Сұрақ: С.Әбәдийа кітабында «Ауыз кейде дененің іші болып саналады. Сондықтан, ораза ұстаған адам түкірігін жұтса оразасы бұзылмайды. Адамның ішіндегі нәжістің асқазаннан ішектерге өтуі сияқты болады. Ауыздағы жарадан немесе тіс жұлдырудан, инемен дәрі (укол) егілген жерден немесе асқазаннан ауызға қанның шығуы дәретті және оразаны бұзбайды» делінеді. Бұл сөзді инемен дәрі егу (укол) оразаны бұзбайды деп түсінуге болады ма?
Жауап: Жоқ, инемен дәрі еккенде төрт мазһабта да ораза бұзылады. Ол сөзде ораза мен дәрет бірге білдірілген. Жеке-жеке жазатын болсақ түсіну оңайрақ болады:
1) Ауыздағы жарадан қан шықса, ораза да, дәрет те бұзылмайды. Қан жұтылса ораза бұзылады, дәрет бұзылмайды. Қан ауыздан шыққанда дәрет бұзылады, ораза бұзылған болмайды.
2) Тіс жұлдырғанда келген қан жұтылмағанша ораза бұзылмайды, ауыздан сыртқа шықпағанша дәрет бұзылмайды.
3) Ине салынған жерден келген қан ауыздан сыртқа шықпағанша дәретті бұзбайды, жұтылмағанша оразаны бұзбайды. Ол сөзде білдірілгені осы. Ораза кезде, яғни ауыз берік кезде инемен дәрі егу оразаны бұзады.
4) Асқазаннан ауызға қан келсе, ораза да, дәрет те бұзылмайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024