ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖАЙЫНДА

Ей бишаралар, сендер өлімнен қашасыңдар. «Пәленше өлді, мен оның жанында жүретін болсам, маған да жұғып кетеді» дейсіңдер. Және «Оба, жұқпалы ауру пәлен аймаққа келді» деп, басқа жерге қашасыңдар. Бұлай сену харам болып табылады. Ауру, Аллаһу та’ала қаласа, жұғады.

Ей бишаралар, қайда қашасыңдар?! Өлім сендерге уәде етілген. Ажалдың уақыты өзгермейді. Аллаһу та’ала сендерге ажалдарың келгенде, көзді ашып-жұматындай уақыт та бермейді. Тағдырда не жазылған болса, бұдан артық та, кем де болмайды.

Аллаһу та’ала әмірін қай жерде үкім еткен болса, ол кісі мал-мүлкін, бала-шағасын және әйелін, бәрін тастап, сол жаққа кетеді. Және тағдырындағы жерге бармағанша, жанын алуға әмір етілмейді.

Әрбір адам ажалы келгенде көз жұмады. Араф сүресінің 30-шы аятында: «Ажалдары келген кезде, оны біраз алға немесе біраз кері жылжыта алмайды» делінген.

Адам туылмай тұрып қанша өмір сүретіндігі тағдырына жазылған. Адам қай жерде өледі, тәубесімен бе, әлде тәубесіз бе, қандай аурулардан, иманмен бе, әлде имансыз өледі ме, мұның бәрі ләух-и махфузда жазылған. Расында, Лоқман сүресінің соңғы аятында бұған ишарат бар.

Аллаһу та’ала өлімді жаратты. Содан соң өмірді жаратты. Одан кейін ризқымызды жаратты және ләухқа жазды.

Аллаһу та’ала сендердің күніне қанша рет тыныс алатындарыңды білуші, мұны ләухқа жазған. Періштелер күтеді, уақыты келгенде мәләк-ул-мәутке (өлім періштесіне) хабар береді.

Егер де өміріңде Құран кәріммен бекітілген сөздерді сеніп ұстанған болсаң, бақытпен кетесің! Барлық нәрселерді Аллаһу та’аладан деп біл! Қайтыс болған адамның артынан айқайлап жылама! Осы сияқты нәрселер имансыз кетуге себеп болады. Нәузубиллаһ. Күнә және қателік істеп қойған кезде шынайы тәубе ету керек.

Аллаһу та’ала Әзірейіл алейһиссаламға: «Достарымның жанын жеңіл ал, дұшпандарымның жанын қинап ал!» дейді.

Қияметтің бір күнінің мерзімі дүниенің мың жылындай болады немесе елу мың жылдай созылады. Бұл жөнінде тәпсірлер көп. Сәжде сүресінің бесінші және Мәариж сүресінің төртінші аяттарынан аңғарылуда.

Содан кейін, періштелер дұшпанның жанын азаппен алады. Оны тілмен жеткізу мүмкін емес. Бізді жоқтан бар қылған Аллаһқа сиындық. Кейбір мәйіттер төсегінде шаян секілді ары-бері аунайды. Расында, Аллаһу та’ала «Уәнназиати» сүресінде айтқан. Ол періштелер азап беріп, бір-бірімен сөйлеседі. Жәбірейіл алейһиссалам сол періштелерге: «Мейірімділік жасамаңдар!» дейді. Мұнафиқтардың жаны мұрнының ұшына келеді. Қайтадан қойып жібереді. Әрбір ағзасын қатты қысқандығы соншалық, көздерінің нұры төгіледі. Періштелер былай дейді: «Сен жәннаттық емессің! Аллаһу та’ала саған ашуланды! Саған көмек жоқ! Сен тірі кезіңде істегендеріңді ұмыттың ба? Ей жаман адам! Саған сондай азап әзірленді, мұнафиқтар мен кәпірлердің азабы. Өйткені, сенде намаз жоқ, зекет жоқ, садақа жоқ, кедейлерге мейірім жоқ еді. Харамнан сақтанбайтын едің, бүкіл істерің бұзылған еді. Ғайбат айтатын едің және де Аллаһ кәрим (жомарт) дейтін едің, міне, азап та өте ауыр.» Сол кезде Аллаһу та’ала:«Сол мұнафиқтар бір күн болса да, өлімді есіне алмады. Тәкаппар болатын еді. Парыз, сүннет, уәжіпті орындамайтын еді. Енді менің азабымды көрсін!» дейді. Қайтадан забанилер (азаптаушы періштелер) тырнақтарының түбінен жабысып, жанын кеудесінің тамырларынан шығарады және алқымына көтеріп, қайтадан жібере салады. Тағы да үндеу келеді: «Ғалымдар сендерге насихат етпеді ме? Кітаптарымызды оқымадыңдар ма? Ғафил болмаңдар, шайтанға ермеңдер демеді ме? Барлық нәрсені Аллаһу та’аладан деп біліңдер демеді ме?» Дүниелікке ашкөзді болмаңдар! Аллаһу та’аланың бергендеріне қанағат етіңдер, кедейлерге мейірімділік жасаңдар, мұқтаждарға тамақ беріңдер! Аллаһу та’ала сондай патша, сендерді жаратты және азықтандырумен қамтамасыздандырды және саған Одан бір қиындық келсе тағы Одан сұрайсың, жалбарынасың және құтылуды Одан сұрайсың. «Мен дәрігерлерге ақша беріп жазылып кеттім» деп айтпа! Аллаһу та’аланың мейірімі деп біл! Әлгі сенің мүлкім дегенің – саған берілген аманат. Одан сендердің дерттеріңе дауа болмайды. Халал болса, есебін беруге міндеттісіңдер. Сондай-ақ, Аллаһу та’ала қанша тағдыр етсе, сонша аласың, мал-мүлік үшін, бала-шаға үшін, достарың үшін қаншалықты күйінсең және қай жерге қашсаң да, құтыла алмайсың. Тек жерің қай жақ болса, сол жерге жерленесің. Ажалың келмегенше, саған ешкімнен зиян келмейді. Тек қана қауіптен қорғану және дерттерге дауа болған себептерге жабысу әмір етілді.

