Үйленудің көптеген пайдалары бар:
Алғашқысы, дінін қорғаған болады. Мінезі жақсы болады. Табысында береке болады. Әрі сүннетпен амал жасаған болады. Пайғамбарымыз “алейһиссалату уәссәләм” «Некелесіңдер, көп бала-шағаларың болсын. Өйткені мен қияметте үмбетімнің көптігімен өзге үмметтерге мақтанамын» деген.
Ерлі-зайыптылар бір-бірінің алдындағы ақыларға, міндеттерге мән беру керек.
Бір адам үйленетін кезінде іздестіріп, салиха, яғни дінінде берік және махрем болмаған қызды тауып үйленуі керек. Зинадан жүкті болған әйелмен некелесу жаиз. Зина жасаған кісі басқа біреу болса, баласы туылғанға дейін қосылу (жыныстық қатынас) жаиз болмайды. (Фәйзийа).
Қызды мал-мүлкі мен сұлулығы үшін алмау керек. Өйткені кейіннен бұған өкінеді. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” «Кімде-кім мал-мүлкі немесе сұлулығы үшін бір қызға үйленсе, оның мал-мүлкінен және сұлулығынан мақрұм қалады» деген.
Кімде-кім, діні мен мінезі жақсы болған әйелге үйленсе, Хақ та’ала оның мал-мүлкі мен сұлулығын арттырады.
Әйел күйеуінен төрт дәрежеде төмен болуы керек. Жасы, бойы, туысқандары және жегжат-жұрағаттары. Төрт нәрседе әйел күйеуінен үстем болуы керек. Сұлу болу керек, әдепті болу керек, жақсы мінезді болу керек, харамнан және күмәнді нәрселерден сақтануы артығырақ болу керек, әрі шашы, басы, қолдары мен аяқтары ашық күйде бөтен еркектерге көрінбеу керек.
Жас қыздарды кәрі кісілермен үйлендірмеген дұрыс. Фитнаға себеп болады.
Сондай-ақ, некелесу тұрғысында келісуден бұрын құда болатын отбасылар жайында және үйленетін жастар жайында сұрастыру әрі сүннет, әрі арадағы жақсы қарым-қатынастың жалғасуына себепші болады. Мұнда үш пайда бар екендігі баяндалуда: Біріншісі, екеуінің арасында өмірлерінің соңына дейін махаббат үзілмейді. Екіншісі, ризықтарында береке болады. Үшіншісі, сүннетпен амал еткен болады.
Бұдан кейін, алдымен тұратын жерінде үйлену рәсімін жасау керек. Сүннетке сай неке қидырмау үлкен күнә болады. Үйлену рәсімін жасамау да күнә болады.
Сүннетке сай неке қиылғаннан кейін жігіттің қызға әдемі және құнды заттар жіберуі керек, бұл махаббатқа себеп болады.
Сондай-ақ, күйеуінің алдында әйелдің әр түрлі әшекей және боянуларды қолдануы жаиз және үлкен сауап.
Алғашқы неке түнінде дастархан жайып қонақ шақыру сүннет. [Ақшам намазынан кейін жеп, құптанды оқығаннан кейін күйеу жігіт қызды үйіне апарады, дұғадан кейін қонақтар дереу таралу керек.]
Алғашқы түнде күйеу жігіт келіннің аяғын жууы және сол суды үйдің төрт бұрышына себуі сүннет болып табылады. Екі рәкат нәпіл намаз оқып дұға жасау керек. Сол түнде қандай дұға жасаса да қабыл болады. Күйеу жігітті көргендер оған мұны еске салады. Және «Бәрәкаллаһу ләк уә бәрәкаллаһу алейһа уә жәмә’а бәйнәкума билхайри» дейді. Яғни, Аллаһу та’ала саған мүбәрәк қылсын, жұбайыңа да мүбәрәк болсын және екеулеріңнің араларыңды қайырмен қоссын.
Кейбір адамдардың айтатынындай «Жақсылап өткізіңдер, үбірлі-шүбірлі болыңдар» деу бұл дұғаға жатпайды. Сол уақытқа тән болған дұғаларды оқу сүннет болады.
Қажет болған діни білімдерді білу және жұбайына да үйрету керек. Себебі ахиретте сұралады. "Білмеген едім" деу үзір болмайды. [Парыздар мен харамдарды және Әһли сүннет сенімін үйрену және әйеліне, бала-шағасына үйрету парыз болып табылады. Сүннеттерді үйрену және үйрету сүннет болады.]
