Зекеттің парыз екенінің дәлелі – Бақара сүресінің қырық үшінші және жүз оныншы аяти карималары.
Сондай-ақ, он екі адамға зекет беру жаиз емес:
Жынды болған адамға, мәйіттің кебініне, кәпірге, байларға, усул (ата-әжелер мен әке-шешелері) және фуру’ға (бала-шаға мен немерелері), әйеліне, құлына, мукатебесіне [егесіне белгілі мөлшерде ақша берумен азат болатын құл], мудәббәрасына [егесі өлгенде азат болатын құл]. Әйелдің күйеуіне зекет беруі жөнінде ғалымдар арасында ихтилаф (екі түрлі пікір) болған, негізге алынғаны, бермеу.
Бір адамды бөтен деп санап, баласы болып шықса және мұсыман деп санап, кәпір болып шықса, бұларға зекет берілмеу керек болса да, білмей берілген жағдайда, негізге алынған фәтуа бойынша, зекетті өзгеге қайта беру қажет емес.
Зекетті сегіз адамға беру керек:
1) Дініміз бойынша кедей саналатын адамға.
2) Құрбандық нисабына ие болмаған кедейлерге.
3) Қарыздар болған мұсылманға.
4) Зекет мүлкін және ушрды жинауға тағайындалған адамға (жалақы мөлшерінде).
5) Өз мемлекетінде бай болса да, орналасқан жерінде кедей болған адамға.
6) Жиһад пен қажылық жолында мұқтаж болғанға.
7) Азат етілуі үшін егесіне белгілі ақша өтеуі қажет болған құлға.
8) Муалләфа-и қулуб деп аталатын кәпірлерге, бұлар қазір жоқ.
Напақадан көп, бірақ құрбан нисабынан аз мүлкі бар болған адамға«кедей» (пақыр) делінеді. Табысы қанша ақша болса да, үйін асырауда қиналатын әрбір қызметкер зекет ала алады және құрбандық шалуы, пітір беруі уәжіп емес. Діни білімді үйретуде және үйренуде болған адам, қырық жылдық напақасы болса да, зекет ала алады. Зекеттің ақшасымен мешіт, жиһад, қажылық жасауға болмайды. Мәйітке кебін алуға болмайды. Бай адамның кіші ұлына, өз аналарына, әкелеріне, бала-шағасына, әйеліне берілмейді. Бауырларға, келінге, күйеу балаға, қайын енеге, қайын атаға, көке-әпкелеріне, нағашы көке-әпкелеріне беру сауаптырақ. Кедейге нисаптан аз беріледі. Бірақ, бала-шағасы да бар болса, әрбіріне нисап мөлшері түспейтіндей дәрежеде көп беруге болады. Мал-мүлкін ысырап ететін, харам жолда қолданатын адамға берілмейді. Сәйидтер, қазіргі заманда ғаниметтен ақылырын алмайтын болғандықтан, оларға да беруге болады.
Зекеттің парыз болуының алты шарты бар:
1) Мұсылман болу.
2) Балиғатқа толған болу.
3) Ақыл-есі кірген болу.
4) Еркін болу.
5) «Зекет нисабы» мөлшерінде халал зекет мүлкіне ие болу.
6) Қолындағы мал-мүлкі қажеттілігінен және қарызынан көп болу.
[Зекет парыз болғаннан кейін мұсылман кедейге бермеген және басқа қарызы болған адамның, жақсылық пен қайырымдылық жасауы және садақа беруі сауап болмайды, күнә болады. Оның зекетін беруі және қарызын өтеуі парыз болып табылады. «Хадиқа» кітабының 2 том, 635-ші және «Бәриқа» кітабының1369-шы беттерінде былай делінген: Ақшасын харам жерлерге жұмсайтын немесе ысырап ететін адамдарға [зекет және] садақа беру жаиз емес. Өйткені, харамға жәрдем беру харам болады.]
