ЖҰМА НАМАЗЫ ЖАЙЫНДА

Жұма намазының сахих болуы үшін жеті шарт бар:

1) Намаз оқылатын жердің қала, яғни үлкен аймақ болуы.

2) Хұтба оқу.

3) Хұтбаны намаздан бұрын оқу.

4) Ол жерде имам немесе үкімет басшысы тарапынан тағайындалған наибтың (орынбасардың) болуы.

5) Бесін намазының уақытында оқылуы.

6) Жамағаттың бар болуы. Имам Ағзам мен Имам Мұхаммедтің үкімі бойынша “рахимә-һумуллаһу та’ала” балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс және еркек болған имамнан басқа үш адам, ал Имам Әбу Юсуфтың үкімі бойынша “рахимә-һумуллаһу та’ала” имамнан басқа екі адамның болуы. Негізге алынғаны – Тарафәйннің қаулысы.

7) Мешіт есіктерінің баршаға бірдей ашық болуы.

«Хиндийа» пәтуасында былай делінген: «Еркін, сау және жолаушы болмаған еркектердің жұма намазын оқуы фарзи айн. Жолаушыға, ауруға және әйелдерге жұма намазын оқу парыз емес. Қатты жаңбырдан және үкімет адамының зұлымдығынан қорыққандарға да парыз болмайды. Әмір, қолбасшы және жұмыс беруші болған адамдар қол астындағыларға жұма намазына баруға тыйым сала алмайды. Барып-келуге кететін уақыттың жалақысын қысқарта алады. Пасық (күнәхар) болған имам жұма намазын оқытса, оған тосқауыл бола алмағанның бұл имамға ұюы, бұл үшін жұма намазын тәрк етпеуі керек делінді. Басқа намаздарда, салих имам намаз оқытатын мешітке бару керек, пасық имамның артында намаз оқымау керек. Барлық әйелдердің қандай-да бір намазды жамағатпен оқу үшін мешітке барулары мәкрух болады.»

Бір адам, жұма намазының екінші рәкатының рукуына үлгерсе, Имам Мұхаммед бойынша “рахимә-һуллаһу та’ала” бесін намазын оқиды. Имам Ағзам мен Имам Әбу Юсуфтың үкімі бойынша “рахимә-һумаллаһу та’ала” тәшәһһудке үлгерсе де, жұма намазын оқиды. Сондай-ақ, имам хұтба оқып жатқанда, бір адам нәпіл намазын оқып жатқан болса, екі рәкат қылып бітіреді, бұдан артық оқымайды. Ал егер жұма намазының сүннеті болса, екі рәкат оқып сәлем бере ме, әлде төрт рәкат етіп толықтырып бітіре ме? Бұл жөнінде ғалымдар арасында сөз келісімі болмады. Негізге алынғаны – төрт рәкатты толықтырып бітіреді.

Жұма намазының бес уәжібі бар:

1) Азан уақытында бүкіл істі тоқтату.

2) Мешітке жылдам жүріп бару.

3) Имам хұтба оқып жатқанда нәпіл намаз оқымау.

4) Дүниелік сөздер сөйлемеу.

5) Үндемей отыру.

Жұма намазының алты мүстаһабы бар:

1) Иіссу себіну.

2) Мисуак қолдану.

3) Таза киім кию.

4) Тәбкир. [Тәбкир – Жұма намазы үшін, мешітке ерте бару деген сөз. Асхаби кирам заманында сахабалар “радиаллаһу та’ала анһум әжма’ин” таң намазынан кейін таралмай, жұма намазынан кейін таралатын еді. Бұл үмбетте ең алғаш тәрк етілген нәрсе – тәбкир сүннеті.]

5) Ғұсыл алу.

6) Салауат айту.

Жұма намазының бес мәкрухы бар:

1) Имам хұтба оқып жатқанда сәлем беру.

2) Құран кәрім оқу.

3) Түшкірген адамға «Йәрхамукаллаһ» деу.

