Досты бағалау

Жақсы көретін және бағалайтын досыңызға оны жақсы көретіндігіңізді әрекетпен, қарым-қатынаспен ғана білдіру жеткіліксіз. Сөзбен де айту керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Досын жақсы көретін адам оның үйіне барып "Сені Аллаһ разылығы үшін жақсы көремін" деп айтсын!» (И.Ахмед)

Осындай дос тапқаннан кейін оны ренжітетін қарым-қатынаста болмау керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Достарыңмен сөз тартыспа! Оған қиыншылық келтірме! Оның хал-жағдайын әркімнен сұрама! Бәлкім, оған дұшпан болған біреуге кезігесің, ол досың жайында қате бір нәрсе айтып, араларыңның ашылуына себеп болуы мүмкін.» (Әбу Нуайм)

Бір адамның жақсы немесе жаман екені істеген амалдарынан мәлім болады. Бір адам жамандықтардан қашып, жақсы амалдар істеп жүрген болса, ол кісінің жәннатқа кіру ықтималы көп деген сөз. Сондықтан жақсы адамдармен бірге болуға тырысу керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’ала бір пендесіне қайыр бергісі келсе, дінін қорғап жүрген адамдардың жанында жұмыс істеуді нәсіп етеді. Жамандық қалаған құлына да дінін қорғамайтын жаман адамдардың жанында жұмыс істетеді.» (Дәйләми)

Дінге қызмет ету үшін үш шарт керек: Ілім, ақыл және ықылас.

1) Ілімі нұқсан болған адам, дінге шақыруды өзі білмейтін және шақырып көрмеген болса, басқаларға дұрыстықты қалай үйретеді? Тәжірибесі де жоқ болса көптеген қателіктер жасайды.

2) Бір адамның ақылы аз болса, нақылды айтып бере алмаса, ілімі де нұқсан болады. Ақымақ дінге қызмет етіп жатырмын деп қате істер жасайды. Илми сиясатты (саясат ілімін) білмейтін, жұмсақ сөйлемейтін, адамдарды басқару икемінен ұзақ болған адам да фитнаға себеп болады.

3) Ықылас жоқ болса, жасаған істерін тек Аллаһ разылығы үшін істемей, дүниелік пайда үшін істеп жатқан болса, ол істің қайыры болмайды. Жақсы-жаман бәріне күлімдеген жүзбен қарау керек, фитна шығармау керек, дұшпан арттырмау керек.

Хафыз Ширазидің «Достарға дұрыс сөйлеу керек, дұшпандарды күлімдеген жүз және жылы сөзбен басқару керек» сөзіне құлақ беру керек! Кешірім сұрағандарды кешіру керек!

Бәрінің алдында жақсы мәмілелі болып, ешкімнің сөзіне қарсы шықпау және сөз тартыспау керек!

Адамдармен жылы қарым-қатынастар жасап, дөрекі сөйлемеу керек! Шәйх Абдуллаһ Байал хазреттері былай деген:

«Тасаууф – намаз, ораза және түндерде ғибадат ету деген сөз емес. Бұларды орындау әр адамның құлдық міндеті. Тасаууф – адамдарды ренжітпеу деген сөз. Мұны орындаған адам мақсатына жеткен болады.»

Әулиелерді басқа адамдардан қалай ажыратуға болатынын Мұхаммед бин Сәлим хазреттерінен сұрайды. Былай жауап береді:

«Сөздерінің жұмсақ болуы, мінезінің жақсы болуы, күлімдеген жүзді болуы, сыйларының мол болуы, сөйлескенде қарсы шықпауы, кешірім сұрағандарды кешіруі және бәріне мейірімді болуы арқылы аңғаруға болады.»

Әбу Абдуллаһ Ахмед Маккари хазреттері былай деген:

«Футууәт дегеніміз – ашуланған адамыңа жақсылық жасау, ұнатпаған адамыңа сыйлық беру және қысылған адамыңа күлімдеген жүзді болу деген сөз.»