Берген адамға ешқандай пайда қалмау керек. Ерлі-зайыптылар бір-біріне зекет берсе, берушіге тиетін пайдасы толығымен үзілмейді. Әрбір ғибадатта болғанындай, зекет бергенде де ниет ету керек. Зекет мүлкінің қарызынан көп болу, негізгі қажеттілігінен артық болуы және осы артық мүліктің «Нисап мөлшерінде» болуы қажет. Алтынның нисабы 20 мисқал [96 грамм, 13,3 дана алтын ақша]. Күмістің нисабы 200 дирхам [672 грамм]. Зекет берудің парыз болуы үшін, зекет мүлкінің нисап мөлшеріне толғаннан бастап, бір хижри жылдан кейін де мүлкінде болуы керек. Зекеттің парыз болуына кедергі болу үшін, бір жылға жеткізбей, хиле-и шәрийа жасау (үкімді орындамау үшін айла жасау) имам Мұхаммед бойынша мәкрух болады. Имам Әбу Юсуф бойынша мәкрух емес. Өйткені, парыз болғаннан соң бағынбау күнә болады. Күнәдан сақтану «Таат» болады деді. Пәтуа имам Мұхаммед үкіміне қарай берілген.
«Зекет мүлкі» – артқан, көбейген мүлік деген сөз. Ал бұл төрт түрлі болады: Жарты жылдан астам жайылымда жайылған төрт аяқты, ұрғашы-еркек аралас, немесе тек ұрғашы «бос жіберілген» жануарлар, сауда-саттық үшін сатып алынған мүліктер, алтын мен күміс бұйымдары, жерден өсіп шыққан азық өнімдері. Жайылымда тек еркек жануары болғандарға және қашыры, есегі бар болғандарға, бұлардың зекетін беру парыз емес. Түйенің, сиырдың және қойдың төлдері, үлкендерімен бірге болса, зекет есебіне қосылады. Зекет, ушр, кәффарат және пітір садақа ретінде берілетін мүлік орнына бұлардың құнын беру де жаиз. Шафииде жаиз емес. Зекет парыз болғаннан кейін мүлік бұзылған (жойылған) болса, зекет беру міндеті мойнынан алынады. Иесі өзі бұзған (жойған) болса, бұл міндет алынбайды, зекетін беру керек болады.
Ақылы кірген және балиғатқа толған мұсылманның толық мүлкі болған және халал жолдан келген зекет мүлкінің мөлшері нисапқа (96гр алтын) толғаннан бір жылдан кейін, сол мүліктің белгілі мөлшерін сегіз топ мұсылманның бір немесе бірнешесіне беруге зекет делінеді. Берілген адамның мұсылман болуы керек. Толық мүлкі дегеніміз – қолдануы мүмкін және жаиз болған мүлкі деген сөз. Сатып алынған мүлік келіскен кезде өз мүлкі болып саналатын болса да, қабылдап алғанға дейін қолдану мүмкін болмағандықтан, толық мүлік болмайды. Тартып алынған, яғни зұлымдықпен, қинап алынған және ұрланған, пайызбен, парамен, құмармен алынған, сазды аспап шалу, өлең айтудың жалақысы, алкогольді ішімдік сату ақшасы ретінде алынған және дұрыс емес саудамен алынған заттарға «Хабис (лас) мал» делінеді. Хабис малдардың (заттардың) зекеті берілмейді. Себебі, бұлар алған адамның мүлкіне жатпайды. Иелеріне, иелері өлген болса мирасшыларына, мирасшылары да жоқ болса, кедей мұсылмандарға берілуі керек. Хабис малдарды бір-бірімен немесе өзінің халал малымен араластырып жіберген болса, бұл аралас мал өзінің мүлкі болып саналса да, бұған «Хабис мүлік»делінеді. Хабис мүлікті де басқаға беру және қолдану харам болады, толық мүлік болмағандықтан, зекеті берілмейді. Бұған араласқан хабис малдың мөлшерін, мөлшері белгісіз болса құнын, өзінің халал, зекет малынан иелеріне өтегеннен кейін, хабис мүлікті қолдануы халал болады және зекет нисабына қосуы керек болады. Бұл қарыздарын өтеу үшін халал малы жоқ болса, қарызға алып өтейді. Қарызын төлемей тұрып хабис мүлікті қолдану, басқаға беру харам болса да, сатса, сыйға берсе, алған адамға харам болмайды. Иелері және мирасшылары белгісіз болса немесе әр түрлі адамдардан жиналған харам малдар бір-бірімен араластырылып хабис мүлікке айналған болса, барлығын мұсылман кедейлерге садақа ретінде таратып жіберу керек болады.
