12 - Әй, балам! Хадестен тахараттың екіншісі – ғұсыл. Ғұсыл алуды үйрену әрбір мұсылманға парыз.
ҒҰСЫЛДЫҢ ПАРЫЗДАРЫ
13 - Ғұсылдың үш парызы бар:
1) Ауызды шаю. Ауыздың ішінде иненің ұшындай су тимеген жер қалса, тістердің үсті мен тістердің шұңқырларына су тимесе, Ханафи мазһабындағылардың ғұсылдары сахих болмайды. [Тістерін қаптағандардың, пломба салғандардың ғұсылына қатысты 197-ші бөлімде мәлімет берілген.]
2) Мұрынды шаю.
3) Жуылуы қиын (хараж) болмаған барлық жерді жуу.
ҒҰСЫЛДЫҢ СҮННЕТЕРІ
Ғұсылдың сүннеттерінен алтысы төменде:
1) Алдымен қолдарды жуу.
2) Әдеп жерлерді, яғни жыныстық мүшелерді жуу.
3) Бүкіл денені ластықтан тазалау.
4) Ғұсылдан бұрын дәрет алу.
5) Бүкіл денені үш рет жуу.
6) Бүкіл денені жуғаннан кейін екі аяқты жуу. [Дәретте және ғұсылда қолданылған судың таза екендігі, бірақ тазалаушы емес екендігі Хамәуидің "Әшбах" хашиясында жазылған.]
ҒҰСЫЛДЫҢ СЕБЕПТЕРІ
14 - Ғұсыл алуды парыз қылатын екі себеп бар:
1) Хақиқи. Еркек немесе әйелден жыныстық қатынас немесе басқа да бір себеппен, ұйқыда немесе ояу кезде шәхуетпен (оргазммен) мәнидің келуі.
2) Хукми. Ұйқыдан оянған адам іш киімінде ылғалдық байқаса, оның мәни немесе мәни емес екенін білмесе, ықтияттық мақсатында жуынуына үкім беріледі.
СҮННЕТ БОЛҒАН ҒҰСЫЛДАР
15 - Мазһаб иеміз Имам Ағзам Әбу Ханифаның "рахимә-һуллаһу та’ала" үкімі бойынша, төрт түрлі ғұсыл сүннет болып табылады:
1) Жұма намазы үшін.
2) Айт намазы үшін.
3) Арапа күні Арафатта.
4) Қажылықта, ихрам киерде ғұсыл алу.
МӘСІНІҢ ҮСТІНЕН МӘСІХ ТАРТУ
16 - Әй, балам! Дәрет аларда, мәсінің үстінен мәсіһ тарту үшін, екі қолды сулап, аяқ саусақтарының ұшынан бастап, қол саусақтарының арасын ашып, тобыққа қарай мәсіһ тартасың. Аяқтарды жуып дәрет алған адамға мәсіні кигеннен кейін, дәрет бұзылған сәттен бастап, жиырма төрт сағаттың ішінде мәсінің үстінен мәсіһ тартуға болады. Жолаушы (сафари) адам үшін бұл мерзім үш тәулікке дейін жарамды. 376-шы бетке қараңыз!
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024