Қашан Аллаһу та’ала сендерге денсаулық сияқты, мал-мүлік сияқты, бала-шаға сияқты ниғмет берсе, қуанып «Әлһамдулиллаһ, Раббымыз бізге нәсіп етті» дейсіңдер. Қашан Аллаһу та’ала сендерге қиыншылық берсе, яғни сендерге бір пәлекет жіберсе, қайғырасыңдар, сабыр етпейсіңдер, шүкіршілік етуді ұмытасыңдар.

Аллаһу та’аладан «Ей періштелерім! Оны ұстаңдар» деген үндеу келеді. Періштелер оның жанын барлық қылдарының түбінен сұырып алып, қайтадан жібере салады. Оны Хақ та’ала беретін азаптан құтқаруға ешкімнің күші жетпейді.

Төсегінде өлім жағдайында жатқан адам бұл азапты көріп, «Қап, қап, әттең тірі кезімде амалдарымды орындап өтегенімде, қазір осы азапты шекпес едім» дейді. Қайтадан, сол науқастың жанындағы адамдарға былай дейді: «Ей менің тәкаппар құлдарым! Міне, мына достарыңды мал-мүлік жұмсап құтқарыңдар! Өмірде мен жіберген қиындықтарға сабыр етпейсіңдер, маған шағымданасыңдар. Міне бұл құл азапта және жаны алқымына келді. Менің құдіретімнен!» Періштелер бұл сөзді есітіп «Йа Раббымыз! Сенің азабың хақ» деп, сәждеге жығылады. Хақ та’ала бұларды Құран кәрімде хабар берген. Одан кейін, періштелерге қайтадан «ұстаңдар» деген дауыс келеді. Олар сондай бекем ұстайды, барлық жерінде, тіпті бір қылының түбі де бос қалмайды. Періштелер бірдей дауыс шығарып: «Ей, Аллаһтың дұшпан құлының жаны, кел, тәніңнен шық. Бүгінгі күн – саған азап берілетін күн. Аллаһу та’аладан басқаны жақсы көргенің үшін, тәкаппар болып, кедейлерге сәлем бермейтін едің, харам болған нәрселерді істейтін едің және жалғанды хақ, хақты жалған деп санайтын едің» дейді. Бұлар жайында Құран кәрімде хабар берілген.

Содан соң әлгі кісі періштелерге «Бір дем рақым беріңдер, есімді жинап алайын» дегенінде, мәләк-ул-мәуттің (өлім періштесінің) басының түбінде тұрғанын көреді. Оны көргенінде бұл азаптарды ұмытып, дірілдей бастайды. Мәләк-ул-мәуітті көрген кезінде «Осыншама періште азап беріп жатқанда, сен кімсің және неге келдің?» Одан соң өлім қорқынышты, сұсты дауыспен былай дейді: «Мен өліммін, сені дүниеден шығарамын. Бала-шағаңды жетім қалдырамын және өміріңде жақсы көрмеген туысқандарыңа мал-мүлкіңді мирас қылып қалдырамын.

