ДӘРЕТ БӨЛІМІ

4 - Әй, ұлым! Намаздың он екі парызының біріншісі «Хадестен тахарат». Яғни дәрет және ғұсыл алу. Дәретті таза жерде алу керек. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” «Дәрет алмақшы болған кездеріңде дәретті бұзған жерлеріңде дәрет алмаңдар! Өйткені, дәрет суының әрбір тамшысына бір жылдық нәпіл намаздың сауабы беріледі» және «Дәрет бұзған жерлеріңде, яғни әжетханада дәрет алсаңдар аса уәсуәсалы боласыңдар» және «Дәретті "Бисмиллаһ..."-пен бастаған адамға кирамән катибин (иықтағы періштелер)періштелері дәрет алып болғанға дейін сауап жазады» деген.

Пайғамбарымыздан сахабалардың бірі былай сұрады:

– Йа, Расулаллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”! Маған дәреттің пайдалары жайында насихат айтыңызшы!

Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” былай жауап берді: «Қай кезде болса да, үмбетім дәрет аларда «Бисмиллаһ...» айтып, қолын жуса, қолымен жасаған [кіші] күнәларының бәрі кешіріледі. Аузын, бетін және басқа да мүшелерін сумен жуған кезде барлық [кіші]күнәлары төгіледі.»

Басқа мүшелерді жуған кезде [кіші] күнәлар кешіріледі. [Үлкен] күнәлар және адам мен жануар хақтары бұл кешірімнің ішіне кірмейді. Ақы иесінің, (мұсылман болса да, кәпір болса да, жануар болса да) ақысы (өзіне немесе мирасшыларына) өтелмегенше, күнә кешірілмейді.

Хазреті Мұса Кәлимуллаһ Тур тауына бара жатқанда, жолда намаз оқып, Хақ та’алаға жылап дұға жасап жатқан адамға кезігеді. Мұса алейһиссалам Аллаһқа жалбарынып жатқан бұл кісінің кешірілуі үшін Аллаһу та’алаға дұға етеді. Аллаһу та’аладан үндеу келіп: «Ей, Мұса! Мен оның намазы мен дұғасын қабыл етпеймін. Өйткені, үстіне киген киімін харам араласқан ақшаға алған!» деді.

5 - Әй, ұлым! Мұсылман ата-анасын, көршілерін, достарын, ұстаздарын, үкімет адамдарын және заңды құрметтейді. Кішіге және жануарларға мейірімді болады. Дін, мазһаб және нәсіл ажыратпастан ешбір жаратылысқа зиянын тигізбейді. Дар-ул-харбтағы кәпірлердің де мал-мүлкі мен жанына, намысына тимейді. Өзіне жамандық жасағандарға да жақсылық жасайды. Діни міндеттерін, заң алдындағы борыштарын өтейді. Қулық, қиянат жасамайды. Діні үшін де, дүниесі үшін де жұмыс істейді. Фитна шығармауға қатты мән береді. Осындай Ислам ахлақына ие болған халық күшейеді, үстемдігі артады. Бүкіл әлемнің сүйіспеншілігіне, сеніміне қол жеткізеді. Дүние мен ахирет бақытына қауышады.

 

ДӘРЕТТІҢ ПАРЫЗДАРЫ

6 - Дәреттің парыздары Ханафи мазһабында – төрт, Маликиде – жеті, Шафии мен Ханбалиде – алты. Ханафидегілері:

1) Бетті бір рет жуу.

2) Екі қолды шынтақпен бірге бір рет жуу.

3) Бастың төрттен бір бөлігіне мәсіһ тарту. Яғни суланған қолмен басты сипау.

4) Аяқтарды тобықпен бірге бір рет жуу.

Бұлардың бірін тәрк еткен адамның дәреті сахих (дұрыс) болмайды. Біліп, әдейі тәрк етілсе де, қателесіп, жаңылысып тәрк етілсе де, дәрет сахих болмайды.

 

ДӘРЕТТІҢ СҮННЕТТЕРІ

7 - Дәретттің сүннеттерінен он данасы төменде:

1) Дәретті бастағанда, алдымен жүрекпен ниет етіп, содан кейінБисмиллаһир рахманнир рахим деп айту.

2) Кран жок болса, дәрет алу үшін бөлек бір ыдысқа су құйып қолдану.

3) Мисуак қолдану.

4) Ауызды шаю.

5) Мұрынды шаю.

6) Басқа толығымен мәсіһ тарту.

7) Қол мен аяқ саусақтарының және сақалдың арасын тарамдау. Яғни араларына саусақты кіргізіп жуу.

8) Сақалды қайтадан жуу.

9) Үлкен дәреттен кейін жуынғаннан соң бір матамен құрғату.

