Отқа түскен адам қалай ғибадат етсін

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан дінімізді дұрыс үйреніп, бұған сай өмір сүру, әрі бұларды басқа адамдарға да жеткізіп, әулиелердің дұғасына, Аллаһу та’аланың разылығына қол жеткізу мүмкіндігі бар бола тұра, басқа нәрселермен айналысу малаяни (бос амал) болып табылады. Қазіргі таңда адамдардың көпшілігі малаянимен, яғни діндері мен дүниелеріне пайдасы болмаған нәрселермен айналысуда. Дұрыс иманды, яғни Әһли сүннет сенімін, халал-харамды көбісі есіне де алмайды.

Ислам дініне мойынсұнудың үш негізі бар: Әһли сүннет сенімі, халал және харам. Сенімі қате болған, харамнан ішіп-жейтін, хараммен шұғылданатын адам не істесе де аяғы пәлекет болады. Ғибадаттардың оннан тоғыз бөлігін халал азық құрайды.

Халал азық жеген адамның аяқ-қолдарын байлап тастасаңыз да, ол ғибадатқа, намазға ұмтылады. Ал харам жеген адам ғибадаттарға суып қалады. Өйткені дініміз «Харам – от!» деген. Отқа түскен адамның ойына ғибадат ету келер мекен?

Бір әулие кісі ақшасы болса да айналасынан жиі-жиі қарыз алады екен. Қарызға алған ақшасын үйіне, бала-шағасына қажетті заттарды сатып алуға жұмсайды екен. Ал қарыздарын қалтасындағы өз ақшасымен өтейді екен. Адамдар қызығып, себебін сұрағанда: «Үйіме қажетті болған заттардан өз ақшама алғандарыма сенімді емеспін. Сондықтан халал екендігі нақты болуы үшін тек қарызға алған ақшаммен қажеттіліктерімді аламын» деген екен. Басқа әулие кісі де: «Табысында күмәні бар адам ақшасын дінге қызмет ету үшін тауып, осы жолда жұмсалатын ақшаға ауыстырсын! Себебі халал ақша адамды Аллаһқа деген сүйіспеншілікке жігерлендіреді, бір орында тоқтатып қоймайды, оны намазға ұмтылдырады. Халалмен азықтанған адамның намаз оқымауы мүмкін емес» деген.

 

Бисмиллаһпен басталған іс

Бисмиллаһсыз желінген ас адамның ағзасында ауру тудырады. Шайтан азықтардағы микроп күйінде адамның ағзасына кіріп, бәлкім дәрігерлер де анықтай алмайтын ауруларға себеп болуы мүмкін. Бірақ Бисмиллаһ айтылатын болса, шайтанға рұқсат берілмейді. Дініміз тыйым салмаған бір іс Бисмиллаһ айтып басталатын болса, ол іс қандай амал болса да, бізге жаман болып көрінсе де, соңы міндетті түрде жақсы болады. Өйткені «Бисмиллаһилләзи лә йадурру мә’асмиһи шәй ун фил арди уәлә фиссәмаи уә һууәс сәми’ул алим» дұғасын оқыған адам жерде болса да, аспанда болса да, мүлдем зиян көрмейді. Осы тұрғыдан Бисмиллаһ айту өте құнды. Аллаһу та’ала жәннатқа кіретін барша пенделеріне жәннат шақыруын береді, бұл шақырудың қолтаңбасы "Бисмиллаһ" болады.