Ұлы әулиелердің бірі, хазреті Сырри Сәқати бір жерге бара жатқанда, жолдағы жанды-жансыз барлығы, тіпті ауадағы құстар да оған анық тілде сәлем беретін. 40 рет жаяу қажылыққа барған. Осыған қарамастан кейбіреулер одан былай деп сұрайды:
– Йа, Шәйх! Сіз өміріңізде бір рет те болса қателік жасадыңыз ба?
Сонда басын иіп былай деп жауап береді:
– Ей, бауырларым! Бір қателік жасадым. Сол қателігімнің оты жүрегімді 30 жылдан бері өртеп келеді. Әр еске алғанымда жүрегім тоқтап қалады деп ойлаймын...
– Ұстаз, ол қандай қателік еді?
– Осыдан отыз жыл бұрын Бағдат қаласында үлкен өрт шыққан еді. Менің де дүкенім орналасқан базар толық жанып кетті. Ол кезде мен басқа жерде едім... Хабаршылар барлық көршілерімнің дүкені жанып, тек менің дүкенім ғана жанбағанын айтып сүйіншіледі!... Қуанғанымнан: «Әлһамдулиллаһ!» деп Аллаһу та’алаға шүкір еттім... Бірақ артынша өзге мұсылмандарды қалдырып, тек өзімді ғана ойлағаным үшін қатты ұялдым... Бірден тәубе етіп, кәффарат ретінде дүкенімдегі заттарды садақа ретінде таратып жібердім, - дейді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024