Өлімнен бұл сөздерді естіген кезде дірілдеп, бетін ары-бері бұрады. Өйткені, белгісі осы және Бухаридегі хадис шәрифте Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәллам": «Періштелерді естігенде, бетін қабырғаға бұрады, алдында өлімнің тұрғанын көреді» деген.

Қай жаққа бет бұрса да, өлімді сол жақта көреді және қайтадан артына бұрылады.

Мәләк-ул-мәут қатты дауыспен айқайлап былай дейді: «Мен сол ұлы періштемін, ата-анаңның жанын алдым, сен сол кезде олардың жанында едің, оларға қандай пайдаң тиді? Міне, барлық достарың қарап тұр, бұдан не пайда? Сондай-ақ, мен сондай ұлы періштемін, сенен бұрын өлтіргендерімнің күш-қуаттары сенен артық еді.»

Әлгі жатқан кісі періштелермен осыншама сөйлескеннен кейін, азаптаушы періштелер кетіп қалады. Әзірейіл алейһиссаламның сұсты кейіпін көрген кезде, сол сәтте ақылынан айрылады.

Әзірейіл алейһиссалам: «Дүние қандай екен?» деп сұрайды. Жан таласып жатқан адам «Дүниенің қызығына алдандым да, осы жайғдаға тап болдым» деп жауап береді.

Және Халлақи жиһан (әлемнің жаратушысы) дүниені жаман, ұсқынсыз әйел кейіпіне енгізеді, көздері көк, тістері өгіздің мүйізі сияқты болады, сасық иіспен келіп, кеудесінің үстіне отырып алады.

Содан соң, әлгі кісінің мал-мүлкін алдына алып келеді. Жәбірлеп, харам және халал демей тапқан мал-мүлкін көз алдында мирасшыларына береді.

Одан кейін бұл мал-мүлік өз иесіне «Ей дұшпан! Мені жинадың, жаман жерге жұмсадың, садақа, зекет бермедің. Ал қазір сенің мүлкіңнен шықтым, сен қаламайтын адамдарыңның қолына кеттім, олар саған рахмет айтпастан алды» дейді.

Осы жағдайда шөлдеп, жүрегі жанып күйіп, төрт жағына қарайды.

Бұдан кейін, осы жағдайында шайтан мүмкіндік тауып иманын алу үшін бас жағына келеді. Ол малғұнның қолында бір ыдысы болады. Ішінде мұздай су, науқастың басының жанында осы ыдысты шайқайды. Оны көреді және естиді. Сол жерде және сол кезде кедей мен байдың жағдайы белгілі болады.

Егер бақсыз болса, «Бер-ші, суды ішейін» дейді. Өлетін адамнан бұл сөзді есту малғұн шайтанның арманы болады. Шайтан былай дейді: «Құдай жоқ деп айт!» Егер адам шақи болса, малғұнның айтқанын қайталап, иманы кетеді. Бірақ, әрбір нәрседе хикмет Аллаһу та’аладан, осындай жағдайдағы науқастың қасында су болу керек. Және жиі-жиі аузын ашып, су беріп тұру керек.

Егер науқас бақыттылардың қатарында болса, шайтанға лағнет етіп, оған сөз қайтарады.

Өмірі бітіп, уақыты келгенде (егер мүмин болса) әмір етіледі, Әзірейіл алейһиссалам келіп жанын алады. Үш жүз алпыс періште, бұл жанды Әзірейіл алейһиссаламның қолынан алып, барлық сүйіктілері және достарының кейпіне еніп, жәннаттың киімдерін кигізіп, рухын жәннат сарайына алып барып көрсетіп, қайта (бір сәтте) мәйіттің қасына алып келеді.

Ал егер имансыз кеткен болса, үш жүз алпыс сижжин (тозақ) періштелері жәһаннамнан қап-қара заққұм жапырағын алып келіп, әлгі имансыз шыққан рухты осыған орап, дереу тозаққа апарып, орынын көрсетіп, қайтадан денесінің жанына алып келеді.

Бір адам балиғатқа толып, дүниеде қанша өмір сүрсе және Құдайға қарсы шығушылардан болып, тәубесіз кетсе, (нәузу биллаһ-Құдай сақтасын) осы жазаларды көреді, қияметте масқара болады және оның баратын жері де – Жәһаннам. Алайда Аллаһу та’аладан хидаят жәрдемі жетсе немесе Мұхаммед “саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм” пайғамбарымыздың шапағатына бөленсе, осы бәледен құтылып, жәннатқа барады.