Кедей, алғанын қайтадан өзіне сыйлайтын болса, берген адамның кері алуы жаиз болады.
Алтын мен күміс таза күйде қолданылмайды. Құрамында таза алтын жартысынан көп болса, зекеті кезкелген күйде беріледі және салмағымен есептеледі. Бұлардан базарда құн ретінде қолданылатын екі түрі бар болса, тазасы көбірек болғанға «Жәйид» делінеді. Тазасы аз болғанына«Зуйуф» делінеді. Таза мөлшері жартысынан аз болса, саудада қолданылса және құны алтын мен күміс нисабындай болса, зекеттерін беру керек болады.
Жаңбыр немесе өзеннің суымен суарылатын ушры берілетін топырақ өнімі, мөлшері аз болса да және тез шіритін, бұзылатын көкөніс, жеміс-жидек болса да, оннан бірі ушр ретінде ушр алуға тағайындалған адамға беріледі. Тағайындалған адам бұларды сатып, ақшасын «Бәйт-ул-мал»деп аталатын мемлекет қазынасына қосады. Жеміс көріне бастағанда немесе піскенде, немесе жиналған кезінде беру парыз болады делінді. Жануармен немесе арнайы құралмен, аппаратпен, мотормен суарылған өнімнің жиырмадан бірі беріледі. Ешбір шығынын алып тастамай тұрып беру керек. Өкіметтің ушрды мүлік иесіне сыйға тартуы, кешіріп жіберуі жаиз емес. Таудан және ушры берілетін топырақтан пайда болған балдың да ушры беріледі.
Зиммиге (Ислам мемлекетінде өмір сүретін және салық төлейтін кәпір) зекет берілмейді. Бірақ пітір, кәффарат, нәзір және садақа беріледі.«Бахр»-да былай делінген: «Зимми болмаған кәпірге, мүстәмин (мұсылман елді паналаған) болса да, харби (кәпір елдің азаматы) болса да, парыз, уәжіп және нәпіл садақа берілмейді.» Қарызы болмаған кедейге нисап мөлшерінде немесе одан көбірек зекет беру мәкрух болып табылады. Кедейдің бала-шағасы бар болса, әрбіріне нисаптан кішкене кем болатындай мөлшерде беру жаиз.
Қолданыста болған, яғни өтетін ақша болған фулуспен мал сату жаиз. Фулус – алтыннан және күмістен басқа металлдан немесе қағаздан жасалған ақша болып, құны заманға қарай өзгеріп тұратындықтан тағайындалуы, яғни белгіленуі, көрсетілуі қажет емес. Фулус базарда өтпейтін болса, Имам Ағзамның “рахимә-һуллаһу та’ала” үкімі бойынша, сауда-саттық батыл (бұзылған) болады. Имамейннің, яғни Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің “рахимә-һумуллаһу та’ала” үкімі бойынша, батыл болмайды. Құнына қарай өтетін ақша беріледі. Қарыз алғаннан кейін ақша өтпейтін болып қалса, Имам Ағзам бойынша, мөлшерін, яғни алған мөлшеріндегі ақшаны өтейді. Имамейн бойынша, құны мөлшерінде өтетін жаңа ақшамен өтейді. Қолданыста болмаған фулуспен сауда-саттық жасай алу үішн, фулусті белгілеу, көрсету қажет. Белгіленген мал теаййун етеді. Яғни оны беру керек болады. Ұқсасын беруге болмайды. Айырбастау пунктіне бір дирхам салмағында күміс беріп, «мұның жартысына фулус (қағаз ақша) және жартысына жарты дирхамнан бір хаббе (дирхамның 1/48) кем күміс теңге бер» десе, бұл сауда батыл болады. Өйткені, жарты дирхам күмісті салмағы өзінен азырақ болған күміске сату пайыз болады. Егер «мұның жартысына ақша бер, қалған жартысына жарты дирхамнан бір хаббе кем күміс бер десе, ақшаның сатылуы сахих болады. Егер «мына бір дирхам күміске маған жарты дирхам салмағындай фулус (ақша) және жарты дирхамнан бір хаббе кем күміс бер» десе, бұл сауда-саттықтың екеуі де сахих болады. Бір хаббе кем күміс, салмақтары бірдей күміспен сәйкес және жарты дирхам ақша да, жарты дирхамнан бір хаббе артық салмақтағы күміске сатылған болады. Фулус пен мұның құны болған күмістің салмақтары әр түрлі болса да, жынысы басқа болғандықтан жаиз болады.
