ЖӘННАТ ЖОЛЫ ИЛМИХАЛЫ КІТАБЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ

Жанды-жансыз барлық болмыстардың бір тәртіпке бағынышты екенін көріп жүрміз. Әр заттың құрамында, әр құбылыста, әрбір реакцияда мүлдем өзгермейтін тәртіп, математикалық байланыстар бар екенін біліп жатырмыз. Осы тәртіптерді, байланыстарды физика, химия, астрономия және биология заңдары деп атаймыз. Осы өзгермейтін тәртіптерді пайдаланып, өнеркәсіп, фабрикалар құрып, дәрі-дәрмектер жасап, айға ұшып, жұлдыздармен, атомдармен байланыс құрудамыз. Радиолар, теледидарлар, компьютерлер және интернет желісін жасап жатырмыз. Жаратылыстарда осы тәртіп болмағанда, барлық нәрселер ретсіз, тәртіпсіз болғанда, осылардың ешбірін жасай алмайтын едік. Барлық нәрсе қарама-қайшы келіп, бұзылып, қиындықтар туындайтын еді. Барлық нәрсе жоқ болатын еді.

Жаратылыстардың жүйелі, өзара байланысты және заңды болуы, олардың өздігінен, кездейсоқ бар болмағандығын, барлығын білімді, құдіретті, көретін, еститін, қалағанын істей алатын бір болмыс тарапынан жаратылғандығын көрсетеді. Ол қалағанын жаратуда және жоқ қылуда. Барлық нәрсені жаратуға және жоқ қылуға басқа нәрселерді себеп қылған. Егер себепсіз жаратқанында, болмыстардың бір-бірлерінің арасында осы жүйе (тәртіп) болмас еді. Барлығы бір-біріне қарама-қайшы болатын еді. Оның бар екендігі де мәлім болмас еді. Әрі ғылым, мәдениет деген нәрселер пайда болмас еді.

Ол бар екендігін осы тәртіппен білдіргеніндей, құлдарына мейірімділік танытып, бар екендігін айқындап білдірген. Адам алейһиссаламнан бастап, әр ғасырда, әлемдегі адамдардың арасынан ең жақсы, ең үстем қылып жаратқан адамына періште арқылы хабар жіберіп, өзін және өзінің есімдерін білдірген, адамдардың дүниеде және ахиретте рахат, жақсы өмір сүрулері үшін не істеу, неден сақтану керек екендігін хабар берген. Осындай таңдалған, үстем адамдарға «пайғамбар» делінеді. Олардың уағыздаған әмірлері мен тыйымдарына «Дін» және «Ахкам-и динийа» (діннің үкімдері) делінеді. Адамдар ескі мәліметтерді ұмытқандықтан және әр замандағы жаман адамдар, пайғамбарлардың “алейһимуссалауату уәттаслимат” кітаптары мен сөздерін өзгерткендіктен, ескі діндер ұмытылған, бұзылған. Жаман адамдар хақ дінді шетке сүріп орнына ойдан шығарылған діндерді де қойып отырған.

Бүкіл болмысты жаратқан ұлы Аллаһ, адамдарға мейірімділік танытып, құлдарына соңғы пайғамбар және жаңа дін жіберген. Осы дінді қияметке дейін қорғайтындығын, жаман адамдар қастандық жасап өзгертуге, бұзуға қанша тырысса да, Ол бұл дінді бұзылмаған күйде жер жүзіне жаятындығын сүйіншілеген.

Аллаһу та’алаға шүкірлер болсын, кіші жастарымыздан жалғыз болған жаратушыға сенеміз. Оның есімі «Аллаһ» екендігін, соңғы пайғамбары «Мұхаммед» алейһиссаламекендігін және оның білдірген діні«Ислам діні» екенін үйрену бақытына қауыштық. Осы Ислам дінін дұрыс түсінуді қаладық. Мектепте, университетте оқып жүргенде осыны үйрететін қайнар іздедік. Алайда, масондарға, коммунистерге сатылған жасанды ғалымдармен уаххабилерге сатылған, мазһабсыз болған адамдар жастардың жан-жағынан қоршап алған еді. Діндерін дүниелікке айырбастаған осы мүртәдтар және адасқандар айлакерлік қолданғандығы сонша, дұрыс жолды табу мүмкін емес болған еді. Аллаһу та’алаға жалбарынудан басқа шара жоқ еді. Ұлы Аллаһымыз Әһли сүннет ғалымдарының “рахимә-һумуллаһу та’ала” кітаптарын оқуды нәсіп етті. Бірақ, өздерін озық санайтын «Жаратылыстану фанаттары», жаратылыстану ғылымы деп, дінді дүниелік пайдаларға құрал қылған «Дін фанаттарының» Құран аудармасы деп шектен шыққан қате пікірлері біз үшін қалыптасып қалған еді. Аллаһу та’алаға шексіз шүкірлер болсын, шынайы дін адамдарының ескертуімен жақсыны жаманнан ажырата бастадық. Миымызға құйып бергендерінің ілім емес, сырты тартымды у екенін, осылардың әсерімен жүрегіміз қарайғандығын түсіне алдық. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын көрмегенімізде, дос пен дұшпанды ажырата алмай, нәпсіміздің және дін дұшпандарының айлаларына, жалғандарына алданар едік. Дінсіздікті, әдепсіздікті озаттылық деп танытқан, жауыз дұшпандардың тұзақтарынан құтыла алмайтын едік. Халис, таза мұсылман болған ата-аналарымызды, аталарымызды және олардан үйренген Ислам білімдерімізді мазақ қылатын едік. Сүйікті пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” Ислам дұшпандарының тұзақтарына түсіп қалмауымыз үшін, бізге ескертіп:«Діндеріңді шынайы мамандардан үйреніңдер!» деген. Егер дін саласының маманын, яғни шынайы дін ғалымдарын таба алмасақ, онда олардың кітаптарынан үйренеміз. Бидғатшылардың, мазһабсыз, надан болған дін адамдарының діни кітаптары кәпірлердің кітаптары сияқты өте зиянды.

