Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Бір жануарды көзіміздің алдында отқа тастаса, ұжданы бар адам бұған шыдай алмайды. Жағдай осындай болса, кейбірлері бала-шағасын, өз жұбайын, тіпті өзін де қалайша отқа тастап жібереді? Өте өкінішті! Бұл өмір бір күні бітеді. Соңында бәрімізді кебінге орайды. Одан кейін ешкімнен пайда күте алмаймыз. Ол мүмкіндік өтіп кеткен болады. Иманмен жан тапсырған адам қандай бақытты!
Табииннің ұлыларынан Омар бин Абдулазиз хазреттері әділеттің нышаны еді. Бір күні шопан қасқырдың отарға шабуылдағанын көргенде «Халифа Омар бин Абдулазиз қайтыс болды» дейді. Қайдан білгені сұралған кезде: «Ол тірі кезінде қасқырлар отарға шабуылдамайтын еді» деп жауап береді. Міне осындай кісі былай деген: «Мен қайтыс болып, қабірге қойған кездеріңде басымның тұсына қабір көрінетіндей етіп тесік жасаңдар. Басым сырттан көрініп тұрсын. Мені құбылаға каратып жатқызыңдар. Бір күнен кейін тесіктен қараңдар! Егер басым құбыладан басқа жаққа бұрылған болса, бүкіл достарыма «Омар бин Абдулазиз имансыз кетті» деп айтарсыңдар. Бұдан кейін олар жыласа да, қайғырса да пайдасы болмайды. Егер бетім құбыладан бұрылмаған болса, қабірді жабыңдар, «Қуаныңдар, ей достар, Омар бин Абдулазиз де иманын құтқарды» деп айтарсыңдар. Өйткені мен өз қолыммен 44 кісіні жерледім. Төртеуінен басқа бәрі бетін басқа жаққа бұрды.»
Иман – мүмин мен от арасындағы үлкен дуал секілді. Мүминді оттан қорғайды. Иманы болмаған адам қурады деген сөз. Қураған ағаш тек отын ретінде жағылуға лайықты.
Мәңгілік, яғни шексіздік дегеннің не екенін жақсылап ойлау керек. Имам Ғазали хазреттері былай деген:
«Тозақта мәңгі қалатындарға егер "Сендер көл мен теңіздердегі тамшылар мөлшеріндей, шөлдегі құм даналары мөлшеріндей жанғаннан кейін шығасыңдар" делінгенде еді, "Ақыр соңында құтылады екенбіз" деп қуанатындығы соншалық, тіпті қалай жанғандарын да түсінбейді. Бүкіл әлем, барлық аспан бидайға толы болса, бір торғайға "Сен жылына бір данадан жейсің" десе, бұл бидайлар ақыр бір күн бәрібір таусылады, бір әлем бидай болса да шексіздіктің жанында тіпті салыстыруға келмейтіндей дәрежеде есебі де болмайды.»
Міне осындай мәңгі азапты ойлап иманды қорғауға тырысу керек.
Қайтыс болған бір әулие кісіден «Дүниеге қайтып келуді қалайсыз ба?» деп сұралғанда, «Дүниені тұтастай, есебі сұралмау шартымен берсе де қайтуды қаламаймын. Тек әр есікті аралап, өлім мен қабір жағдайларын айтып беру үшін ғана қалаймын» дейді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024