МЕШІТ ӘДЕБІ

23 – «Дурәр»-де былай делінген: «Хайз (етеккір) күйіндегі және жүніп болған адамның мешітке кіруі харам болып табылады. Дәретсіз адамның кіруі мәкрух.»

Мешітке әуелі оң аяқпен кір! Мына дұғаны оқы: «Илаһи бізге мейірім есігін аш!» және ішіне кір. Егер ішінде адам бар болса, сәлем бер, адам жоқ болса, былай сәлем бер: «Әссәләму алейна уә алә ибадиллаһиссалихин» және үш рет «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар уәлә хаула уәлә қууата илла биллаһил алийил азыйм», бұдан кейін отыр, тәсбих және таһлил ет. [Тәсбих және таһлил оқу – тахийатул мәсжид намазын оқу болып саналады.]

Муәззин (азаншы) азан айтып болғанда мына дұғаны оқы: «Аллаһумма раббә һәзиһидда’уәтит таммәти уәссалатил қааимати әти Мухаммадәнил уәсиләтә уәл фәдиләтә уәддәрәжәтәррафи’атә уәб’асһу мәқамән махмудәнилләзи уә’адтәһу иннәкә лә тухлифул ми’ад. Лә хаула уәлә қууата иллә биллаһил алийил азыйм.» Намаз басталған кезде имамға ұюға ниет еткеннен кейін ұйып арқасында тұр.

Алейһиссалату уәссәләм былай деген: «Хақ та’ала мейірімін имамға түсіреді, имамның артқы, оң және сол жағына да түсіреді.» Осы себептен имамның артында, оң немесе сол жағында тұруға тырыс!

Әр намазда имамның алғашқы, яғни ифтитах тәкбіріне үлгеруге өте қатты тырыс! Пайғамбарымыз былай деген: «Жәбрейіл (алейһиссалам) маған келіп былай деді: Йа Мұхаммед (алейһиссалам)! Аллаһу та’ала: "Хабибіме (сүйіктіме) сүйіншіле, егер теңіздер сия болса, бүкіл ағаштар қалам болса, жер мен көктегілердің бәрі жазушы болып, қиямет күніне дейін жазатын болса, имаммен бірге алынған ифтитах тәкбірінің сауабының оннан бірін де жазуға күштері жетпейді!" деді.»

24 - Жамағатпен намаз оқығанда саптан бөлек жерде тұрма! Өйткені намазың мәкрух болады. Егер сапта орын жоқ болса, сол кезде имамның арқасына жақын бір жерде тұрарсың. Имам тәкбір алған кезде сен де дереу тәкбір ал, ниетіңді тәкбірден бұрын жасайсың.

Екі қолыңды құлағыңа көтеріп, бас бармақтарыңды құлағыңның жұмсағына тигізіп түсіре бастаған кезде тәкбіріңді ал. Яғни «Аллаһу әкбар» деп қолдарыңды байла! Оң қолыңды сол қолыңның үстіне қой және кіндігіңнің астына байла. Көздеріңді сәжде ететін жерден айырма! Әдеппен, зейініңді жинап, хушумен Аллаһтың алдында тұрғандай тұр. Өзің мешітте, жүрегің басқа жақта болмасын. Имам оқыған Құранды тыңда, имам Фатиханы бітіргенде жай дауыспен "Әмин" де. Қасыңдағы адам естімесін. Имам рукуға иілгенде сен де «Аллаһу әкбар» деп, онымен бірге рукуға иіл. Алайда, осы жерде өте маңызды тоқталып кететін бір жәйт бар: имамнан бұрын рукуға иілме, имамнан бұрын рукудан көтерілме! Имамнан бұрын сәждеге барма! Имамнан бұрын сәждеден тұрма! Сәждеде тәсбихтерді оқы! Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір хадис шәрифінде: «Кімде-кім имамнан бұрын руку немесе сәждеге иілсе немесе имамнан бұрын тұрса, қиямет күнінде оның басы есектің басы секілді болады» деген.Имам рукуға иілгенде сен де “Аллаһу әкбар” деп рукуға иіл және тәсбихтеріңді оқы! Имам “Сами’аллаһу лимән хамидаһ” дегенде сен де «Раббана ләкәл хамд» деп түзел! Тік тұрып түзелмегенше сәждеге барма! Имам сәждеге барғанда сен де «Аллаһу әкбар» деп имамнан кейін сәждеге бар! Сәждеде тәсбихтерді оқы! Имам сәждеден басын көтергенде, сен де “Аллаһу әкбар” деп басыңды көтер. Екі қолыңды тізеңнің үстіне қой. Имам екінші рет сәждеге барғанда, сен де екінші рет “Аллаһу әкбар” деп сәждеге бар.  Толық түзеліп отырмастан дереу екінші сәждеге барма. Сәждеде қайтадан тәсбихтерді оқы! Имам сәждеден тұрғанда сен де “Аллаһу әкбар” деп тұр. Екінші рәкатта да дәл осылай жаса. Имам аттахийятта отырғанда сен де отыр! Аттахийяту, салауат және білетін дұғаларыңды оқы. Имам сәлем берген кезінде сен де онымен бірге «Әссәләму алейкум уә рахматуллаһ” деп сәлем бер және «Аллаһумма әнтассәләм уә мин кәссәлам тәбаракта йа зәл жәлали уәл икрам» де және дереу Аят-әл курсиді оқы!