Сұрақ: Исми ағзам дұғасы қандай?
Жауап:Исми ағзам – Құран кәрімнің ішінде. Қай аят екені белгісіз. Хадис шәрифте былай делінген:
«Исми ағзаммен жасалған дұға қабыл болады және тілегі орындалады.» (Ибн Мажа)
«Аллаһу та’аланың Әсма-и хуснасымен дұға етілсе қабыл болады.» (Шира)
«Исми ағзам мына үш сүренің ішінде: Бақара, Али Имран және Таха.» (Ибн Мажа)
Пайғамбарымыз алейһиссалам исми ағзам жайында кейбір белгілер, ишаралар білдірген:
«"Йа бәди’ассәмәуәти уәл әрди, йа зәл жәләли уәл икрам" деп дұға еткен адамның дұғасы қабыл болады.» (Тирмизи)
«Басына дерт пен пәлекет келген адам Юнус пайғамбардың дұғасын (Лә илаһә илла әнта субханака инни кунту минәззалимин) оқысын! Аллаһу та’ала оны міндетті түрде құтқарады.» (Тирмизи)
«Исми ағзам "Уә илаһукум илаһун уахид, лә илаһә иллә һуәррахмануррахим" аяты мен "Аллаһу лә илаһә илла һууәл хаййул қаййум" аятының ішінде.» (Тирмизи) (Бақара 162 және Али Имран 2 аяттары.)
«"Аллаһумма бисмикәл а’зам уә ридуаникәл әкбар" дұғасын оқып жүріңдер, себебі бұл әсма-и хуснадан саналады.» (Табарани)
«Йа Раббым, йа Раббым деген адамға Аллаһу та’ала "Сұра құлым, сұрағаныңды берейін" дейді.» (Дәйләми)
«Қабыл болуы үшін дұғаны ықыласпен жасау керек, ішіп-жегені мен кигені халалдан болу керек, бөлмесінде харам болған бір жіп бар болса, бұл бөлмеде жасалған дұға қабыл болмайды.» (Тәрғиб-ус-салат)
«Пайғамбарымыз дұға еткен кезінде "Йа хаййу йа қаййум" дейтін еді.» (Тирмизи)
«Аллаһумма инни әс’әлука би-әнна ләкәл хамду лә илаһә илла әнтә йа ханнан йа мәннан йа зәл жәләли уәл икрам» деп дұға еткен адамға да былай деді: «Аллаһтың исми ағзамымен дұға еттің. Бұлай дұға етілгенде Аллаһу та’ала ол дұғаны қабыл етеді.» (Нәсаи)
Хазреті Айша анамыз айтып берген:
«Расулуллаһ дұғаның қабыл болуына себеп болған исми ағзамды білесің бе?» деп сұрады. Мен білмейтіндігімді айтқанда «Йа Айша, оны үйрету және онымен дүниелік үшін бір зат сұрау дұрыс болмайды» деді. Орнымнан тұрып, дәрет алып, екі рәкат намаз оқыдым да «Аллаһумма инни әдукәллаһ уә әдукәррахман уә әдукәлбәрраррахим уә әдука биәсмаикәл хусна кулләха мә алимәту минһә уә мә ләм аләм әнтағфирәли уә тәрхамәни» дұғасын оқыдым. Күлімдеп «Исми ағзам оқыған дұғаңның ішінде» деді. (Ибн Мажа)
«Йа зәл жәләли уәл икрам» деген бір адамға «Аллаһтан не сұрасаң сұра, қабыл болады» деді. (Тирмизи)
«"Лә илаһә иллаллаһу уәллаһу әкбар, Лә илаһә иллаллаһу уахдәһу лә шәрика ләһ, ләһул мулку уәләһул хамду уә һууә алә кулли шәйин қадир, Лә илаһә иллаллаһу уәлә хаула уәлә қууата илла биллаһ" деп дұға еткен адам барлық тілектеріне жетеді.» (Табарани)
«Аллаһумма инни әс’әлука би-әнни әшһәду әннәка әнталлаһу лә илаһә иллә әнтәл әхадус-самадул-ләзи ләм йәлид уә ләм йуләд уә ләм йәкулләһу куфууән ахад» деп дұға еткен бір кісіге сүйікті пайғамбарымыз былай деді:
«Аллаһтың исми ағзамымен дұға еттің. Бұлай дұға етілсе Аллаһу та’ала қабыл етеді.» (Тирмизи)
Сұрақ: Исми ағзамды теріс оқу дегендей бір нәрсе бар ма?
Жауап: Ондай нәрсе жоқ.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024