Сұрақ: Дәрет немесе ғұсыл кезінде бір ағзасын жумай кеткені бірнеше сағат немесе күннен кейін есіне түскен адам не істейді?
Жауап: Есіне түскен кезде тек жуылмаған жерін ғана жуу жеткілікті болады. Малики мазһабын тақлид ететін адам болса, жууды ұмытқан жері еске түскен кезде дереу жууы керек болады. Оқыған намаздарды қайта оқуы қажет емес. «Жудым ба, жумадым ба» деп күмәнданатын болса, бұл уәсуәса болады, жууы қажет емес.
Ғұсыл алғаннан кейін бір жерінде клей секілді су өткізбейтін бір нәрсенің жағылғанын байқаған адам клейді алып, астын жуса жеткілікті болады. Басынан шомылып, ғұсыл алу қажет емес, Маликиде де осылай.
Жуылмаған жер қалса
Сұрақ: Маликиді тақлид ету жайында оқығанымда «Ғұсылда немесе дәретте жуылмаған жер қалғанын бір айдан кейін болса да еске түскен кезде тек сол жерді ғана жуу жеткілікті болады. Дереу жумайтын болса, ғұсыл немесе дәрет қате болады, бірақ бір айдан бері оқыған намаздардың қазасын оқу қажет емес» делінген. Бұл жағдай Ханафи мазһабында болған адамның басынан өтсе, бір айлық, тіпті бір уақыт намазды қайта оқып шығу хараж (қиындық) болатындықтан, Маликиді тақлид етіп намаздарының қазасын оқуы жаиз болады ма?
Жауап: Иә, жаиз болады. Маликидегідей осылайша оқылған намаздардың қазасын оқу қажет емес.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024