Сұрақ: Сөз тартысудың зияндары қандай?
Жауап: Шындықты анықтау ниетімен болса да, басқаларды сөзбен жеңу үшін сөз тыртысулар өте зиянды. Егер бір адамда сөз тартысуда сөзбен жеңуді жақсы көру, шындықты қарсы тараптағы адамнан естуден жағымдырақ болса, жамандықтың бәрі ішіне кіріп алған деген сөз. Сөз тартысуда жеңіп шығу қалауы басқа жамандықтарға себеп береді.
Сөз тартысудың он зияны бар:
1) Хаседке (көре алмаушылыққа) жол ашады:
Ал хасед, жақсылықтарды оттың отынды жаққаны сияқты жағады. Сөз тартысуда сөзбен жеңу де, жеңілу де зиянды. Жеңілген адамға «Пәленшенің ой-өрісі сенен жақсырақ екен» деген кезде, сөзбен жеңген адамға хасед ете бастайды. Сөз тартысуда жеңген адам өзін үстем санай бастайды. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала тәкәппарланған адамды төмендетеді, қарапайым болғанды көтереді» делінген. (Табарани)
2) Шындықты мәнсіз қылып көрсетеді:
Сөз таласқан адам өзін үстем санау ауруынан құтыла алмайды. Әрдайым сөз таласуда ұтып шығуды қалайды. «Неге осы сен ғана сөйлей бересің?» деп сұрағандарға «Біз осы әрекетімізбен білімнің құндылығын қорғап жүрміз» дейді. Қарсы тараптағы адамының айтқандарына мән бермейді, оның дәлелдерін мәнсіз санайды. Хадис шәрифте: «Шындықты, хақты мәнсіз санау тәкәппарлықтан туындайды.» делінген. (И.Ғазали)
3) Кек сақтауға жол ашады:
Пікірінің қабыл етілмегенін байқаған сөз таласушы қарсы тараптағы адамға кек сақтайды, кейде өмір бойы оны кешірмейді. Кек сақтау – пәлекет. Хадис шәрифте «Мүмин кек сақтаушы болмайды» делінген. (И.Ғазали)
4) Ғайбатқа себеп болады:
Сөз таласушы қарсы тараптағы адамның сөздерін айтып, «Ол осылай айтты, мен былай жауап бердім» деп, өзін ғайбаттан құтқара алмай қалады. Алайда, ғайбат жасау – өлексенің етін жеу секілді.
5) Мақтануға себеп болады:
Сөз таласушы жеңіп шығатын болса, өзін мақтанудан құтқара алмайды. «Мына дәлелдерді айтып үнін өшірдім» деу арқылы өз-өзін мақтайды. Алайда «Жаман болған дұрыстық – адамның өз-өзін мақтауы.» Бір аяти кариманың мағынасы:
«Аллаһу та’ала өз-өзін ұнатып мақтанатын ешбір адамды жақсы көрмейді.» (Лоқман 18)
Досын жеңіп шығумен мақтанатын топта бауырмашылдық құрылуы мүмкін бе? Мақтану өзгені төмен, бейшара көруден туындайды. Алайда, хадис шәрифте былай делінген:
«Дін бауырын төмен санау жамандық ретінде жеткілікті болады.» (Мүслим)
6) Кемшілік іздеуші болады:
Сөз таласушы қарсы тараптағы адамды жеңу үшін оның жасырын кемшіліктерін іздеуден өзін тоқтата алмайды. Алайда, өзгелердің кемшілігін іздеу күнә болып табылады. Сөз таласушы қарсы тараптағы адамның денесіндегі кемшіліктерді ишарамен болса да айтады. Мәселен, қарсы тараптағы адам көзілдірік киетін болса, «Бұл ақиқаттар көзілдірік арқылы байқалмайды» деу арқылы қарсы тараптағы адамның көзіндегі, денесіндегі кемшіліктерін білім нұқсандығы үшін үзір ретінде санайды.
