Аллаһу та’аланың ең жақсы көретін амалы мен ғибадаты, кім болса да Оның құлдарына жақсылық жасау. Аллаһу та’аланың махлұқтарына мейірімін төккен адам мейірімге бөленеді. Кім не істесе де өзіне істеген болады. Жақсылық жасаған адам да, жамандық еткен адам да бұларды өзіне жасаған болады. Әрбір адам өзінен «мен Раббымның құзырында қабылдық адаммын ба әлде олқылық адаммын ба, мен дұға алып жатырмын ба» деп сұрауы қажет.
Аллаһу та’ала құлдарына жәрдем бергендерді жақсы көреді. Әулиелерден Убайдуллаһ Ахрар хазреттері бір кездері өте кедей болған екен. Осы кедейлік кезеңінде дәмхананың алдынан өтіп бара жатып бір кедейді аштықтан өлердей халде көріп, ақшасы болмағандықтан дәмхана қожайынына:
- Ақшам жоқ, бірақ сәлдем бар. Осы сәлдемді саған берсем, матасын қырқып қолдансаң да бір қажетіңе жарар. Мұның ақысына мына кедейге бір сорпа берсең бола ма?- дейді. Дәмхана иесі:
- Болады әрине, неге болмасын,- деп кедейге сорпа құйып береді.
Бұл оқиғадан кейін Убайдуллаһ Ахрар хазреттеріне Аллаһу та’ала өте үлкен байлық ихсан етеді. Бірақ хазрет бұл байлықты өзі үшін емес, Аллаһу та’аланың құлдары үшін қолданады.
Убайдуллаһ Ахрар хазреттері жасөспірім жылдарында медреседе төрт досымен бірге қалып жүреді. Және әулиелік халдерден хабары жоқтын. Тек ілімін жетілдіріп жүреді. Бір күні достары қатты сырқаттанады. Емші келіп достарын қараған соң, Убайдуллаһ хазреттеріне:
- Тезірек бұл бөлмені тәрк ет, өйткені бұалар жұқпалы ауруға шалдыққан, саған да жұғып, сен де өлуің мүмкін,- дейді. Ол болса:
- Басыма жазғаны осы болса, өлермін,- деп достарын тастамай, күндіз-түні олардың қызметінде болады. Бір күні таңертеңгісін оянғанында бүкіл денесінің өзгергенін және нұрға бөленгенін көреді. Дереу қолдарын жайып: «Йа Раббым, достарыма шипа бере гөр!» деп дұға етеді. Достары жазылып кетеді. Осылай Убайдуллаһ Ахрар хазреттерінің достарына деген қызметінің арқасында көңіл көзі ашылып, Аллаһу та’аланың әулие құлдарының қатарына қосылады.
Қорыта келгенде, Аллаһу та’аланың барына сенетін адам Оның әмірлерін орындауға, тыйымдарынан сақтануға жан-тәнімен тырысады. Ешкімге жамандық жасамайды. Өзіне жамандық қылғандарға сабырмен мәміле етеді, сөз таластырмайды. Күнәларына, жасаған қателеріне тәубе етеді. Берген уәдесінде тұрады. Барлық жақсылығын Аллаһ разылығы үшін жасайды. Ешкімнің мал-жанына, намысына көз тікпейді. Жұмыс барысында, сауда-саттықта ешкімнің ақысын жемейді. Бәріне жақсылық жасайды. Күмәнді нәрселерден аулақ жүреді. Мансап иелеріне, залымдарға жағымпазданбайды. Ілім және ахлақ иелеріне құрмет көрсетеді. Достарын жақсы көреді және олар да оны жақсы көреді. Жаман адамдарға насихат береді, оларға ермейді. Кішілерге ізетті, мейірімді болады. Қонаққа сый көрсетеді. Ешкімді шағыстырмайды, шәһуатының жетегінде кетпейді, зиянды, тіпті пайдасыз нәрсе де айтпайды. Ешкімге қатал мәміле көрсетпейді. Жомарт болады. Мал-мүлікті, мансапты адамдарға жақсылық жасау үшін сұрайды. Риялық, екіжүзділік етпейді. Өзін ұнатпайды. Аллаһу та’аланың әр сәтте өзін көріп тұрғанын ойлап ешқашан жамандық жасамайды...
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024