Сұрақ: Философия деген не?
Жауап: Философия – Philosophie, грекше “philos” (филос – махаббат) және “sofia” (софия – даналық) сөздерінен пайда болған, “даналыққа деген махаббат“ деген сөз. Философия – бір тақырыпта адамдардың ақылы және логикасымен зерттеу және анықтау арқылы қол жеткізген нәтижелері. Барлық нәрсенің негізін іздеу және не үшін бар екенінің себебін табу үшін тырысу деген сөз. Философиямен әуре болғандардың әрі рухани, әрі жаратылыстану ғылымдарында өте терең білім иесі болуы керек. Алайда бір адамның білімі қаншалықты көп болса да, қате ойлауы мүмкін немесе жасаған зерттеулерінен қате нәтижелер шығаруы мүмкін. Міне осы себептен философия ешқашан нақты нәтижелер бермейді. Сондай-ақ, мұны естіген адамның өз ақыл және логика сүзгішінен өткізуі керек.
Әр философиялық ойға бір теріс пікір болады. Екі пікірді де бір-бірімен салыстыру керек. Көптеген философиялық пікірлер уақыт өте өзгеруі мүмкін болғандықтан, бұларда ешқашан нақтылық болмайды. Ал дініміздегі насс (аят-хадис-негіздер)-тар нақты болады, бұларда тартысуға болмайды.
Әр заманда келген философтар алдындағылардың қателіктерін көрсетіп, олардың пікірлерінің кейбірлеріне немесе барлығына қарсы шыққан. Ескі грек философтарынан Платон және Аристотельдің кейіннен келген философтар үстіндегі әсерлері ұзақ уақытқа жалғасты. Бүгінгі философияны ағылшын философы Бэкон мен франсуз философы Декарт құрған деп қабыл етіледі. Философтар арасында Сократ, Аристотель, Платон, Эпикур, әл-Фараби, Ибн Рушд, Бэкон, Декарт, Спиноза, Кант, Гегель, Карл Маркс, Огюст Конт, Бергсон – ең атақтылары. Бұларды ешбірі қателіксіз жүйе құра алмаған.
Философтар иман тұрғысынан үшке бөлінеді:
1) Материалисттер: «Бұл әлем осылай келген, осылай кетеді. Бұл әлемнің жаратушысы жоқ» дейді.
2) Натуралисттер: Бір жаратушының бар екеніне сенеді, бірақ ахиретке сенбейді.
3) Илаһийун: Бұлар алдыңғы екі көзқарасты жоққа шығарса да, пайғамбарларға және денемен қайта тірілуге сенбейді.
Грек философтары «Әлем дәл Құдай сияқты ежелден бар болған және мәңгі бар болып қала береді, Құдай майда маңызсыз нәрселерді білмейді, денемен қайта тірілу деген нәрсе жоқ» дейді. Ислам ғалымдары әлемді ежелден бар деп есептеген және мәңгі бар болып тұрады деп санаған мұндай философтарға кәпір деген.
Ислам дінінде философия жоқ. Философияның жауап іздеген сұрақтарының бәріне, дініміз қайшы дәлел беріле алмайтындай түрде жауап берген. Философтар айналысатын барлық нәрсені дініміз анықтап берген. Бұлар техниканың өзгеруімен өзгермейді. Батыстықтар дініміздегі тасаууфты философия деп санаған және тасаууф ұлыларына Ислам философы деген. Ислам философиясы тіркесі де осы қателіктен туындаған.
Ислам философиясы жайлы сөз қозғайтындар – 72 адасқан ағымның өкілдері. Бұл бұзылған ағымдардың пайда болуына ескі Грек, Үнді және Парсы философиясының араластырылуының және аяттардың нақыл бойынша емес, ақыл бойынша түсіндірілуінің үлкен әсері болған.
Философиядан мүлдем өзгеше және ғибадат болған тәфәккур екіге бөлінеді:
1) Аллаһу та’аланың ұлылығын, құдіретін ойлап, өзінің әлсіздігін түсіну, жаратылғаннан жаратқанға жол табу.
2) Жаратылыстану ғылымын Ислам дінінің білдіргендеріне сай, адамдардың рахатын қамтамасыз ету мақсатымен қолдану үшін бас қатыру.
Имам Ғазали хазреттері «Ақыл өзінен де хабарсыз. Барлық нәрсе пайғамбарлық шындығында. Бұл шындыққа жабысу арқылы құтылдым» деген. Хазреті Мәулана «Ұстазымды тапқан кезде ақылымды тастадым және құтылдым» деген. Философияда рационализмді (тек ақылмен ғана түсінуге тырысу) құлатқан Бергсонға «Рационализмді ақылмен құлаттың ғой» делінген кезде, «Ақылды тастау керек болған ең соңғы қадам – өзінің әлсіздігін және ештеңе емес екенін білу» деген.
Ислам әлемінде ақылды өлшем немесе төреші қылған ешқандай философия болмаған, керісінше уахиға сай тәфәкккур болған. Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд сияқты философтар және бидғатшы ағымдар Грек философтарының әсерінде қалып, Құран кәрімді және хадис шәрифтерді өз ақылдарына сүйеніп жорғандықтан, дұрыс жолдан айрылған.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024