«Бәдайи-ус-санайи»-да былай делінген: «Зекет ретінде берілетін мал, зекеті қажет болған малдың жынысынан немесе басқа жыныстан зекет малы болуы керек. (Алтынның орнына кедейге киім-кешек, аяқ киім, бидай, май сияқты нәрселер беру жаиз емес.) Зекет малы айн немесе дәйн болады. Айн болған зекет малы салмақпен немесе көлеммен өлшенеді немесе өлшенбейді. Өлшенбейтін болса, не бос жіберілген жануарлар болады, не сауда урузы (заттары) болады. Бос жіберілген жануар болса, насспен білдірілген жануардың өзі берілгенде, орташа жағдайдағысы беріледі. Төмен жағдайда болғаны берілетін болса, орташа жағдайдағыдан айырмашылығы шамада алтын немесе күміс қосып беріледі. Төмен (нашар) жағдайда болғанының құны берілсе, алтын немесе күміспен толықтырылады. Екі орташа қойдың орнына екеуінің құндарындағы бір бас семізін беру жаиз болады. Себебі пайыз малы болмағандарда, құнына мән беріледі. Сауда урузынан (затынан) насспен білдірілгеннің қырықтан бірі беріледі. Өз жынысынан болған басқа мал берілсе, жақсысының орнына орташа немесе нашар мал берілгенде, арасындағы айырмашылықты толықтыру керек болады. Өйткені, уруз – салмақпен немесе көлеммен өлшенбейтін зат деген сөз. Бұларда мөлшер айырмашылығы пайыз болмайды. Мәселен, бір жақсы киімнің орнына екі арзан киім беру жаиз. Өз жынысынан болмаған басқа мал берілсе, парыз болған мөлшерден аз берсе, арасындағы айырмашылықты толықтыру керек болады. Зекет малы, салмақ немесе көлеммен өлшенетін болса, малдың өзінен қырықтан бірі беріледі. Өз жынысынан болмаған басқа зекет малын берсе, өз құнындай беруі қажет болады. Өз жынысынан басқа мал берсе, Шейхайнның үкімі бойынша “рахимә-һумуллаһу та’ала” құнында емес, мөлшерінде беріледі. Мысалы, екі жүз келі (кг) сауда малы жақсы сорт бидайдың құны екі жүз дирхам күміс болса, мұның зекеті ретінде бес келі арзан бидай беру жаиз болады. Осы сияқты, екі жүз дирхам жәйид күмістің зекеті болған бес дирхам жәйид күміс орнына, бес дирхам зуйуф күміс беруге болады. Нәзір беру де осылай.
Алтын мен күміс таза «Сәмән» (ақша, құнның өзі)болып табылады. Екеуі де о бастан Сәмән (ақша, құн) ретінде жаратылған. Бұлар адамның қандай-да бір қажеттілігінен құтылу үшін өздері қолданылмайды. Қажет болған затты сатып алу үшін құрал, себеп болып табылады. Басқа заттар болса, әрі сәмән ретінде, әрі өздерін қолдану үшін де жаратылған.»«Бәдайи»-дан аударма тәмәм болды.
Адамның рахат және Ислам дініне сай өмір сүре алуы үшін қолдануы керек болған нәрселерге «Қажеттілік заттары» делінеді. Қажеттілік заттары адамның жағдайына және заманға қарай өзгереді. Рахат өмір сүруге қажет болмай, тек ләззат үшін, сән үшін, құрметке бөлену үшін қолданылатын артық нәрселерге «Әшекей заттары» делінеді. Алтын мен күміс қажеттілік заты емес, әшекей заты болып табылады. Еркектердің үйде және көшеде, әйелдердің тек қана үйде мубах нәрселермен сәнденуі, әшекейленуі жаиз болады.