4) Бір нәрсе жеу немесе ішу.

5) Мәкрух болған кезкелген амалды істеу. (Имамның хұтбаны созып жіберуі де мәкрух болады.)

Мұнарада айтылған жұма намазының бірінші азанынан кейін имам минбердің қасында жұма намазының алғашқы сүннетін оқиды. Содан соң минбердің алдына келіп, түрегеп тұрып, құбылаға қарап қысқа дұға етеді де минберге шығады және жамағатқа бұрылып отырып, екінші азанды тыңдайды. Кейін тұрып хұтбаны бастайды.

[Уаххабилер деп аталатын адамдар Әһли сүннет мазһабында емес. Олар мазһабсыздар. Оларға «уаххаби» немесе «нәжди» делінеді. Уаххабилікті ағылшындар құрды. Абдулуаххаб ұлы Мұхаммед есімді Нәждтік тексіз, надан болған бір дін адамы арқылы құрды. Олар бүкіл әлемге тегін таратып жатқан кітаптарында уаххаби болмаған мұсылмандарға "мүшрик, кәпір" дейді. "Оларды өлтіру, әйелдерін, қыздарын, мал-мүліктерін ғанимет (байлық) ретінде алу жаиз болады" деп жазады. Көп ақша беріп сатып алынған мазһабсыздардан, надан дін қызметкерлерінен уаххаби тәрбиелеп, әр мемлекетте ашқан «Рабыта-тул аләм-ил-ислами» деп аталатын уаххаби орталықтарына жіберуде. Олардың ислам дініне сай болмаған жазбаларын [Әлемдегі ислам ғалымдары бірлестігінің пәтуасы деп] барлық ислам мемлекеттеріне жаюда. Әр жылы қажыларға тегін таратуда. Сол жазбаларының бірінде «Әйелдердің жұма намазын оқуы парыз болып табылады» делінген. Әйелдерді, қыздарды мәжбүрлеп жұма намазына жіберіп жатыр. Әйел-еркек аралас намаз оқытып жатыр. Кейбір жазбаларында да «Жұма мен айт хұтбалары жамағат түсінетін тілде айтылу керек. Арапша оқымау керек» дейді. Осындай пәтуаларына Ислам мемлекеттеріндегі шынайы дін ғалымдары дәлелдермен жауап беруде. Осы дұрыс жауаптардың бірі – Үндістанның әртүрлі аймақтарындағы Әһли сүннет ғалымдарының пәтуалары. Мәселен, Мадрас (Ченнаи) муфтиі аллама һибруннихрир уәл-фәххамә сахибут-тақрир уәттахрир мәуләна Мұхаммед Тәмим бин Мұхаммед Мадраси “нәууәраллаһу мәрқәдәһу” былай деген:

