Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Фәйз – нұр деген сөз, Аллаһтың сүйіспеншілігі деген сөз. Жүректен жүрекке (көңілден көңілге) келетін, адамға Аллаһу та’ала разы болған амалдарды жасататын қуат. Фәйз келген кезде жүрек (көңіл) тазаланады. Оқығанын түсінуді, ғибадаттарының ләззатын сезінуді, өз кемшіліктерін көруді және күнәлардан сақтануды бастайды. Фәйз келген жүрек дүние өмірін қиял сияқты көреді. Әулиелердің өздері, қабірлері, сөздері, кітаптары, заттары – фәйздің қайнары. Тіпті қолдары тиген тастардан да қияметке дейін фәйз жайылады. Басқан жерлеріне махаббатпен қараған адам да фәйз алады.
Кәпірлермен, пасықтармен (ашық түрде күнә істейтін күнәхарларға) және бидғатшылармен кездесу, олармен бірге болу, жүректе зұлымдық туындатады, фәйздің келуіне бөгет болады. Харам жеген адам әулиелердің рухтарының келуінен мақрұм қалады және фәйз ала алмайды. Жеген харам азықтары бөлетін рухани газдар денедегі фәйз жолдарын бітейді, әулиелердің фәйзі келе алмайды. Демек, фәйздің келуі үшін харамдардан сақтану, салихтармен бірге болу және діннің әмірлеріне мойынсұну шарт.
Фәйз – күннің сәулесі сияқты, барлық жаққа жарық шашады. Әулиелерден міндетті түрде фәйз келеді. Ал мұны қабылдау немесе қабылдамау адамның қолында. Тіпті фәйз кеуде тұсына дейін келеді, бірақ мұны қабылдау үшін біршама шарттар бар:
1) Фәйздің келетіндігіне сену.
2) Фәйз келетін әулиенің үлкен дәрежесіне сену.
3) Фәйз келетін әулиені жақсы көру, яғни оның айтқандарына мойынсұну, бағыну.
4) Иманды дұрыстау, парыздарды орындап, харамдардан сақтану.
5) Сол әулиенің алдында құрметпен тұру және әдепті болу. Бұл ең маңызды және қиын болғаны, себебі «Ешбір бей-әдеп уасыли илаллаһ бола алмайды» делінген. Яғни әдепті болуға мән бермейтін адам Хақ та’аланың разылығына жете алмайды, Аллаһ досы бола алмайды.
Фәйздің келгендігі мына жолдармен аңғарылады:
1) Фәйз келсе, Аллаһу та’ала оны күпірден қорғайды.
2) Харамдардан ұзақтайды.
3) Дүниеден суып қалады.
4) Әулиелерді, салих адамдарды жақсы көргізеді.
5) Өлімді жақсы көргізеді, өлімді аңсай бастайды.
Міне осылар бар болса, фәйз келіп жатыр деген сөз. Фәйз адамды күпірден, күнәлардан қорғауымен қатар, әулиелікке дейін жеткізеді. Егер харамдардан, күнәлардан суып кете алмай жатқан болсақ, дүниелік қалаулар бұрыңғыдай жалғаса беретін болса, фәйз ала алмай жатырмыз деген сөз.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024