Әйелдер мен қыздардың бастары, шаштары, қолдары мен аяқтары ашық, ал еркектердің тізелері мен кіндіктерінің арасы ашық күйде адам арасына шығуы харам болып табылады. Яғни, Аллаһу та’ала бұған тыйым салған. Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарын білдіретін төрт хақ мазһаб еркектердің әурет жерлерін, яғни қарауға және өзгеге көрсетуге тыйым салынған мүшелерін әрбірі өзгеше білдірген. Әрбір мұсылманға өз ұстанған мазһабы хабар берген әурет жерлерін жабуы парыз болады. Осы жерлері ашық болған адамдарға өзгелердің қарауы харам болып табылады. «Кимйа-и Сә’адат» кітабында: «Әйелдер мен қыздардың басы, шашы, қолдары мен аяқтары ашық күйде көшеге шығулары харам болғанындай, жұқа, сәнді, тар, әдемі иісті киіммен жабынып шығулары да харам болып табылады. Осылай шығуына рұқсат берген, разы болған, қарсы болмаған ата-анасы, күйеуі мен бауыры да, оның күнәсі мен азабына ортақ болады» – делінген. Яғни, тозақта бірге жанады. Егер тәубе ететін болса, кешіріледі, тозақ отында жанбайды. Аллаһу та’ала тәубе еткен адамдарды жақсы көреді. Ақылы кірген, балиғатқа толған қыздар мен әйелдердің бөтен еркектерге көрінбеу керектігі хижреттің үшінші жылында әмір етілді. Дін дұшпандарына сатылған және олардың тұзақтарына түскен надандардың Хижаб аяты әлі келмеген кездердегі оранбай жүруді негізге алып, "орануды кейіннен фиқһ ғалымдары ойдан шығарды" деген сөздеріне алданбау керек.

Тағы да атап өтейік, бір бала, ақылы кіріп, балиғат жасына толғанда, яғни жақсыны жаманнан ажырата алатын және үйлене алатын жасқа келген кезде оның дереу иманның алты шартын үйренуі, содан кейін«Ахкам-и исламийа»-ны (Ислам үкімдерін), яғни парыздарды, халал мен харам болған нәрселерді үйренуі және бұған мойынсұнуы мойнына парыз болады. Қыз тоғыз жасқа, ал бала он екі жасқа толғанда «Ақылы кірген және балиғатқа толған» болады. Бұл ілімдерді ата-анасынан, туыстарынан, жақындарынан сұрап үйренуі парыз болады. Мұсылман болған кәпірдің де дереу бір дін адамына, имамға барып, осы ілімдерді үйренуі, олардың да үйретуі немесе дұрыс болған діни кітапты сыйға тартып, осы кітаптан оқып үйренуін ескертуі парыз болады. «Жарайсың, жарайсың» деп үйретпесе немесе кітап бермесе, парызды орындамаған болады. Парызды орындамаған адам тозақта жанады. Дін адамын және діни кітапты іздеп тапқанға дейін үйрене алмауы үзір болады.

Оқыған дұрыс Ислам білімдерімізді жастарға жеткізу үшін және бәрінің өмірде рахаттыққа, бақытқа және ахиретте мәңгі ниғметтерге қауышуын қамтамасыз етуге қызмет ету үшін Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан таңдап, құнды жазбаларды жаюды иншааллаһ жалғастырамыз.

Мақсаттарға жету үшін «Салатән тунжина» оқу керек: «Аллаһумма салли алә сәйидина Мухаммадин уә алә әли сәйидина Мухаммадин салатән тунжина биха мин жәми’ил әхуал-и уәл-афат уә тақди ләна биха жәми’ал хажат уә тутаһһируна биха мин жәми’иссәййиат уә тәрфә’уна биха ә’ләддәражат уә тубәллиғуна биха ақсал-ғайат мин жәми’ил хайрат-и фил хайати уә бә’дәл-мәмат».

Әр түрлі қиыншылық пен қауіптерден қорғану, шайтан мен дұшпандардың зиянынан және қастандықтарынан құтылу үшін«Истиғфар» (астағфируллаһ) оқудың өте пайдалы екені хадис шәрифтерде білдірілген.