Сұрақ: Жын мәктубы деген не?
Жауап: Жын мәктубы (хаты) – пайғамбарымыздың мұсылмандарды жындардың зиянынан қорғау үшін хазреті Әлиге жаздырған хаты. Тұмар қылып тағып жүргендерге және үйінде осы мәктуб болғандарға бұл махлұқтар зиян бермейді.
Сахабалардан хазреті Әбу Дүжане былай айтып берген:
Үйде жатқан едім. Диірменнің дауысына ұқсаған және ағаш жапырақтарының дауысы секілді дауыс естідім және үйдің іші найзағай секілді жарқылдады. Басымды көтергенімде бөлменің ортасына үлкен бір нәрсе көтерілгенін көрдім. Қолыммен ұстағанымда кірпінің терісіндей болып сезілді. Бетіме ұшқын секілді нәрселер лақтыра бастады. Дереу Расулуллаһқа барып болғандарды айтып бердім. Пайғамбарымыз “Ей Әба Дүжане, Аллаһу та’ала үйіңе жақсылық және береке берсін!” деді де, қалам мен қағаз сұрады. Хазреті Әлиге бір мәктуб жаздырды. Мәктубты алып үйге бардым. Басымның астына қойып ұйықтадым. Айқайлап, қиналып жатқан дауыстан ояндым. “Ей Әба Дүжане, бұл мәктубыңмен бізді өртедің. Сенің иең әлбетте бізден үстем. Бұл мәктубты біздің алдымыздан алмасаң, біз бұл азаптан құтыла алмаймыз. Бұдан былай сенің және көршілеріңнің үйіне келе алмаймыз. Бұл мәктуб бар болған үйлерге келе алмаймыз” деген дауыстар шықты. Оған “Пайғамбарымыз рұқсат бермейінше бұл мәктубты алмаймын” дедім. Жынның жылауынан, шырылдауынан ол түн мен үшін ұзақ түн болды. Таң намазын мешітте оқығаннан кейін жынның сөздерін пайғамбарымызға айттым. Расулуллаһ алейһиссалам: “Ол мәктубты алып қой. Әйтпесе мәктубтың азабын қияметке дейін тартады” – деп бұйырды. (Дәлаил-ун-нубууа, Тәзкира-и Қуртуби)
Бұл мәктубтың арабша нұсқасы төменде:
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024