Сұрақ: Айт құрбандығын айтта шала алмаған адам айттан кейін шалса жаиз болады ма?
Жауап: Айт құрбандығын үшінші күннің кешіне (ақшамына) дейін шала алмаған адам құрбандықты (малды) сатып алып қойған болса, тірі күйінде өзін немесе құнын (бағасын, алтын күйінде) кедейлерге береді. Айттан кейін шалатын болса, етін өзі жей алмайды. Толықтай кедейлерге таратады. Бүкіл етінің құны тірі кезіндегі құнынан аз болса, арасындағы айырмашылықты да садақа ретінде береді. Сатып алмаған болса, орта шамада бір құрбандық құнын алтын күйінде кедейлерге береді. Осылайша жазадан құтылады, дегенмен құрбандық шалу сауабын ала алмайды. (Рәддул мухтар)
Сұрақ: Өткен жылғы уәжіп құрбандығын шала алмаған адам осы жылы шалса немесе осы жылдың уәжіп құрбандығын шала алмаған адам келесі жылы шалса жаиз болады ма?
Жауап: Екеуін де істеуге болмайды. Орта шамада бір құрбандық құнын алтын күйінде бір кедейге береді.
Сұрақ: Уәжіп болған құрбандығымды құрбан айтта шала алмадым. Мұның ақшасын алтын күйінде кедей болған күйеуіме берсем жаиз болады ма?
Жауап: Иә, жаиз болады. (Имамәйннің қаулысы бойынша.)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024