Сұрақ: Итикаф деген не? Әйелдердің үйде итикаф жасауына болады ма?
Жауап: Рамазан айының соңғы он күнінде бір мешітке кіріп күндіз-түні ғибадат етуге итикаф делінеді. Қасиетті Рамазан айында итикаф жасау муәккад сүннет болып табылады. Бірақ, итикаф сүннети кифая болғандықтан, бір аумақта бірнеше кісі итикафқа кірсе, басқаларының бұл сүннетті орындауы керек болмайды. Мүмкіндігі болғандар итикафқа кіруі керек. Итикаф жасаған адам мешітте ішіп-жейді, мешітте ұйықтайды. Дәрет үшін сыртқа шығуына болады. Бірнеше хадис шәрифтің мағынасы:
«Итикафта болған адам күнәлардан ұзақтайды, барлық жақсылықты істегендей сауапқа қауышады.» (Ибн Мажа)
«Бір түйенің екі сауымындай уақыт итикаф еткен адам бір құл азат еткендей сауап алады.» (Тәнуир)
«Рамазанда он күн итикаф еткен адам екі рет (нәпіл) қажылық жасағандай сауап алады.» (Бәйһақи)
«Аллаһ разылығы үшін бір күн итикаф жасау адамды тозақтан өте ұзаққа алыстатады.» (Табарани)
Сүннет екі түрлі болады: Сүннети худа және сүннети зәуаид. Мешітте итикаф жасау, азан оқу, қамат айту және жамағатпен намаз оқу сүннети худаға жатады. Бұлар Ислам дінінің шиары (белгісі). Осы үмбетке тән болған амалдар. (Хадиқат-ун-нәдийа)
Расулуллаһ алейһиссалам «Миғраж түні бесінші қабат аспанда Османның бейнесін көрдім. «Бұл мәртебеге қалай жеттің» деп сұрадым. «Мешітте итикаф етумен» деп жауап берді» деді. (М.Чихар Йары Гузин)
Итикаф ораза, намаз сияқты нәзір етіледі. «Ауруымнан жазылсам итикафқа кіремін» делінбейді. «Ауруымнан жазылсам, Аллаһ разылығы үшін, пәлен күн итикафқа кіремін» деп айту нәзір болады. (С.Әбәдийа)
Итикаф сияқты жеке ғибадат болған нәрсені нәзір еткен адамның мұны орындауы керек. (Дүрәр)
Әйелдер мешітте итикаф жасамайды. Үйде болса шарттарға байланысты. Егер мешіт ретінде қолданатын бөлме бар болса, сол бөлмеде итикафқа кіруіне болады. Тамақ әзірлеу, үй жинау сияқты үй жұмыстарының ешбірі істемейді. Тек қана ғибадатпен шұғылданады. Дәрет сияқты зәру істерді істеуінің зияны болмайды.
Рамазанның соңғы он күнінде болғаны сүннети кифая болып табылады. Аз итикаф та жасауға болады. Мысалы, бір күн немесе бірнеше сағат дегендей... Итикафқа кірген адамның ораза ұстаған болуы шарт. Тек Шафии мазһабында ғана ораза ұстаған болу шарты жоқ. Басқа үш мазһабта ораза ұстаған болу шарт. Мүмкіндігі болған әйелдердің үйде итикафқа кіруі, ұмытылған бұл сүннетті орындауы және сүннетті орындау сауабына қауышуы өте жақсы болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024