Кешке мұсылман, таңертең кәпір!

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Шынайы мейрам – соңғы демде Аллаһ дей алу, иманмен жан бере алу. Құнды болғаны өмірдің соңы. Соңғы демде Аллаһ деп айтудың орнына «Дәрігер, мені құтқар!» деген адам қауіпте. Егер соңғы демдегі жағдайымыз күмәнді болса, онда әрдайым қорқуымыз және истиғфар етуіміз керек. Ғибадат етуіміз де әмір етілді. Ғибадаттарымыздың қабыл болуы үшін де жалбарынуымыз керек. Себебі, сахих болса да егер ықыласпен орындалмаса, қабыл болмауы мүмкін, яғни сауап берілмеуі мүмкін.

Сүйікті пайғамбарымыз «Ей Асхабым, сендер сондай заманда келдіңдер, әмірлердің онда бірін орындамасаңдар, құрисыңдар. Ақыр замандағы үмбетім әмірлердің онда бірін орындаса құтылады» деген. Бұл жерде Асхаби кирамның құрып кетуі дегені – құндылықтарын ала алмауы деген сөз. Бұл нәрсе олар үшін құрып кету болып саналады. Ақыр замандағы үмбеттің онда бірін орындап құтылуының мағынасы – имандарын қорғап, иманмен жан тапсырулары.

Асхаби кирам қажетсіз сөйлемеу үшін немесе Аллаһ расулы бір нәрсе бұйырған кезде «Жоқ» деп жауап берсе кәпір болатындығын ойлағандықтан, тілдерінің астына тас салып жүретін еді. Себебі сүйікті пайғамбарымыз «Жәннатта менің жанымда болуды қалайтын адам бос сөз сөйлемесін» деген. Қиямет жақындаған сайын өте жаман нәрселер орын алатынын білдірген. Бір хадис шәриф:

«Қиямет жақындаған сайын фитналар көбейеді. Түннің басында қараңғылықтың артуы секілді болады. Таңертең үйінен мұсылман болып шыққан көптеген адамдар кешке кәпір болып қайтады. Кешке мұсылман бола тұра, түнде имандары кетеді.»

Бұдан құтылу үшін Фатиха сүресінің соңғы үш аятын оқыған кезде мағынасын ойлау керек. Тәпсірде білдірілген мағынасы мынадай: «Йа Раббым, маған дұрыс иманды, Әһли сүннет сенімін көрсет, сол ұлыларға ихсан еткен жолыңды бізге де нәсіп ет, Әһли сүннет ғалымдары білдірген жаман адамдардың күпірінен, адасушылығынан, қате жолынан мені қорға!» Кімде-кім, осы мағынасын ойлап оқыса, Аллаһу та’аладан дұрыс иманды сұраған, кәпірлік пен адасушылықтан Оған сыйынған болады және күпірден қорғалады. Сонымен қатар тәубе еткен де болады. Дініміз ауруды да, оның емін де білдіруде. Өйткені, бұл заманның ауруы – күпіршілік. Бұл заманда харам-халал, иман-күпір істер бір-біріне араласып кеткендіктен, харамдарға жеңіл қарап немесе діни бір мәселені мазақ қылып күпірге түсіп жатқан көптеген адамдар, тіпті күпірге түскенін де білмейді, сол жағдайымен тәубе де етпей жүреді. Міне осы қорқынышты аурудың емі – осы үш аяти кариманы мағынасын ойлап оқу.