7) Келген зиянға қуандырады:
Сөз таласушы қарсы тараптағы адамның жаман жағдайға түсуіне қуанады. Алайда, хадис шәрифте былай делінген:
«Өзі үшін жақсы көретін нәрсені дін бауыры үшін жақсы көрмеген адам кәміл мүмин бола алмайды.» (Бұхари)
8) Рияға жол ашады:
Сөз таласушы сырттай қарсы тараптағы адамға сүйіспеншілік танытып жатқан болса да, мұның жалған екенін біледі. Ал бұл нәрсе екі жүзділіктің белгісі. Сөз таласушы халықтың көзіне түсуге тырысады. Бұл болса рия болып табылады. Хадис шәрифте: «Рия – кіші ширк» делінген. (Табарани)
9) Ақиқатты жоққа шығаруға жол ашады:
Ақиқаттың қарсы тараптағы адамның тілінен естуді жақтырмайды. Ал бұл нәрсе пәлекет болып табылады. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’аланың ең жақтырмайтын адамы – ақиқатты қабыл етуге қарсы болған адам» делінген. (Бұхари)
10) Қырсығуға себеп болады:
Ал қырсығу жек көрушілікке, дұшпандыққа жол ашады. Хадис шәрифте былай делінген:
«Дін бауырыңа қарсы шықпа, бос сөйлеме, (ренжітетін) қалжыңдар айтпа және берген сөзіңнен қайтпа!» (Тирмизи)
Сөз тартысу зиянды
Бәрі нәрсеге сөз қайтаруды әдетке айналдыру, «Жоқ, олай емес» деу өте жаман нәрсе. Мәселен, біреу «Далада 25 градус ыстық» десе, оған «Жоқ, 30 градустан төмен емес» деу, оның сөзіне қарсы келу болып табылады. Өйткені бұлай айту «Сен білмейсің, бұл нәрсені сен түсінбейсің, сен ақымақсың, мен ақылды және білімдімін» деген сөз. Ал бұл нәрсе өзін жоғары санап, өзгелерге тиісу деген сөз. Қажетсіз қарсы алдымыздағы адамның кемшіліктерін тауып, оған көрсету күнә болады. Себебі, оның айыбын айтумен оны ренжіткен және көңілін қалдырған боламыз. Зәруліксіз ренжіту харам болып табылады. Мұндай жағдайларда өзгенің қатесін айту қажет емес. Ал үндемей қою иманның кемелдігін көрсетеді. Малик бин Әнас хазреттері «Сөз тартысудың дінде орны жоқ. Сөз тартысу жүректі қатайтады, кек және жек көрушілік тудырады» деген. «Ең жақсы көретін садық досыңды сөз тартысып бір рет қана ашуландыр, бұдан кейін басыңа келетін пәлекетті көр» делінген.
Бір адамның мүлдем күнәсі болмаса, адамдарды дұрыс жолға шақырамын деп сөз тартысуға кіріссе, бұл әрекеті оған күнә ретінде жетеді. Қарсы келуді, сөз тартысуды әдетке айналдырған адам жаман мінезді болады.
Имам Ғазали хазреттері «Тек атын шығаруды көздеген адам сөз тартысуды жақсы көреді. Ал аты шығып танымал болу – апат» деген.
Сөз тартысу – достың достығын азайтады, ал дұшпанның дұшпандығын арттырады. Салих мүмин тәкәппар болмайды, салмақты болады, дүниелік істерде оңайлық көрсетеді. Дін істерінде дұрыс болады. Мүлдем сөз таласпайды!
Әнасбин Малик хазреттері білдірген: Біз бір күні діни мәселеде сөз тартысып жатқанымызда Расулуллаһ алейһиссалам жанымызға келді. Бізге ашуланғаны соншалық, мұндай жағдайда оны мүлдем көрмеген едік. Былай деді:
«Сөз тартысуды доғарыңдар! Сендерден бұрын келгендер тек осының кесірінен ғана құрып кеткен еді. Сөз тартысудың пайдасы жоқ, сөз таласу зиянды. Мүмин сөз тартыспайды. Сөз тартысқан адамға шапағат етпеймін.» (Табарани)
Айтқаны дұрыс бола тұра сөз тартысуды тоқтату, айтқаны қате бола тұра сөз тартысуды тоқтатудан қиынырақ. Осы тұрғыдан, айтқаны дұрыс бола тұра сөз тартысуды тоқтатудың сауабы да көбірек болады.
Достар арасындағы кек сақтау отын алаулататын нәрсе – сөз тартысу. Сөз тартысу – қарсы тараптағы адамды надан орнына қою, «сен білмейсің, мен білемін» деп айту деген сөз. Надандықпен айыпталған әр адам аз болса да, қатты болса да, әйтеуір ашуланады. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’аланың ең жек көретін құлы – сөз тартысуда алға шыққаны» делінген.
Сөз тартысу – өзінің ақылда, қасиетте және білімде үстемірек екенін дәлелдеуге тырысу деген сөз. Ал бұл нәрсе қарсы тараптағы адамды надандық және ақымақтықпен айыптау деген сөз. Бұл дегеніміз дұшпандықтың дәл өзі. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Сөз тартыспайтын, ешкімді ренжітпейтін адам жәннатқа кіреді.» (Тирмизи)
«Сөйлесіп жатқанда қарсы келмейтін немесе айтқаны дұрыс болса да сөз тартыспайтын адамға жәннатта зәулім сарай беріледі.» (Табарани)
«Айтқаны дұрыс болса да сөз тартысуды доғармаған адам шынайы иманға қауыша алмайды.» (Ибн Әбиддүнийа)
«Фитна шығуынан сенімді болмаған ұрыстарды тәрк етіңдер.» (Табарани)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024