Әр адам өсиетін әзірлеу керек

Сұрақ: Өсиет қалай жазылады, дініміздегі үкімі қандай?

Жауап: Әр мұсылманның өлмей тұрып өсиетін жазып қоюы керек. Өсиетті өлім ауруы кезінде жазу уәжіп, сау кезде жазып, өзімен бірге алып жүру мүстаһаб болып табылады.

Өсиетте бала-шағасына, жақындарына соңғы насихатын жасау керек. Ақысын жегендердің кешірімін алуын, алатын-беретін қарыздардың өтелуін, исқат жасалуын, қажылық қарызы бар болса өкіл жіберуін сұрату керек, жаназа қызметіндегі және жерлеуден кейінгі қалауларын білдіру керек. Жұбайына деген мәһри муәжжәл қарызының өтелуі үшін өсиет қалдыру керек. Бұл талаптардың орындалуы үшін екі әділ куәгердің жанында өсиет қалдыратын бір адамды таңдау керек. Өлген мүминдердің рухтары бір-біріне қонақ болып келеді, зиярат етеді. Әсіресе жұма түндерінде сөйлеседі. Өлген адамның рухы көкке шыққанда мүминдердің рухтары келіп, өмірде танығандарын сұрайды. Өсиет қалдырмай өлгендердің рухына сөйлесу үшін рұқсат берілмейді. (Фәраид-ул фәуаид)

 

Исқат үшін фидйа

Намаздардың қазасын өтеместен өлім жағдайына тап болған адамға бұл намаздардың исқаты үшін қалдыратын мүлкінен фидйа берілуін өсиет етуі уәжіп болады. Өсиет етпесе, мирасқорының, тіпті бөтен адамның өз мүлкінен исқат жасауы жаиз болады.

Қажылыққа бара алмаған бай кісінің қажылық ақшасын қалдырып, басқа біреудің жіберілуі үшін өсиет етуі уәжіп. Мүлкі болмаған мәйіт (өлген кісі) өлуінен бұрын дәуір жасалуын өсиет етсе, мирасқордың дәуір жасауы қажет емес. Мәйіттің каффараттарын исқат ететіндей мүліктің барлығын мирастың үште бірін асырмау шартымен өсиет етуі уәжіп болады. Осылайша дәуірге қажеттілік қалмастан исқат жасалады. 1/3 бөлігі исқатқа жеткен күйде 1/3 бөліктен аз мүліктің дәуір жасалуын өсиет ету күнә болады. Өсиет етпестен мирасқоры өз ақшасымен қажылыққа бара алады немесе біреуді жібере алады.

Өсиет етпестен зекет исқатының орындалуы керек емес. Бірақ мирасқор зекет исқаты үшін де өздігінен дәуір жасауына болады. Күнә болған бір нәрсені істеу үшін өсиет қалдыруға болмайды және мұндай өсиеттер орындалмайды.

Өсиетке қатысты бірнеше хадис шәрифтің мағынасы:

«Түсімде жәннаттық екі әйел көрдім. Бірі сөйлей алмайтын еді. Сөйлейтін әйел “Мен өсиет қалдырдым. Ал бұл әйел өсиетсіз өлді, қияметке дейін сөйлей алмайды” деді.» (Дәйләми)

«Өсиетсіз өлу – үлкен кемшілік, ал ахиретте отқа түсу және опасыз болу.» (Табарани)

«Өсиет етуді керек ететін жағдайда мұсылманның өсиетсіз екі түнді өткізуге ақысы жоқ.» (Бұхари)

«Өсиетте мирасқорлардың бірін зиянға түсіру үлкен күнә.» (И.Жәрир, Бәйһақи)

«Мүліктің ең көп дегенде үште бірін өсиет ет! Мирасқорларды бай қылып қалдыру кедей және мұқтаж қылып қалдырудан қайырлырақ.» (Мүслим)

Көп қызметі тиген немесе мұқтаж болған баласына бір нәрсені сыйлық қылу жаиз. Бір адам мүлкінің бәрін балаларының біріне беріп, екіншісіне бермесе, берілген мүлік осы баланың мүлкі болады. Бірақ әкесі салих балалары арасында айырым жасағаны үшін күнәға түседі. Салих болған баласына көбірек мүлік қалдыру жаиз болып табылады. Балалары күнәһар болған адамның өз бала-шағасына мирас қалдырмай, өзге салихтарға қайырымдылыққа бергені жақсы болады. (Бәззәззийа)

 

Сұрақ: Қайтыс болған әйел мүлкінің қай бөлігін өсиет ете алады?

Жауап: Күйеу немесе әйелінен басқа мирасқоры жоқ болса, мүлкінің бәрін де өсиет етуіне болады. Бар болса, үште бірінен (1/3) артығын өсиет ете алмайды.

 

Сұрақ: Қажылықта харам істемей қажылық жасай алмайтын әйелдің не істеуіне болады?

Жауап: Харам істемей қажылыққа баруға тырысады. Харам істемей қажылыққа бара алмаса, өсиет етуі керек. Былай өсиет қалдырса болады: «Өлгенге дейін қажылыққа бара алмасам, орныма өкіл жіберіңдер.»

 

Сұрақ: Біреу мүлкінің бәрін бөтен біреуге өсиет етсе, бәрі беріледі ме?

Жауап: Мирасқоры жоқ болса бәрі, бар болса тек үште бірі ғана беріледі.

 

Сұрақ: Әкем мүлкінен балаларының біріне аз, біріне көп берді. Өлген кезде аз алған баласының көп алғанынан мүлік сұрауға ақысы бар ма?

Жауап: Жоқ.