Жұбайын Ислам діні рұқсат бермеген жерлерге алып бармау және жібермеу керек! Көшеге ашық-шашық шығармау керек. Өйткені пайғамбарымыз “алейһиссәләм” «Бір әйел әдемі иіссу себініп, намаз оқу үшін мешітке келсе, ол әйелдің намазы қабыл болмайды, үйіне барып, жүніптіктен ғұсыл алғандай, ғұсыл алмайынша» деді. Оларға хош иіс себініп, мешітке барудың өзі жаиз болмаса, басқа жерлерге барып халыққа көрінудің күнәсі қандай дәрежеде болмақ? Осыған қарап салыстыру керек! Әрі тартылатын азапты жақсылап ойлану керек!
Пайғамбарымыз “алейһиссалам” бір хадис шәрифінде былай деген:«Жәннаттықтардың көбі кедейлер, ал тозақтағылардың көбі әйелдер». Мұны естіген хазреті Айша “радиаллаһу анһа” «Әйелдердің көбі тозақта болуының себебі неде?» деп сұрады. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” былай жауап берді: «Олар пәлекеттерге сабыр етпейді және он жақсылық көрген адамнан бір жамандық көрсе, әлгі он жақсылықты бірден ұмытып, сол бір жамандықты айтып жүреді. Сондай-ақ, әшекейлерін өте жақсы көреді, ахиретке дайындалмайды және көп ғайбат етеді.»
Еркектер мен әйелдерден кімде-кім осы сипаттарға ие болса, тозақтық болады.
Хазреті Әлиден “кәррәмаллаһу та’ала уәжһәһ” риуаят етілген, бір күні Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” алдына бір әйел келіп «Йа Расулаллаһ, күйеуге шығуды қалаймын, не дейсіз» деді. Оған былай жауап береді: «Әйелдің мойнында күйеуінің ақылары көп. Сол ақыларды орындай аласың ба?» Әлгі әйел: «Йа Расулуллаһ! Күйеудің ақылары қандай?» деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Сен оны ренжітетін болсаң, Аллаһқа дұшпан боласың және намазың қабыл болмайды»деді. Әлгі әйел «Тағы да бар ма?» деп сұрады. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” «Бір әйел, күйеуінің рұқсатынсыз үйінен сыртқа шықса, әрбір қадамы үшін күнә жазылады» деді. Әйел «Тағы бар ма?» деп сұрады. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” «Күйеуіне жаман сөз айтса, қияметте тілін желкесінен шығарады» деді.Ол әйел «Тағы бар ма?» деді. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Бір әйел, өз мал-мүлкі бар болса да, күйеуінің қажеттілігіне көмектеспесе, ахиретте ол әйелдің жүзі қара болады.» Әйел «Тағы да бар ма?» деп сұрады. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” былай деді: «Бір әйел, күйеуінің мал-мүлкінен ұрласа және басқа біреуге берсе, күйеуінің разылығын (кешірімін) да алмаса, Аллаһу та’ала ол әйелдің зекеті мен садақасын қабыл етпейді.» Әйел «Тағы бар ма?» деді. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Бір әйел күйеуін сөксе немесе қарсы шықса, тозақ ішінде тілімен асылады, бір әйел сазды аспаптарды тыңдауға барса және оған ақша жұмсайтын болса, кіші жасынан бері жинаған сауаптары жойылады және үстіндегі киімдері де шағымданушы болып, "бізді қасиетті күндерде кимеді, күйеуінің алдында кимеді, харам жерлерге барды" дегенде, Хақ та’ала "осындай әйелдерді мың жыл жағуым керек" дейді.» [Кинотеатрдың, радио және теледидардың жаман жақтарын осы жерден де түсінуге болады.] Әлгі әйел бұл жауаптарды естіп, «Йа Расулаллаһ! Осы уақытқа дейін күйеуге шықпадым, бұдан кейін де күйеуге шықпаймын» деді.