"Хұтбаны толығымен арапшадан басқа тілде оқу немесе арапша оқып, әрі аудармасымен бірге оқу мәкрух болып табылады. Хұтбаны толығымен арапша оқу уәжіп болады. Себебі, Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” барлық хұтбаларын тек арап тілінде ғана оқыған.«Бахрур-раиқ» кітабында, айт намаздары жайында былай делінген: «Тарауих және Кусуф намаздарынан басқа нәпіл намаздарды жамағатпен оқуға болмайды. Айт намаздары әрдайым жамағатпен оқылғандықтан, нәпіл еместігі, уәжіп екендігі аңғарылады.» Көрініп тұрғанындай, Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” тұрақты түрде жасаған ғибадатының уәжіп екендігі аңғарылуда." Аллама Зәбиди “рахимә-һуллаһу та’ала” «Ихйа» шәрһінде былай деген: «Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәләм” тұрақты түрде (үнемі, үздіксіз) жасаған ғибадаттары уәжіп болады. Парыз екендігін білдірмейді.» Аллама муфти Әбуссууд мырза “рахимә-һуллаһу та’ала” «Фәтхуллаһ-ил му’ин» кітабында былай деген: «Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәләм” бір амалды тұрақты түрде орындауы мұның уәжіп екендігін көрсетеді.» [Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” дәреттің сүннеттерінде былай деген: «Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” тұрақты түрде, үздіксіз орындаған ғибадаты мүлдем тәрк етілмеген болса, муаккад сүннет болады. Тәрк етпеуімен қатар тәрк еткендігі жоққа шығарылған болса, уәжіп болады. Өйткені, жоққа шығармау – үкіммен тәрк ету болады. Осы себептен, Әбуссууд мырза мүлдем тәрк етпей, тұрақты түрде орындаған амал уәжіп болады деген.» Екеуін де үзірсіз тәрк етудің тахримән мәкрух болатындығы намаздың мәкрухтарының соңында білдірілген.] Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” хұтбаларды әрдайым тек арап тілінде оқуы, арапша оқудың уәжіп екендігін көрсетеді. Сондықтан хұтбаларды арап тілінен басқа тілде оқу немесе арапшасын аудармасымен қосып оқу тахримән мәкрух болады. Өйткені, біріншісінде арапша оқу тәрк етілген болады. Ал екіншісінде хұтбаның тек арап тілінде болу керектігі тәрк етілген болады. Екеуінде де Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” үздіксіз, тұрақты түрде орындаған амалы тәрк етілген болады. Дәл осы сияқты, намазға кіретін кезде айтылатын тәкбірді арап тілінде айту және бұлардың арасында «Аллаху әкбар» деу бөлек-бөлек екі нәрсе. Екеуінен бірін тәрк ету тахримән мәкрух болуда. Өйткені Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” әрдайым «Аллаһу әкбар» дегендіктен, осыны айту уәжіп болған, ал тәрк ету тахримән мәкрух болған.

Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” «Рәддул-мухтар» кітабында былай деген: «Мәкрух – уәжіптің немесе сүннеттің тәрк етілуі деген сөз. Уәжіптің тәркі тахримән, ал сүннеттің тәркі тәнзиһән мәкрух болады.»«Халәби-и кәбир»-де: «Сүннетті тәрк ету тәнзиһән мәкрух болады. Уәжіпті тәрк ету тахримән мәкрух болады.» делінген. «Фәтәуа-и Сиражийа»-да «Хұтбаны парсы тілінде оқу жаиз» делінген. Бұл сөзге сүйеніп, хұтбаны арабшадан басқа тілде оқу жаиз болады, тахримән және тәнзиһән мәкрух болмайды деп пәтуа беру дұрыс емес. Өйткені Сиражийаның сөзі «сахих болады» деген мағынада айтылған. Бұл да мәкрух еместігін білдірмейді. Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” «Рәддул-мухтар»-да: «Сахих болады деп айтуы, мәкрух еместігін көрсетпейді» деген. Мұхаммед Абдулхәйй Лукнәуи “рахимә-һуллаһу та’ала” «Умдәт-ур-риайя» кітабында: «”Хұтбаның арабша оқылуы шарт емес. Парсы немесе басқа тілде оқу жаиз болады” деген сөз намаздың жаиз болатындығын білдіруде. Яғни жұма намазының сахих болуы үшін, хұтба оқу шарты орындалған болады деген сөз. Әйтпесе, хұтба кәрахатсыз (мәкрухсыз) болады деген сөз емес. Өйткені Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” және бүкіл Асхаби кирам “радиаллаһу анһум” хұтбаны әрдайым тек арабша ғана оқыған. Оларға ермеу тахримән мәкрух болады» деген. Табиин және табе-и табиин де “рахимә-һумуллаһу та’ала” хұтбаны барлық уақытта, барлық жерде тек қана арабша оқыған еді. Арабшадан басқа тілде оқымауымен қатар, арабшамен бірге аудармасын қосып оқыған кездері де мүлдем болмады. [Алайда, олардың Азияда және Африкада хұтбаларын тыңдайтын адамдардың ешбірі арабша білмейтін, хұтбада айтылғандарды түсінбейтін еді. Олардың түсінулері үшін аудармасын да қосып айтуы, жаңадан мұсылман болғандарға Ислам дінін үйретулері қажет болса да, олар хұтбаларды арабшадан басқа тілде оқуды жаиз көрмеді. Ислам діні жайында оларға хұтбалардан тыс уақытта баяндады. Хұтбаларды да түсінулері үшін және Ислам дінін жақсылап үйренулері үшін оларға араб тілін үйренуді әмір етті. Біз де осы ғалымдар сияқты жасауымыз керек.]