Көрініп тұрғанындай, өтетін ақша болған фулус, барлық уақытта сауда малы болып табылады. Құны, базарда қолданылатын алтын ақшалардан нарқы (құны) ең аз болғаны бойынша нисап мөлшері болады, дегенмен зекетін беру парыз болады. Өйткені, сауда малының нисабы Имамәйннің “рахимә-һумаллаһу та’ала” үкімі бойынша, алтын мен күміс ақшадан, саудада көбірек қолданылатынымен есептеледі. Зекеті де, құны есептелген ақшамен немесе малдың өзінен қырықтан бірі беріледі. Кедей мұны қажеттілік заты ретінде қолданады. Фулус – алтын және күмістен басқа заттан жасалған ақша деген сөз. Ол мыс, қола және басқа да қоспалардан жасалғанындай, қағаздан да жасалуда. Яғни қағаз ақшалар фулус болып табылады. Бұлардың зекетін беру керек. Бірақ бұлардың құндары, алтын мен күмістің құны сияқты «Шынайы (хақиқи) құн» емес.«Атаулы құн» болып табылады. Үкіметтердің берген құны болып табылады. Бергендері сияқты, кері де ала алады. Атаулы құндары біткен кезде «сәмән» болмайды. Зекет малы болудан шығады.
Ибн Абидин былай дейді: «Сауда малының құны саудада көп қолданылатын, ақша ретінде шығарылған алтын немесе күміспен есептеледі. Күміспен есептелгенде екі жүз қырық дирхам күмістің құнында болса, алтынмен есептелгенде жиырма мисқал алтынның құнында болса, екеуінің де құны нисап мөлшерінде болса, бұл малды күміспен өлшеу қажет болады. Себебі, зекет ретінде алты дирхам күміс немесе жарты мисқал алтын беруі керек болады. Ал бұл нәрсе бес дирхам күмістің құнында болғандықтан, кедейге пайдасы аз болады. [Өйткені, жиырма мисқал алтын мен екі жүз дирхам күміс бірдей нисапты көрсеткендіктен, құндары бірдей болады.] Бір мисқал салмақтағы алтын ақшаға бір «Динар»делінеді. Өтетін ақша болған фулустың зекетін, нисабы есептелген (алтын немесе күміспен) беру уәжіп болып табылады.» Бұдан көрініп тұрғанындай, қағаз ақшаның нисабын, саудада қолданылатын алтын ақшалардың ең төмен құнымен есептеу және зекеттерін алтын күйінде беру керек. Өйткені күміс, ақша ретінде қазіргі таңда мүлдем қолданылмайды. Қағаз ақшалардың зекеті нисаптарын есептеуде қолданылатын металлмен, яғни алтынмен беріледі. Бұлардың қырықтан бірін қағаз ақша күйінде беруге болмайды. Себебі, қағаз ақшалардың өзі қажеттілік заты ретінде қолданылмайды. Арзан қағаз бар кезде, қағаз ақшаларды қағаз орнына қолдану ысырап болады. Ал ысырап харам болып табылады. Қағаз ақшаның зекетін, ақша ретінде қолдануы үшін қағаз күйінде беру де жаиз емес. Өйткені, ақша ретінде қолдануы үшін, құны шынайы және тұрақты болған алтын беріледі.
Алтынды ақша күйінде және басқа кезкелген түрде беруге болады. Ол барлық уақытта, барлық жерде табылады. Өз қаласында алтын таба алмаған адам, алтын бұйымдары сатылатын орындағы досына қағаз ақша жіберіп, мұнымен алтын алып, зекетін берсін деп оған жазып жібереді. Қағаз ақшаларды кейін өтеуі де жаиз. Қағаз ақшаның зекетін беру, осыншама оңай бола тұра, фиқһ кітаптарының бұл әмірлеріне мойынсұнуды қаламай, алтынның орнына құны атаулы және уақытша болған қағаз ақша беру дұрыс емес. Фиқһ кітаптарына мойынсұнуды қаламай, ғибадаттарды аяттардан, өз түсінгені бойынша орындауға тырысатындарға «Мазһабсыздар» немесе «Адасқандар» делінеді. Мұндай адасушыларға қарсы «Мен ғибадаттарымды Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден сенің түсінгенің бойынша емес, мазһаб имамдарының түсініп білдіргендері бойынша орындаймын» деп айту керек. Мазһаб имамдары “рахимә-һумуллаһу та’ала” түсінгендерін білдіретін кітаптарға«Фиқһ кітаптары» делінеді.