Сол кезде пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Ей әйел! Күйеуге шығудың сауабы жайында хабар берейін, тыңда! Бір әйелге күйеуі "Аллаһу та’ала сенен разы болсын" десе, алпыс жыл ғибадат етуден жақсы болады. Және күйеуіне бір жұтым су берсе, бір жыл ораза тұтудан абзал болады. Күйеуінің төсегінен тұрған кезінде ғұсыл алса, бір құрбандық шалғандай сауап алады. Және күйеуіне қулық жасамаса, ол үшін аспандағы періштелер тәсбих айтады. Және күйеуімен ойнаса, алпыс құлды азат етуден қайырлы болады. Күйеуінің ризығын қорғаса, күйеуінің туыстарына мейірімділік жасаса және бес уақыт намазын оқып, оразасын ұстаса, мың рет Қағбаға барудан абзал болады» деді. Фатима-и Зәһра “радиаллаһу анһа” «Бір әйел күйеуін ренжітсе, оның жағдайы қандай болады» деп сұрағанында:«Бір әйел күйеуіне дұшпан болса, Аллаһу та’аланың лағнеті оның үстіне жауады, күйеуінің разылығын (кешірімін) алғанға дейін құтыла алмайды, және ерінің төсегінен қашса, барлық сауабы кетеді, күйеуіне тәкаппарланса, Хақ та’ала оған ашуланады, әйел "Сен менің қожайынымсың ба не?" және «Саған тиіп, не көрдім өзі?» десе, Аллаһу та’ала оған ниғметтерін харам қылады. Онадй қатын күйеуінің қанын тілімен жалап тазартса да, күйеуінің ақысын орындаған болмайды. Күйеуінің рұқсатымен көшеге ашық-шашық шықса, күйеуінің амал дәптеріне мың күнә жазылады, рұқсат бергені үшін»деді. Рұқсатсыз шығып жүрген әйелдердің жағдайы қандай болатындығын осыған қарап салыстырып көр!
Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” былай деген: «Ей Фатима! Аллаһу та’ала адамның адамға сәжде етуін әмір еткенде еді, мен әйелдің күйеуіне сәжде етуін бұйырар едім.»
Хазреті Айша “радиаллаһу анһа” айтып берген: «Расулуллаһқа "Маған өсиет айтыңыз!" дедім. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” былай деді: «Йа Айша! Мен саған өсиет етемін, ал сен үмбетімнің әйелдеріне өсиет ет! Ертең қиямет күнінде: Алдымен иманнан. Екіншісі, дәрет пен намаздан. Үшіншісі, күйеуіне қатысты мәселелерден сұралады. Егер ер кісі әйелінің жаман мінезіне сабыр етсе, Хақ та’ала оған Әййуб пайғамбардың сауабын береді. Егер әйел де күйеуінің жаман мінезіне сабыр етсе, Айша-и Сыддыққа дәрежесіне жетеді.»
Сондай-ақ, «Егер еркек әйелін ұратын болса, қияметте оның үстінен шағымданушы мен боламын» деді.
Ер адамның үш жағдайда әйелін алақанымен немесе түйілмеген матамен ұруы жаиз болады: намаз бен ғұсылды тәрк еткенде, төсегіне келмесе және рұқсатсыз үйден көшеге шықса. Таяқпен, жұдырықпен, теуіп, түйілген матамен, басын, кеудесін ұру еш уақытта және ешбір себеппен жаиз емес. Басқа айыптары үшін мүлдем ұруға болмайды. Бірнеше рет ескерту керек. Егер жөнге келмесе, күнәсымен басына келетін азабына серік болмау үшін жіберу керек.
[«Шир’ат-ул-ислам»-да былай делінген: «Әйел жаман мінезін көрсететін болса, алдымен айыпты өзінен іздеуі керек. "Мен жақсы болғанымда, ол бұлай істемейтін еді" деп ойлау керек. Әйел салиха болса, екінші әйел алмау керек. Напақаларында әділдік жасай алмайтын адамның екінші әйел алуы мүлдем жаиз емес. Әділдік жасай алатынына сенімді болған адамның екіншіге үйленуі жаиз болса да, алмағаны абзал. Әйелдердің баруына болатын жерлерге барғанында да орамалын тағуы және орануы, денесін жақсылап жабуы қажет. Әйелдің иіссу себініп, әшекейлерін көрсетіп көшеге шығуы харам болып табылады. Салиха әйел – дүниедегі ниғметтердің ең құндысы. Мұсылманға мейірімділік таныту, ренжітпеудің сауабы нәпіл ғибадаттардың сауабынан да артық.» «Риядун-насихин»-де былай делінген: «Ниса сүресінің 18-ші аятының мағынасында: "Әйелдеріңмен жақсы, жылы қарым-қатынаста болыңдар!» депбұйырылды. Хадис шәрифтерде: "Йа Әбу Бәкір! Әйеліне күлімдеп, жылы сөйлеген адамға бір құл азат етудің сауабы беріледі" және "Пасық (күнәхар) еркекке тұрмысқа шыққан әйелге Аллаһ мейірімділік жасамайды" және "Шапағатыма қол жеткізуді қалаған адам қызын пасыққа (бейнамаз) бермесін!" және"Адамдардың ең жақсысы – адамдарға жақсылық жасаушылар. Ал адамдардың ең жаманы – адамдарға зиянын тигізушілер [оларды ренжітуші]» және «Бір мұсылманды ешбір себепсіз ренжіту – Қағбаны жетпіс рет құлатудан асатын күнә» делінген».