Олардың істегендерімен келіспей, хұтбаларды арабшадан басқа тілде оқу «Бидғат» болады. Тахримән мәкрух болады. Хұтбаны өзге тілде оқуға тахримән деу, арапшамен қоса аудармасын оқуға тәнзиһән деп айту дұрыс емес. Себебі, тәнзиһән мәкрух деп сүннетті тәрк етуге айтылады. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” бүкіл хұтбаларын барлық уақытта тек қана араб тілінде оқығандықтан, хұтбаның барлығын арабша оқу уәжіп болып табылады. Бұл уәжіпті тәрк ету қалайша тәнзиһән мәкрух болады? Тахримән мәкрух болатын нәрсені тәрк ету уәжіп. Мәулана Бахр-ул-улум “рахимә-һуллаһу та’ала” «Әркан-ул-әрбә'а»-да: «Тахримән мәкрух болған нәрсені тәрк ету уәжіп болып табылады. Бұл мәкрухты жасау сол уәжіпті тәрк ету болып саналады.» деген.

Тахримән мәкрух болған нәрсені үнемі істеп жүретін адам әділ болмайды. Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” «Рәддул-мухтар»-да, намаздардың уәжіптерін бастарда, Ибн Нужәймнен “рахимә-һуллаһу та’ала” алып былай деген: «Тахримән мәкрух болған амалды істеу кішкентай күнә болады. Кішкентай күнәні үнемі істеп жүру әділеттікті кетіреді.» Хұтбалардың аудармаларын да қосып оқыған хатибтердің (имамдардың) әділдігі жоқ болып, пасық болады. Олардың артында, оларға ұйып намаз оқу тахримән мәкрух болады. «Нур-ул-изаһ»-та және«Ибн Абидин»-де былай делінген: «Құл, (ауылдық) көшпенді және зинадан туылған адам егер сауатсыз болса, бұлардың имам болуы, ал пасық пен бидғатшының, білімі көп болса да имам болуы мәкрух болып табылады. Бұларды имамдыққа өткізу күнә болады.» Аллама Ибраһим Халеби “рахимә-һуллаһу та’ала” «Халеби-и Кәбир»-де: «Пасықты имамдыққа өткізгендер күнә істеген болады. Өйткені пасықтарды имам етіп сайлау және тағайындау тахримән мәкрух болып табылады» деген.«Мәрақил-фәлах»-та: «Пасық адамның, ғалым болса да, имамдыққа өтуі мәкрух болады. Өйткені бұл адам Ислам дініне бағынуда салғырттық танытады. Оны құрметтемеу уәжіп болады. Имамдыққа өткізу – оған құрмет көрсету болып саналады. Имамдыққа өтуіне тосқауыл бола алмайтын жағдайда, жұманы және барлық намаздарды басқа мешітте оқу керек.» делінген. Аллама Тахтауи “рахимә-һуллаһу та’ала” мұны түсіндіргенде «Пасықтың имамдыққа өтуі тахримән мәкрух болып табылады» деген.