«Жәми’ул әзхар» медресесінің мұғалімдерінен Абдуррахман Жәзири бастаған ғалымдар алқасы әзірлеген «Китаб-ул фиқһ аләл-мәзәһиб-ил әрбә’а» кітабында барлық фиқһ мәліметтері төрт мазһаб бойынша бөлек-бөлек жазылған. Бұл кітап бес бөлім болып, барлығы 1392 хижри және 1972 милади жылы Қахирада басылған. «Мүліктің құжаты болған “Банкнот” зекеті» тақырыбының астында былай жазылған: «Фиқһ ғалымдары, әурақи малийа (мүліктің құжаты), яғни қағаз ақшалар үшін зекет беру қажет деді. Өйткені, бұлар саудада алтын мен күмістің орнына қолданылуда. Бұларды кезкелген уақытта алтын немесе күміске оңай ауыстырып алуға мүмкіндік бар. Қағаз ақшасы өте көп болған адамның бұларды алтын мен күміс зекетінің нисабына қоспауы және бұлардың зекетін бермеуі ақылға қонатын нәрсе емес. Осы себептен, үш мазһабтың фиқһ ғалымдары қағаз ақшалардың зекетін беру керектігін сөз бірлігімен білдірді. Тек Ханбели мазһабы ғана бұған қосылмады. Ханафи мазһабының ғалымдары қағаз ақшалардың «Дәйни қауи» (Нақты малдың)құжаты екендігін, қалаған кезде алтын мен күміске ауыстыруға болатындығын айтты. Сондықтан зекеттері дереу берілу керек деді. Өйткені, алынатын қарыздың зекетін беру алтын, күмісті алғаннан кейін парыз болады. Алмай тұрып зекет парыз болса да, беру парыз болмайды.» Қаласа, оны алғанға дейін күтіп, алғаннан кейін өткен жылдардың зекетін береді. Қаласа, күтпестен қолында бар болған, «Айн» болған алтын және күмістен солардың да зекетін жыл сайын беріп тұрады. Алатын алтындарының зекеті ретінде қолындағы құжаттарды (ақшаны) бере алмайды, құжатта жазылған алтын және күмістерді қарыздарынан алғаннан кейін, бұлардың қырықтан бірін ажыратып, өткен жылдардың әрбірі үшін бөлек-бөлек кедейлерге беруі парыз болады. Дәл осылай, зекет ретінде қағаз ақша беруге болмайды. Бұлардың қырықтан бірімен саррафтан (алтынға ақшаны ауыстыратын адам) бағасы ең төмен болған алтын тиындар алып, осы ақшаларды немесе бұлардың салмағындай алтын жүзік, білезіктерді кедейлерге беру қажет.
Өзіне қарыздар болған адамға оны қарызынан құтқару үшін «Саған зекет беремін. Бірақ сенен алатын қарызымды беретін зекетім деп санаймын. Сен қабыл ет!» деу жаиз емес. Зекетті кедейге беруі, ал кедейдің алғанын байға қайтарып, қарызын өтеуі керек. Кедейдің қайтарып беруіне сенімсіз болған қарыз беруші үшін «Фәтәуәи хиндийа»-ның алтыншы томының соңында былай делінген: «Қарыз берген адам бір сенімді адамын қарыздарына көрсетіп, "саған бермекші болған зекетімді қабыл алу және содан соң сенің маған беруің керек болған қарызыңды өтеу үшін мұны өкіл қыл" дейді. Кедей бұл адамды осылайша өкіл қылады. Бұл кісі зекетті алғанында, алған малы кедейдің мүлкі болады. Кейін мұны байға кері қайтарып, кедейдің қарызын өтеген болады. Екі адамның бір кедейден алатын қарыздары бар болса, бұлардың бірі кедейге алатын қарызы шамасында зекет беріп, оны өзі алуы керек болған қарызынан құтқарғысы келсе, кедейге сол шамада зекет береді. Содан кейін қарызын кедейге садақа етеді. Яғни халал қылады, кешіп жібереді. Одан кейін кедей қолындағы зекетті байға сыйлайды. Немесе кедей адам біреуден қарызы шамасында алтынды қарызға алып, байға сыйлайды. Бай мұны зекет ретінде кедейге қайтарып береді. Содан соң кедейді қарызынан босатады, яғни оған қарызын