 

Сұрақ: Әкем өлуден бұрын ауызша бақшамызды мешітке сыйлап «Мен өлгеннен кейін берерсіңдер» деген еді. Бермесек күнә болады ма?

Жауап: Иә. Өйткені өсиеттің үште бірін орындау уәжіп болады.

 

Сұрақ: Бізде жаназаға қатысқан адамдарға ақша таратылады. Әкем де маған осылай істеуімді өсиет етті. Орындауым керек пе?

Жауап: Мирастың үште бірінен беру керек. Садақа сауабын әкеңіздің рухына бағыштайсыз.

 

Сұрақ: Органдарымды қолдануға рұқсат бердім немесе өлгенімде органдарымның алынуын өсиет еттім» деу жаиз ба?

Жауап: Жаиз емес. Бұлардың сахих бола алуы үшін қолдануы рұқсат болған мүлікпен жасалуы керек. Адамның ешбір бөлшегі, мүшесі мүлік емес. Бірақ «Мен өлгеннен кейін қанымның, органдарымның бір мұсылманға берілуіне зәрулік туындаса, берілуі үшін рұқсатымды беремін» деу жаиз болады. Немесе ешнәрсе айтпаған болса да, қажеттілік туындағанда енді өлген адамның органын алып бір науқас адамға беру жаиз болады. (С.Әбәдийа)

 

Сұрақ: Таныстарымның бірі «Мені өлген кезімде жағып жіберіңдер» деп өсиет еткен екен. Бұл дұрыс па?

Жауап: Әрине дұрыс емес. Төрт хақ мазһабтың ешбірінде өлген адамды жағуға болмайды. Өлінің жағылуы үндістерде және басқа да кәпірлерде бар.

 

Сұрақ: Әкем өсиет қалдырмай қайтыс болды. Одан кейін жылдар өтіп кетті. Исқатын жасауым жаиз ба?

Жауап: Өте жақсы болады.

 

Сұрақ: Өзіміз үшін оқыған хатымды және хатми таһлилді мазарымызға жіберу керек пе, әлде күтіп, біз өлген кезде рухымызға жіберсін деп өсиет етуіміз керек пе?

Жауап: Күтіп өсиет қалдыру деген нәрсе жоқ. Оқылған хатымның және хатми таһлилдің құрметіне кешірілуіміз үшін дұға етіледі. Сауабын да әуелі пайғамбарымызға, одан соң бүкіл пайғамбарларға және өлі-тірі барша мүминдерге бағышталады. Істеген бүкіл ғибадаттарымыз қабір үшін, ахирет үшін бір дайындық. Қайырымдылық пен жақсы амалдарды да тірі кезінде бермей, «Мен өлгеннен кейін мына адамдарға бер» деп айту тірі кезінде бергендей бола алмайды.

 

Сұрақ: Марқұм анам тірі кезінде қасиетті Ясин сүресін оқып, кассетаға жазып алған еді. «Мен өлгеннен кейін мұны тыңдап, сауабын маған бағыштаңдар» деді. Өсиетін орындауымыздың зияны жоқ па?

Жауап: Дінге сай болмаған өсиеттер орындалмайды. Кассетадан Ясин сүресін тыңдау ғибадат болмайды. Кассетадан тыңдалған Құран кәрімді мәйітке бағыштауға болмайды. Арнайы оқып бағыштау керек.

 

Сұрақ: Құрбандық шала алмаған мұсылман өлген кезде қалдырған мүлкінен өзі үшін құрбандық шалынуын мирасқорына өсиет етсе, өсиет етілген құрбандық қай уақытта шалынады?

Жауап: Айт күндері шалынады. Мұның етін сойған адам кедей болса да жей алмайды. Еттің бәрін кедейлерге беруі керек. Өсиет етпеген өлі үшін мирасқоры немесе басқа адамдар кезкелген уақытта өз мүлкінен мал сойып, сауабын сол кісіге бағыштай алады. Сауабы сойған адамдікі болады. Олар өліге бағыштайды. Бұлардың етін сойған адам да жей алады. (И.Абидин)

 

Сұрақ: Ауру, кәрілік сияқты үзірдің себебінен Рамазан оразасын ұстай алмаған бай адамның бұл жағдайы өлгенге дейін жалғасса не істейді?

Жауап: Кедейлерге ас берілуін өсиет етеді. Өкілі оның ұстай алмаған әр оразасы үшін кедейге бір фытра немесе құнын береді. (Бәдайи)

 

Өсиеттің үлгісі

Бисмиллаһир рахманир рахим. Әлхамдулиллаһи Раббил-аләмин. Әссаләту уәссәләму алә расулина Мухаммадин уә алиһи уә сахбиһи әжмаин.

Мен өлген кезде, қалдырған мүлкіммен дінге сай қылынып қажетті шаралар мен кебіндеу рәсімдері жасалсын. Қарызым шықса, бәрі өтеліп, қалған мүліктің үште бірі ажыратылсын. Бұл ақшамен намаз исқаты, ораза, ант және нәзірлерім үшін каффарат жасалсын. Исқат дінге сай жасалсын.

Бұларды ақылым орнында болып және саналы түрде ұғынып жаздым. Бұл өсиетімді орындауға ......................-ні уаси ретінде тағайындадым. Өзгелерге өтіп кеткен хақтарымды мен бәріне халал еттім (бәрін кешірдім, бәрінен разымын). Олар да маған өтіп кеткен хақтарын халал етсін (менен разы болсын, кешірсін)!

(Уаси – өсиет қалдырылған адам. Уаси бұл өсиетті қабыл алып, барлығын ең жақсы түрде жүзеге асыру міндетін мойнына алады. Екі куәгермен бірге төртеуі қол қояды.)