Имамның хұтбаларды арабшадан басқа тілде оқуына себепші болмау керек. Бұған себепші болу күнә болады. Себебі, күнә істеуге жәрдем беру де күнә болып табылады. Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” «Рәддул-мухтар»-да: «Пасық болған имамға ұйып намаз оқуға болмайды. Пасық болмаған имамды іздеу керек. Жұма намазы мұндай емес. Қалада жұма намазы бірнеше мешітте оқылатын болса, жұма намазын да пасық имамға ұйып оқу мәкрух болады. Себебі, басқа имамға ұйып оқуға мүмкіндік бар.«Фәтһул-қадир»-да да осылай жазылған» деген. Осы себептен, арабшадан басқа тілде, аудармасын да оқитын имамға ұйып оқымау керек, хұтбаны тек араб тілінде оқитын имамды іздеу керек, жұма намазын соған ұйып оқу керек. Кеңірек мәлімет алу  үшін «Әт-тахқиқат-ус сәнийа фи кәрахат-ил-хутбәти би-ғайрил арабийа уә қираатиһа бил арабийати ма’а тәржәмәтиһа би-ғайрил арабийати» атты кітапты оқыңыз! Аллама Мұхаммед Тәмими Мадрасидің жазбасынан аударма осы жерде тәмам болды.

Жоғарыдағы жазба 1349 [м.1931] жылы Үндістанда араб тілінде жазылған, Үндістанның ең үлкен он үш ғалымы тарапынан расталған, алты қол қойылған. Осы тарихи пәтуамен бірге Үндістандағы «Диобенд», «Бақият-ус-салихат», «Мадрас» және «Хайдар-абад» ғалымдарының арабша пәтуалары 1396 [м. 1976] жылы Ыстамбұлда бастырылған. Осман империясындағы бүкіл әлемге даңқы шыққан мыңдаған ғалымдар және шәйһул-исламдар “рахимә-һумуллаһу та’ала” халықтың хұтбаларды түсінуі үшін шара іздеген. Хұтбаларда халық түсінетін аудармаларының да оқылуы үшін рұқсат таба алмай, бұған рұқсат бере алмаған. Жамағатқа хұтбаның мағынасын түсіндіру үшін әр мешітте, намаздардан кейін жұма уағыздары жасалған, 600 жыл бойы хұтбалар халыққа осы жолмен үйретілген. Осылайша Ислам дінінің сыртына шығудың алдын алған.]

Айт намазының «Зәуаид тәкбірлері» тоғыз: Бірі парыз, бірі сүннет, жетісі уәжіп: ифтитах тәкбірі парыз. Алғашқы руку тәкбірі сүннет. Зәуаид тәкбірлері уәжіп. Және екінші рәкаттың руку тәкбірі уәжіпке жақын болғандықтан уәжіп болады.

 

НАМАЗ ОҚУ

«Нимети ислам» кітабында былай делінген: «Ақылы толық және балиғатқа толған әрбір мұсылманның күніне бес уақыт намаз оқуы парыз. Ешкім ешкімнің орнына намаз оқи алмайды. Бір адам, оқыған намазының және басқа да ғибадаттарының сауабын [тірі немесе өлгендерге] басқаларға бағыштай алады. [Өзіне қанша сауап берілген болса, олардың әрбіріне де сонша сауап беріледі. Өзінің сауабы мүлдем азаймайды.] Қарыз ақысын кешіру үшін, қарыздар адамның намаз оқып, сауабын қарыз берген адамға бағыштауы жаиз емес. Намаздың парыз екендігіне сеніп, үзірі жоқ бола тұра жалқаулықпен намаз оқымаған адам кәпір болмайды, пасық болады. [Бір намаз үшін тозақта жетпіс мың жыл жанатындығы білдірілді.] Намаз оқуды бастағанға дейін қамауға алынады. Бала жеті жасқа толғанда оған намаз оқу әмір етіледі. Он жасқа келгенде намаз оқымаса, қолмен ұрылады. Үш реттен артық ұруға болмайды. Таяқпен де ұруға болмайды. Таяқпен, тек қылмыс істеген ересек адам ғана соттың шешімімен ұрылады. Күйеудің де әйелін таяқпен ұруына болмайды. [Ешбір жандының басынан, бетінен, кеудесінен, алдынан, ішінен ұру жаиз емес.] Ауру адамның да күш-қуаты жететін шамада намаз оқу парыз болып табылады.