«Дуррул-мухтар»-да былай делінген: «Мұсылман еркектің сахих некемен үйленген әйелінің напақасын қамтамасыз етуі парыз болып табылады. «Напақа» – азық-түлік, киім-кешек және баспана деген сөз. Әйелін өз мүлкі болған немесе жалға алынған үйде тұрғызуы қажет. Әйел үйде күйеуінің туыстарынан ешбірінің болмауын қалауына ақысы бар. Күйеуі де әйелдің жақындарынан ешбірінің болмауын қалауына ақысы бар. Екеуінің де осындай ақылары бар. Үйдің салих, мұсылман көршілердің арасында болуы [азаншы дауысының үйде естілуі] керек. Күйеу әйелінің аптасына бір рет ата-анасына барып тұруына кедергі бола алмайды. Олардың аптасына бір рет қыздарына келіп тұрғандары да жақсы болады. Ата-анасының бірі ауырып қалса және қарайтын ешкімі болмаса, күйеуі рұқсат бермесе де әйелдің барып қызмет етуі керек. Күйеуі жұбайының басқа махрем туыстарының жылына бір рет келуіне немесе жұбайының оларға баруына кедергі бола алмайды. Осы аталғандардан басқа бөтендердің үйіне және күнә болған жерлерге баруына күйеу рұқсат берсе, екеуі де күнәға батады. Үйінде немесе сыртта, басқаларға жалақы алып немесе қайырымдылық мақсатында жұмыс істеуіне және мектепке, уағыз тыңдауға баруына бөгет болады. Әйелдің үйде үй істерімен айналысуы, бос отырмауы керек. Әурет жерлері ашық болған адамдар жүретін моншаларға [жағажайларға және спортшылардың ойындарын көруге жіберу дұрыс емес. Бұларды көрсететін теледидарды да үйіне кіргізбеген жөн.] Сәнденіп және көз тартатындай жаңа киімдер киіп көшеге шығуына болмайды.»
Әйелін махрем болған, яғни үйленуі харам болған туыстарынан басқасына, харамнан сақтанатын мұсылмандардың үйіне өзі апара алса да, әйел-еркектер бөлек отыруы керек. Әйелдің «Махрем туыстары» он сегіз еркек, олар мыналар: Әкесі мен аталары, ұлы мен немерелері, бір анадан немесе бір әкеден болса да бауыры, ер және қыз бауырының ұлдары, көкесі, нағашы көкесі. Бұл жеті еркек сүт ему себебімен және зина себебімен де махрем туыс болады. Төрт еркек те неке себебімен махрем туыс болады. Олар: Қайын ата және оның әкелері, күйеу бала, өгей әке және өгей ұлы. Ер кісіге балаларының келіндері және әйелге күйеу балалары махрем болады. Махрем дегеніміз – некелесу харам болған деген сөз. Мәселен, қыз бауыры махрем. Әр адамға бауырларының бала-шағасы махрем болады. Бауырларының әйелдері, көке, нағашы көке, әпке, нағашы әпкесінің балалары және олардың әйелдері махрем емес. Нағашы әпкенің балалары мен күйеуі намахрем (махрем емес). Күйеуінің, жұбайының бауырлары намахрем. Жезденің және қайын аға-інілердің махрем еместігі «Ни’мети ислам»-да, қажылықтың шарттары бабында жазылған. Әйелдің осы екеуіне де ашық халде көрінуі, бетінен басқа жерлері жабық болса да, бір бөлмеде қалуы, бірге сапарға шығуы харам болып табылады. Күйеу балаға қайын енесінің анадан және әкеден болған аналары да махрем болады. Қыз махрем туысына үйлене алмайды. Жанында оранбауы жаиз болады. Бір бөлмеде жеке қалуына да болады, бірге сапарға шығуына