кешеді. Кедей, зекет ретінде алған алтындарды алдында қарыз алған адамына қайтарып береді. Зекетпен (нәзір етілген малмен) қайырымдылық пен жақсылық жасалмайды. Қайырымдылық жасау үшін мұны бір таныс кедейге береді. Кедей бұлармен қайырлы істер жасайды.» Бұлардан аңғарылып тұрғаны, қағаз ақшамен зекет бере алу үшін, беретін қағаз ақшаның құнындай алтын ақша салмағындағы алтын әшекей бұйымдарын әйелінен немесе таныстарының бірінен қарызға алады. Алтындарды таныстарынан немесе туысқандарынан бір кедейге зекет ниетімен береді. Осылайша қағаз ақшалардың зекеті берілген болады. Содан соң кедей бұл алтындарды сол байға сыйлайды. Бай қабыл алып, алтындарды иесіне қайтарып қарызын береді. Зекеті беріліп қойғандықтан, бай зекет беру үшін ажыратып қойған қолындағы ақшалардың бір бөлігін сол кедейге береді. Қалған ақшасын қайырымдылыққа береді. Кедей де осы қайырымдылықтың сауабын алуды қаласа, зекет ретінде алған алтындарды сол байға сатады. Содан кейін қайырымдылық жасауы үшін байды өкіл етіп, қағаз ақшаларды байға қайтарады.
Төрт мазһаб ілімдерінің маманы, үлкен ғалым, сәйид Абдулхаким Арваси “рахметуллаһи алейһ” былай деген: «Қағаз ақшалардың құны - шартты құн болып табылады. Шарты кеткеннен кейін құны қалмайды. Осы себепті, пітір мен зекетті қағаз ақшамен беру жаиз емес. Қағазбен берілген алдыңғы зекеттерді алтынмен дәуір жасап, қаза ету тиіс. Қажылықтан басқа өзге малмен жасалатын ғибадаттардың қазасы дәуір жасау жолымен жасалады.»
«Дуррул мухтар»-да былай делінген: «Бағилар, яғни үкіметке қарсы шығып мемлекетті басып алған мұсылмандар және залым болған мұсылман сұлтандар, жануардың және ушр деп аталатын топырақ өнімдерінің зекеттерін алған болса және бұларды Аллаһу та’ала әмір еткен орындарға берген болса, бұл алған малдары зекет болады. Алғандарын басқа жерлерге беретін болса, алғандары зекет болып саналмайды. Мал иелерінің зекеттерін қайтадан мұсылман кедейлерге берулері қажет болады. Сауда заттарының зекеттерін және ақшаның зекеттерін жинаса, ғалымдардың көбінің үкімі бойынша зекет орнына өтпейді. Пәтуа да осындай. Кейбір ғалымдарның үкімі бойынша залым сұлтандар, мұсылман болғандықтан және қолдарындағы мүлік халықтың ақысы болғаны үшін бұлар кедей болып саналатындықтан, бұларға зекет деп ниет етіп берілгендер зекеттің орнына өтеді.» Ибн Абидинде былай делінген: «Салық ретінде, баж (пошлина) деп және басқа да атаулармен алынған малдар, ақшалар да осындай. Ниет етілсе де зекеттің орнына өтпейді дегендердің сөздері сахих. Яғни залым болған мұсылмандардың бұл малдардың зекеттерін жинауға ақылары жоқ.» Пәтуаның да осындай екендігі «Тахтауи» хашиясында жазылған. Көрініп тұрғанындай, жануар зекетін және ушрды берудің сахих болуы үшін, бұларды жинаған үкіметтің де мұсылман болуы және жинағандары «Бәйт-ул мал» деп аталатын мемлекет қазынасының төрт бөлігінен алашақты болғандарға таратуы керек. Үкіметке берілген салықтардың барлық түрі, ғалымдардың көбінің үкімі бойынша, сауда затының және ақшасының зекеттері болмайды. Кейбір ғалымдар «жинаған үкіметтің мұсылман екенін білу және берілген малдар мен ақшаларды зекет ниетімен беру шартымен жаиз болады» деген болса да, бұл сөз заиф болып табылады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024