Жала жабуға жаза
Сұрақ: Хазреті Айша анамызға жала жабылғанда аяти карима түскен еді. Бұл аяти карима бойынша жала жапқандар жазаланды ма?
Жауап: Иә, екі еркек пен бір әйелге қазф жазасы берілді. (Әбу Дауд)
Қазф жазасы: қазф – лақтыру, тастау деген сөз. Ислам дінінде балиғатқа толған (үйленген намысты) еркек немесе әйелге "зина жасады" деп жала жабуды қазф дейді. Бұл жала үлкен күнә болып табылады. Қазфқа ұшыраған адамның қалауымен сол қазф жаласын жапқан адамға дүре соғылады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024