Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Иман келтіріп Әһли сүннет ғалымдарын таныған және олардың жолында болған мұсылмандар қанша шүкір етсе де аз болады. Құран кәрімде Аллаһу та’аланы танымағандар жайлы анық «Көздері бар, бірақ көрмейді» делінген. Әһли сүннет ғалымдарын көрмейді, дін кітаптарын көрмейді, қызметтерді көрмейді, мешіттерді көрмейді. «Құлақтары бар, бірақ естімейді» делінген. Азанды естімейді, діни насихаттарды естімейді. Содан соң «Өйткені олардың жүректері мөрленген» делінген. Есік кілттеулі, жабық деген сөз. Көз қанша қараса да, құлақ қанша естісе де, егер іште есту немесе көру қабілеті болмаса, қараса да көрмейді, тыңдаса да естімейді, өйткені естіртуші – құлақтың өзі емес, Хақ та’ала.
Әһли сүннет ғалымдарын, Силсиле-и алийа әулиелерін, кітаптарын тану, олардың жолында қызмет ету ниғметтері өте үлкен дәулет. Мұның қаншалықты құнды және үлкен екені өмірде толығымен аңғарылмаса да, өлгенде бәріміз түсінеміз. Қандай үлкен мүмкіндікті жіберіп алғанымыз үшін күйеміз. Енді қайтадан кері қайта аламыз ба? Тағы да тәубе етуге мүмкіндік беріле ме? Осы себептен пайғамбарымыз: «Өлмей тұрып өліңдер» деген. Адамдар ахиретте жанталасып айқайлайды. «Йа Рабби, бізді қайтадан өмірге жібер, енді мүлдем күнә істемейміз, тек ғибадат етеміз, тек дінге қызмет етеміз» дейді. Сонда оларға «Онсыз да сол жақтан келдіңдер ғой...» делінеді.
Жетістікке жеткісі келген адам дініміздегі ғалымдардың жолына жабысу керек. Олардың жолында жұмысты кешіктіру деген нәрсе жоқ, өйткені сүйікті пайғамбарымыз «Кейін істеймін дегендер, тірлігін кейінге қалдырғандар құрыды» деген. Араға «кейін» сөзі кірді ме, демек ол тірлік қалды деген сөз. Себебі ұмытамыз, кедергілер шығады, ауру пайда болады, өлім келеді, сөйтіп ол тірлікті істей алмай қаламыз. Барлық жетістіктердің тосқауылы – адамның өз нәпісі. Ол алдымызда тұрған дуал сияқты. Аллаһу та’аладан келген жәрдемге, әулиелерден келген фәйзге адамның нәпісі, кібірі тосқауыл болуда. Бұл нәрселерден қаншалықты аулақ жүрсек, соншалықты көп фәйз келеді. Ал біз қалай болса да ылғи осы келіп жатқан фәйздің жолын пітеп тастаудың шараларын іздейміз. Әрдайым «менің айтқаным болсын, маған бағыныңдар, менің сөзім орындалсын, менің қолым болсын» дейміз. Сол «менің» деген барлық нәрсе бір күні келіп, басымызға бәле болады. Өлгеннен кейін бәрін түсінеміз.
Бір нәрсені жақсылап істеу, оның нұсқаулығын үйреніп, оны көп және тұрақты істеу арқылы мүмкін болады. Мысалы тігінші, қаншалықты көп мата пішсе, соншалықты жақсы тігінші болады. Адам да өзін өлімге қаншалықты үйретсе, яғни бір күні бүкіл мал-мүлкін тастап кететініне, бұл істердің бәрінің өткінші екендігіне қаншалықты өзін үйрететін болса, соншалықты рахаттықпен жан тапсырады. Демек, өлімге дайындалып, өзімізді өлімге үйретуіміз керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024