АЯТӘЛ КУРСИДІҢ ҚАСИЕТІ

Бақара сүресіндегі «Аллаһу лә илаһә илла һу...» деген аятқа «Аятәл курси» делінеді. Осы аяти кариманы ықыласпен оқыған адамның, адам және хайуан хақтарынан басқа және парыз қарыздарынан басқа күнәлары кешіреледі. Яғни тәубелері қабыл болады.

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген: «Кімде-кім парыз намазды бітіргеннен соң орнынан тұрмай дереу бір рет Аятәл курсиді оқып, отыз үш рет "Субханаллаһ", отыз үш рет "Әлхамдулиллаһ", отыз үш рет "Аллаһу әкбар" десе, барлығы тоқсан тоғыз болады. Бір рет "Лә илаһә иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ Ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуа алә кулли шәй-ин қадир" десе, Хақ та’ала бұл адамның күнәларын кешіреді.» Аллаһу та’ала кешіретін күнәлар – тек өзі және пендесі арасындағы тәубе етілген күнәлар. Адамдардың және хайуандардың хақтарына тәубе еткеннен кейін халалдасу (кешірімін алу) да қажет.

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уәсәлләм) басқа бір хадис шәрифінде былай деген: «Хақ та’аланың затына тән болған үш мың есімі бар. Бұлардың ішінен таразыда ең ауыр болатыны “Субханаллаһи уә би хамдиһи субханаллаһил азыйми уә бихамдиһи” болып табылады. Кімде-кім мұны намаздан және тәсбихтерден кейін он рет оқыса, әр әрпіне он сауап беріледі.» Кейін, имам және жамағатпен бірге қолдарыңды біраз алға созып және кеуденің тұсына көтеріп, алақандарыңды толық ашып көкке қаратып дұға ет және амин де. Дұға біткеннен соң бетіңді сипап «Уәлхамду лиллаһи раббил аләмин» де және салауат пен Фатиха сүресін оқы. Ибн Абидин (рахимә-һуллаһу та’ала) 341-ші бетте былай деген: «Намаздан кейін дұға жасалған кезде қолдар кеуденің тұсында алға қарай созылады. Алақандар аспанға қарай ашылады. Өйткені аспан – дұғаның құбыласы. Екі қол бір-бірінен алшақ ұсталады. Дұғадан кейін екі қолмен бетті сипау сүннет болып табылады.»

«Фәтауа-и Хиндийа» кітабының бесінші томында былай делінеді: «Намаздан кейін дұға жасалған кезде алақан жаюдың әр түрлі әдістері білдірілді. Бұлардың арасында ең абзал болғаны – алақанды аспанға қарай ашу және бір-бірінен ұзақ ұстау. Қолдарды кеуденің тұсына дейін көтеру мүстаһаб. Дұғадан кейін екі қолмен бетті сипау сүннет.»