болады. Махрем болмаған туысы үйге келгенде, күйеуінің немесе туысқан әйелдердің жанында бетінен басқа барлық жері жабық болып «Қош келдіңіз» дейді. Кофе, шай секілі нәрселерді алып келеді. Бірақ қастарында отырмайды. Мұсылмандардың әдет-ғұрыпқа, дәстүрге емес, Ислам дініне, илмихал кітаптарына мойынсұнуы керек. Әрбір мұсылман әйеліне илмихалды үйретуі керек, өзі білмейтін болса, салиха әйел ұстазға жіберуі керек. Ислам дініне мойынсұнатын, харамдардан сақтанатын әйел таба алмаса, Әһли сүннет ғалымдары “рахимә-һумуллаһу та’ала” жазған дұрыс илмихал кітабын әйелімен бірге оқып, екеуі де дінін, иманын, харамдар мен парыздарды жақсылап үйренуі керек. Мазһабсыз болған дін адамдары, адасқандар жазған қате тәпсір және діни кітаптарын үйге кіргізбеу керек, бұларды оқымау керек. Дінді, мінезді бұзатын бағдарламалар беретін радио мен теледидарларды да үйге кіргізбеу керек. Бұлар жаман достан да жаман. Әйелдің және бала-шағаның діні мен мінезін бұзады. Жұбайы мен қызы үй істерімен айналысуы керек, егістікте, фабрикада, банкте, сауда орындары және қызмет көрсету орталықтарында бөтен еркектердің арасында жүруге мәжбүрлейтін орындарда жұмыс істетпеу керек. Әйелдің және қыздың ақша табуы, әкесінің, күйеуінің кәсібіне, саудасына жәрдем беруі қажет емес. Бұларды істеу және үйге қажет болған нәрселерді базардан алып келу күйеудің міндеттері. Әйел бұларды істеп қиналатын болса, діні, мінезі және денсаулығы бұзылады. Екеуінің де әрі өмірі, әрі ахиреті құриды. Кейіннен өкінсе де пайдасы болмайды. Күнәдан, пәлекеттен құтыла алмайды. Ислам дініне мойынсұнатын адам дүниеде де, ахиретте де рахаттыққа бөленеді. Жаман достардың, мұнафиқтардың күлімдеген жүздеріне, жылы сөздеріне алданбау керек, илмихал кітаптарына мойынсұну керек. Қыздарын, бала-шағасын да харамдардан қорғау керек. Ұлын мұғалімдері мұсылман болған мектепке жіберу керек. Әйелдің дүкендерде, фабрикаларда, үкіметтік қызметтерде, еркектердің арасында жұмыс істеуге қажеттілігі жоқ. Күйеуі жоқ болса немесе ауру болса, әйелге барлық қажеттілігін махрем туыстары қамтамасыз етуге мәжбүр. Бұл туыстары кедей болса, мемлекет көп мөлшерде жәрдем ақы беріп тұруы керек. Аллаһу та’ала ислам әйелінің барлық қажеттіліктерін аяғына дейін жіберуде. Күнкөріс қиындығы еркектерге жүктелген. Жұмыс істеп ақша табуға ешқандай қажеттілігі болмаса да, мирастан еркектің алатынының жартысын әйелге беруде. Әйелдің міндеті – үй ішіндегі тірліктерді істеу. Бұл істердің біріншісі – балаларын тәрбиелеу. Баланың ең алғашқы мүршиді (мұғалімі) – анасы. Анасынан дін мен ахлақ ілімдерін үйренген бала, дінсіз мұғалімдерге, жаман достарға және Ислам дұшпаны болған зындықтардың сөздеріне алданбайды. Ата-анасы сияқты халис мұсылман болады. «Сә’адәти Әбәдийа» кітабының 87-ші және соңғы басылымдарының 579-шы бетіне қараңыз! Ислам дініне дұшпандық жасап жүрген мұнафиқтарға «Зындық» делінеді.]
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024