10) Нәжісті сол қолдағы су немесе таспен тазарту.

 

ДӘРЕТТІҢ МҮСТАҺАБТАРЫ

8 - Дәреттің мүстаһабтарының алтысы төменде:

1)     Ниет ету.

2)     Мүшелерді бірінен соң бірін, арасын үзбей тез жуу.

3)     Оң жақтан бастау.

4)     Мойынға мәсіһ тарту.

5)     Басты, құлақты және мойынды бірге мәсіһ ету.

6)     Аллаһу та’аланы дәреттің алдында және соңында зікір ету. Яғни дұға оқу.

 

ДӘРЕТТІҢ ӘДЕБІ

9 - Дәреттің әдептерінен алтысы төменде:

1)     Әрбір мүшені жуған кезде дәрет дұғаларын немесе кәлима-и шаһадатты айту.

2)     Ауыз бен мұрынға оң қолмен су алу.

3)     Сол қолмен сіңбіру.

4)     Әжетханада сөйлемеу, ұзақ отырмау және истинжадан, яғни тазаланғаннан кейін дереу киіну.

5)     Дәрет сындырған кезде құбылаға, айға және күнге алдымен және артымен қарап отырмау.

6)     Әжетханаға кірерде Бисмиллаһ айту, содан кейін сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу.

 

ДӘРЕТТІҢ НӘПІЛДЕРІ

10 - Дәреттің нәпілдерінен алтысы төменде:

1)     Мойынды екі алақанның сыртымен мәсіһ ету.

2)     Аяқ саусақтарының арасын сол қолдың кіші саусағымен, астыңғы жағынан тарамдау.

3)     Әрбір мүшені жуған кезде дұғаларын оқу.

4)     Әжетханада «Истинжа»-дан, яғни тазаланғаннан кейін іш киімге аздаған су себу.

5)     Әжетханада тазаланғаннан кейін, мүшені таспен немесе топырақпен сүртіп немесе саусақтармен қысып зәрді шығару. Бұған «Истибра» делінеді.

6)     Әжетханада тазаланғаннан кейін қолдарды жуу.

Хадис шәрифте былай делінген: «Кімде-кім дәрет алғаннан кейін“Иннә әнзәлнәһу” сүресін бір рет оқыса, Хақ та’ала ол адамды сыддықтардың қатарына жазады. Екі рет оқыса, шәһидтердің қатарына жазады. Үш рет оқыса, пайғамбарлармен бірге қайта тіріледі.» Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” «Кімде-кім дәрет алғаннан кейін маған он рет салауат айтса, Хақ та’ала ол кісінің қайғысын кетіріп қуантады, дұғасын қабыл етеді.»- деген.

 

ДӘРЕТТІҢ МӘКРУХТАРЫ

Дәреттің мәкрухтарынан алтысы мыналар:

1) Суды бетке ұрып жуу.

2) Суға сіңбіру.

3) Үзірсіз ауыз бен мұрынға сол қолмен су алу.

4) Дәрет алып жатқанда әурет жерді ашу.

5) Үзірсіз әурет жерлерін оң қолмен жуу.

6) Судың үстіне, су мен жолдың жағасына, ағаштың түбіне дәрет бұзу.

 

ДӘРЕТТІ БҰЗАТЫН НӘРСЕЛЕР

11 - Дәретті бұзатын нәрселер, ханафи мазһабында алтау:

1)     Денеден шыққан барлық нәрсе дәретті бұзады. Бірақ түкіру, сіңбіру, терлеу, ауырмай шыққан көз жасы, құлақтан шыққан су [егер ірің болмаса] дәретті бұзбайды.

2)     Ауыз толтырып құсу.

3)     Арқаны бір нәрсеге сүйеп ұйықтау.

4)     Намаз ішінде дауыс шығарып күлу.

5)     Талып қалу, жынды болу (ақылы кету), мас болу.

6)     Адамның иманнан кетіретін, күпірге себеп болатын бір іс жасау немесе сондай сөз айту. Аллаһ сақтасын!

Бұлардың бәрі дәретті бұзады. Имам Шафии “рахметуллаһи алейһ” былай деген: «Бір адамның алды мен артынан шығатын барлық нәрсе, яғни қан, ластық нәрселер дәретті бұзады. Ал теріден шыққан қан, ірің және көз жасы бұзбайды.» Алайда, Имам Ағзам Әбу Ханифаның “рахметуллаһи алейһ” үкімі бойынша алды мен артынан шығатын нәжістер және қан мен денеден аққан қан, іріңнің барлық түрі, көздің ауруынан шыққан көз жасы дәретті бұзады. Бір адамның денесінен қан және ірің шығып, сау жеріне ақса да дәретті бұзады.