Діннің әмірі заманға қарай өзгермейді

Сұрақ: «Діннің әмірі бөлек, араб әдеттері бөлек нәрселер. Арабстан өте ыстық аймақ болғандықтан, ол жақта өмір сүретін адамдар, ыстықтан қорғану мақсатымен оранған. Бұл нәрсе Ислам дінінен бұрыңғы арабтардың әдеті, дінге ешқандай қатысы жоқ. Кейіннен діннің әмірі болса да, Құрандағы кейбір үкімдер қазіргі таңда жарамсыз болып қалды. Қоғамның шарттарына қарай кейбір үкімдер өзгертіледі» деген пікірде шындықтың үлесі бар ма? Орану діннің әмірі ме, әлде арабтардың әдеті ме?

Жауап: Бұл пікірде шындықтың титімдей болса да үлесі жоқ, айтылғандардың бәрі қате.

Біріншіден, Әлемнің барлық жерінде ыстықтан қиналғандар киімдерін шешеді. Ал Арабстанда керісінше жабынғандығын айту оғаш емес пе?

Екіншіден, арабтардың әдеті деп айту мүлдем қате. Өйткені арабтар Ислам дінінен бұрын тіпті қағбаны да жалаңаш тауаф ететін еді. Яғни ашық-шашық жүру және ұятсыздық кеңінен жайылған еді. Ислам діні келіп, ашық-шашық жүруге тыйым салды.

Үшіншіден, Құран кәрім және хадис шәрифпен білдірілген үкімдер заманға қарай өзгермейді. Әдетке қатысты болған үкімдер заманға қарай өзгеруі мүмкін. Орану әмірі әдет-ғұрып емес, діннің үкімі. Құран кәрімде былай делінген:

«Мүмин әйелдерге айт: (Бөтен еркектерге қараудан) сақтансын, намыстарын қорғасын, (қол, бет сияқты) көрініп тұрған бөліктерінен басқа әшекейлерін (шаш және мойын сияқты әшекей тағылатын жерлерді) көрсетпесін, бас орамалдарын жағаларына дейін (шаш, құлақ және кеуделерін) жапсын!» (Нұр 31)

Бұл аяти карималардан әйелдердің орамалын тек жағасына дейін жабу керектігі, бас және денесінің басқа жерлерін орау керек еместігі түсінілуі мүмкін. Көзін неден қорғайды, намысын қалай қорғайды, әшекейден мақсат қандай? Қына, сүрме бояу ма, әлде алтын, күміс сияқты әшекей ме? Бұл мәселелер анық емес, хадис шәрифпен білдірілген. Бір аяти кариманың мағынасы мынадай:

«Ей нәби, әйелдеріңе, қыздарыңа және мүминдердің әйелдеріңе (сыртқа шығарда) сыртқы киімдерін киюін айт! Бұл олардың танылып, жәбірленбеуі үшін дұрысырақ.» (Ахзаб 59)

Бұл аудармаға қарап «Әйел танылып жәбірленбеуі үшін сыртқы киім киеді. Танылып жәбірленбейтін болса, жалаңаш жүруіне болады» дегендер де шыққан. Бұл аяттарды Расулуллаһ алейһиссалам қалай түсіндіргеніне қарау керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Әйелдің (бет пен қолынан басқа) бүкіл денесі әурет.» (Мәжмаул әнхур, Әл-муғни)

Бұл хадис шәрифте әйелдің орану керектігі анық білдірілген. Құран кәрімнің 17 жерінде расулуллаһқа «Оларға "Маған бағыныңдар" де» делінген. Аллаһу та’аланың расулына бағынып, орануға Ол білдірген күйде мән беру керек! Хазреті Әсма жұқа киіммен келген кезде, сүйікті пайғамбарымыз балдызына қарамады. Мүбәрәк бетін бұрып, былай деді:

«Йа Әсма, бір қыз намаз оқитын жасқа келген кезде, беті мен қолдарынан басқа, денесін еркектерге көрсетуіне болмайды.» (Әбу Дауд)

Хазреті Айша анамыз да былай деген:

«Алғашқы мухажир әйелдерге Аллаһ рахмет (мейірім) етсін! Орану аяты түскенде, бірден маталарын жыртып бастарын жауып, оранды.» (Бұхари, Нәсаи)

Құранды өз көзқарасы бойынша тәпсірлеп, орану парызын жоққа шығару күпір болып табылады (иман кетеді). Әйел ашық жүрсе кәпір болмайды. Бірақ оранудың қажетсіз екенін айтатын болса кәпір болады.