Мен оған ғашық болдым

Құран кәрім оқып жатқан кезде сүйікті пайғамбарымыздың есімі өткенде дереу сол мүбәрәк есімді құрметпен сүю керек. Көп ниғметке қауышылады.

Мұса алеһиссаламның заманында ешкімнің жақсы көрмейтін, күнаһар бір кісі болатын. Сол кісі бір күні өледі. Айналасындағылар бұл да адам ба, деп оны қоқысқа тастап жібереді. Аллаһу та’ала Мұса алейһиссаламға: «Менің пәлен жердегі қоқыста әулие бір құлым бар. Оны ол жерден шығарып, тазалап, жаназасын оқып жерле» деп әмір етеді. Мұса алейһиссалам әлгі кісіні қоқыстың ішінен шығарып, жақсылап жуып, кебіндеп, жаназасын оқиды. Бұл жағдайды көрген халық таң қалады. Жерлегеннен кейін Мұса алейһиссалам әлгі кісінің үйіне келіп:

- Ей ханым, бұл кісі не істеген, қандай жақсы амал жасаған?- деп сұрайды. Әйел:

- Йа Расулаллаһ, ешкім оны жақсы көрмейтін, бәрі одан қашатын еді, оның ешқандай жақсы амалы жоқ еді.

- Жақсылап ойлан, оның қайырлы бір амалы, жақсы бір ісі бар.

- Еш бір жақсылығы жоқ еді, үнемі күнә істейтін,- дейді. Үшінші рет сұрайды:

- Оның міндетті түрде бір игі ісі бар, Аллаһу та’ала маған оны жерлеуімді айтты,- дейді. Сонда әйел былай дейді:

- Бір күні Тәурат оқып жатқан еді, оқып жатқан кезде Мұхаммед алейһиссаламның Ахмет деген есімін кездестіреді. Бұл неткен әдемі есім деді, тағы да оқып, бұл неткен әдемі есім деді. Кейін, йа Раббым есімі осындай әдемі болған адамның кім білсін өзі де әдемі шығар, мен оған ғашық болдым деп есімін сүйген еді.

Мұса алейһиссалам болды, енді түсінікті дейді. Мұндай пайғамбарға үммет болу ең үлкен ниғмет.

Бір адам сеніп Мұхаммед алейһиссаламды бір рет көрсе, жанынан тіпті арқасынан көрген болса да, немесе егер көзі көр болып дауысын бір рет істеген болса және иман келтірсе бүкіл ілімдер (жаратылыстану және дін үкімдері және бүкіл үстемдіктер) соған беріледі. Бұл нәрсе бояуға батырылған матаның бояуды сіңіріп алуына ұқсайды. Бүкіл үстемдіктер және ілімдер оған өтеді. Сол себепті сахабалардың барлығы мүжтәһид еді, олардың дәрежесіне еш кім жете алмайды, бұл үстемдіктер оларға тән.