Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Екі нәрсеге мән берілсе, жеңіс міндетті түрде нәсіп болады: 1) Намазды дұрыс оқу, 2) Әмірге (басшыға) бағыну. Құран кәрімде «Аллаһқа, Расулына және өздеріңнен болған мұсылман әмірлерге бағыныңдар» делінген. Әмірге бағынбау харам болып табылады.
Сүйікті пайғамбарымыз «Менің үмбетім бір дене секілді» деген. Бір денеде екі жүрек, сегіз көз, қырық құлақ болмайды. Жетістікке жету үшін бірлік болу керек. Әмірдің бұйрықтарына бір рет болса да қарсы шығуға немесе сын айтуға ешкімнің ақысы жоқ. Өз ақылын, ой-пікірін айтуға құқығы болса да, бәрібір соңғы сөзді әмір айтады, шешімді әмір береді.
Расулуллаһ "саллаллаһу алейһи уәсәлләм" византиялықтармен соғысуға әскер жасақталуын әмір етіп, азат етілген құлы және асыранды баласы Зәйд бин Харисаның ұлы болған 22 жасар хазреті Усаманы сол әскерге қолбасшы қылды. Әскердің сапында Сахабалардың үлкендерінен бәрі бар еді, бірақ ешбірі «Біз қара нәсілді күңнен тұған Усаманың қол астында соғысамыз ба?» демеді.
Штаб құрылды, әскер жасақталды. Бастамақшы болған кездерінде Расулуллаһ "саллаллаһу алейһи уәсәлләм" қайтыс болды. «Кері қайту керек пе, жалғастыра беру керек пе» деп хабар күтіп отырғанда, халифа ретінде сайланған хазреті Әбу Бәкір дереу Асхаби кирамның алда жүретіндерін жинады. «Көріп тұрсыздар, Расулуллаһтың қайтыс болуымен арап тайпалары билікке қарсы көтеріле бастады, мүртәдтардан мүшриктердің саптарына қосылғандар да болды. Мүшриктер болса, Мәдинаның айналасында мүмкіндікті күтіп жүр. Ислам әскері алыста жорықты жалғастырса, қаламызды қоршап тұрған мүшриктер Мәдинаға шабуылдауы мүмкін. Не дейсіңдер, әскер кері қалаға қайтсын ба, әлде жорығын жалғастыра берсін бе?» деп сұрады. Мәдиналықтардың барлығы «Басқа әскеріміз жоқ, әскер кері қайтсын. Жорыққа кейінірек шығады. Дегенмен, соңғы шешім өзіңізден» дейді. Халифа, яғни әмір хазреті Әбу Бәкір «Истишара жасалды (ақылдастық), енді соңғы шешімімді тыңдаңдар. Қалада бірде-бір еркек қалмастан, бәрі әскерге қосылады, әскер жорығын тастап кері қайтпайды» деді. Сол кезде жиналғандардың ішінде жалғыз өзі ғана осындай ойда еді және осындай шешім қабылдады. Аяғында, соғысқа жіберген әскері де жеңіске жетті, әскердің жоқтығынан пайдаланып қаланы басып алуды көздеген кәпірлер де «Осы қайғылы күндерінде осындай үлкен әскер жинақтап соғысқа шығарған болса, қаланың ішінде кім біледі, әлі қанша әскер бар екенін?» деп көздері қорққандықтан шабуылдай алмады. Егер жолдағы әскер кері қайтса, батылдықтары жетіп, қан төгілер еді. Халифа «Истишара жаса (ақылдас), шешім бергеннен кейін Аллаһқа үміттен және шешіміңнен қайтпа!» деген мағынадағы аяти каримаға мойынсұнудың берекетін көрді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024