Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) риуаят еткен. Расулуллаһ алейһиссалам былай деді:
«Йа Әли! Келінді өз үйіңе алып келген кезіңде оның аяғынан шұлығын шеш, аяғын жу. Сол суды үйдің барлық бұрыштарына сеп. Осылай істейтін болсаң, Аллаһу та’ала сенің үйіңнен жетпіс түрлі кедейлікті сыртқа шығарады. Жетпіс түрлі берекетті үйіңе кіргізеді. Жетпіс періштені саған түсіреді. Сол келінмен және оның берекеті үйдің бұрыштарына дейін жеткен болады. Келін ақылдан алжысудан және басқа да аурулардан сақ болады. Йа Әли! Келінді алғашқы аптада айран, қатық ішуден, сірке суы және қышқыл тағамдардан тый!»
Хазреті Әли «Йа Расулаллаһ! Не себептен бұл нәрселерді бермеуім керек?» деп сұрады. Былай жауап берді: «Мұның себебі – маринадталған тағамдар, айран жатырда бала пайда болуына бөгет болады. Үйде бір алашаның болуы бала туа алмайтын әйелден жақсырақ.» Хазреті Әли: «Йа Расулаллаһ! Сірке суының салдары қандай» деп сұрады. «Сірке суын тағамда қолданған әйелдің хайзы (етеккірі) қиын болады, әрі тазалануы ұзайды. Егер Аллаһу та’ала бір нәресте беретін болса, туылуы қиын болады. Бірақ қышқыл алма жеу хайз қанын тоқтатады. Оның артынша басқа аурулар шығады» деп жауап береді.
Бұдан кейін Расулуллаһ алейһиссалам былай деді: «Йа Әли, айдың басында, ортасында және соңында жұбайыңмен қосылма, әйтпесе жұбайыңда және балаңда алапес, ақылдан алжысу және ластық болу қаупі бар.
Йа Әли! Жұбайыңмен екінді (аср) намазынан кейін қосылма. Егер Аллаһу та’ала нәресте нәсіп ететін болса, қыли көзді болады және шайтан қыли көзді балаға қуанады.
Йа Әли! Әйеліңмен қосылған кезде көп сөйлеспе, егер бала көтеретін болса, парақор болады. Әурет жерлеріне қарама. Жақындасу кезінде көздеріңді жұмба, баланың көр болуына себеп болады.
Йа Әли! Өз әйеліңе басқа әйелге деген құмарлықпен (шәһуетпен) жақындама, егер бала көтеретін болса, қыз қылықты бала болады. Әйелдерге ұқсауға тырысатын болады.
Йа Әли! Жүніп болған кезіңде Құран кәрімді мүлдем оқыма, себебі аспаннан от түсіп, сені жағу қаупі бар. Жүніп күйіңде сұхбаттаспа. Сенің су ыдысың болсын, жұбайыңның бөлек су ыдысы болсын. Бөлек су ыдыстарымен тазаланыңдар. Егер екеуің де бір су ыдысынан жуынатын болсаңдар, шәһует шәһует үстіне түседі, араларыңа дұшпандық түседі. Талақ және ажырасумен аяқталу қаупі бар.
Йа Әли! Екеуің де түрегеп тұрып жақындаспаңдар, есектер осылай жақындасады. Егер бала көтерсе, төсекке жіберетін болады.
Йа Әли! Жұбайыңмен айт күндері жақындаспа! Егер бала көтеретін болса, алты немесе төрт саусағы болады.
Йа Әли! Жұбайыңмен жеміс ағашы түбінде жақындаспа, егер бала көтерсе, адам өлтіруші, қан төгуші болады, халыққа зұлымдық жасайды. Йа Әли! Айдың жарығында жақындаспа, Егер бала көтеретін болса, кедейліктен өмір бойы құтыла алмайды.
Йа Әли! Азан мен қамат арасында жұбайыңмен жақындаспа, егер бала нәсіп болатын болса, қан төгуге бейім болады.
Йа Әли! Әйелің жүкті кезде онымен дәретсіз күйде қосылма. Егер нәресте туылса надан және бақыл болады.
Йа Әли! Шабан айының ортасында, Бәрат түнінде жұбайыңмен жақындаспа, егер араларыңда бала болса, терісінде, түктерінде және бетінде жаман белгілер болады.
Йа Әли! Жұбайыңа балдызыңа деген құмарлықпен жақындаспа, егер бала көтерсе, ұры болады және халықтың пәлекетке ұшырауы оның кесірінен болады.
Йа Әли! Жұбайыңмен айналада дуал болмаған жерде қосылма, егер араларында бала болса, екі жүзді, бидғатшы және құмарбаз болады.
Йа Әли! Сапарға шығатын түні әйеліңмен жақындаспа, егер бала көтеретін болса, мүлкін харам жерлерге жұмсаушы болады. Бұдан кейін мағынасы: «Мал-мүлкін шашып тарататындар – шайтанның достары» болған аяти кариманы оқыды. (Исра сүресі, 27 аяти каримасы.)
Йа Әли! Үш күндік сапардан келген түнде жұбайыңмен жақындаспа. Егер бала көтерсе, бала залым болады.
Йа Әли! Дүйсенбі түні жұбайыңмен жақындасатын болсаң, араларыңда бала болса, Құран қариы болады. Аллаһу та’аланың бергеніне разы болады.
Йа Әли! Сейсенбі түні жұбайыңа жақындайтын болсаң, бала көтерсе мүмин болады және жақсы мінезді болады. Көңілі жұмсақ, қолы ашық (жомарт), тілі өтіріктен, жаладан және ғайбаттан пәк болады.
Йа Әли! Бейсенбі түні жұбайыңмен жақындас, бала көтерсе хикметі көп басқарушы болады. Сондай-ақ, ілімі көп ғалым болады және ілімімен амал ететін болады. Бейсенбі күні түске дейін жұбайымен қосылса, егер бала көтерсе оған шайтан өлгенге дейін мүлдем жақындай алмайды. Дүние мен ахиретте саламатта болады. Егер жұма түні жұбайыңмен жақындассаң, бала көтеретін болса, Құран қариы болады. Немесе имам болады. Немесе уағызшы болады. Егер жұма күні жұбайыңмен қосылсаң, бала көтерсе, бұл бала ғалым болады. Діндарлығымен атақты және әйгілі болады. Егер жұма түні құптан намазынан бір сағаттан соң жұбайыңмен жақындассаң, бала көтерсе абдалдар (әулиелер) қатарынан болады.
Йа Әли! Жұбайыңмен түннің алғашқы уақытында жақындаспа, егер бала көтерсе палшы және сиқыршы болады. Ахиретті тастап, дүниені таңдайды.
Йа Әли! Менің өсиетімді жаттап ал, Аллаһу та’аланың рұқсатымен саған пайдалы болсын» (Мәнақиб-и чихар йары гузин кітабы)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024