ИФТИТАХ ТӘКБІРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Кiмде-кiм ифтитах тәкбiрiн имаммен бiрге алса, ол адамның күнәлары күздiгүнi ағаш жапырықтары жел соққанда төгiлгендей төгiледi.

Бiр күнi пайғамбарымыз намаз оқып жатқан кезде бiр кісі таң намазының ифтитах тәкбiрiне үлгере алмай қалды. Сол себепті бiр құлды азат етiп келіп, пайғамбарымыздан сұрады: «Йа Расулаллаһ! Мен бүгiн ифтитах тәкбiрiне үлгере алмай қалдым. Сондықтан бiр құл азат еттiм. Ифтитах тәкбiрiнiң орнын толтыра алдым ба?» Пайғамбарымыз хазреті Әбу Бәкiр Сыддықтан (радиаллаһу анһ): «Сен не дейсiн, бұл ифтитах тәкбiрi жөнiнде?» деп сұрады. Хазреті Әбу Бәкiр (радиаллаһу анһ) былай дедi: «Йа Расулаллаһ! Қырық түйем болса, қырығының да қоржыны гауһар тасқа толы болса, барлығын кедейлерге таратсам да, имаммен бiрге алынған ифтитах тәкбiрiнiң сауабына жетпейді».

Одан кейiн пайғамбарымыз: «Йа Омар! Сен не дейсiң ифтитах тәкбiрi жөнiнде?» дегенде, хазреті Омар (радиаллаһу анһ): «Йа Расулаллаһ! Мекке мен Мәдина арасы толған түйем болса және бұлардың жүктерi гауһар тас болса, барлығын кедейлерге таратсам да, ифтитах тәкбiрiнiң сауабына жете алмаймын» – дедi.

Кейiн пайғамбарымыз: «Йа Осман! Сен не дейсiң?» дегенде, хазреті Осман (радиаллаһу анһ): «Йа, Расулаллаһ! Түнде екi рәкат намаз оқысам, әр рәкатта Құранды бастан аяқ хатым етсем де, имаммен бiрге алынған ифтитах тәкбiрiнiң сауабына жете алмаймын» – дедi.

Одан кейiн пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Йа Әли! Сен не дейсiң ифтитах тәкбiрi жөнiнде?» – деп сұрағанда, хазреті Әли (радиаллаһу анһ): «Йа Расулаллаһ! Шығыс пен батыс арасы кәпiрлерге лық толы болса, Раббым маған қуат берiп барлығымен соғыссам да, имаммен бiрге алынған ифтитах тәкбiрiнiң сауабына жете  алмаймын» – дедi.

Бұдан кейiн пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ей менiң үмметiм және сахабаларым! Жетi қабат аспан мен жетi қабат жер қағаз болса, дариялар сия болса және бүкіл ағаштар қалам болса, барлық перiштелер жазушы болып, қияметке дейiн жазса да, имаммен бірге алынған ифтитах тәкбiрiнiң сауабын жазып тауыса алмайды» – деді.

Егер «Аллаһу та’ала жаратқан періштелері осыншалықты көп пе» дейтін болсаң, Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” миғражға шыққан түні жәннатты, тозақты және бәйти мамурды (аспанда періштелердің үздіксіз тауаф ететін мекені, періштелердің құбыласы) періштелер тауаф ететін еді. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Йа бауырым Жәбірейіл! Осы бәйти мамурды тауаф етіп келген періштелер кері қайтпайды. Олар қайда барады?» деп сұрады.Жәбірейіл “алейһиссалам”: «Йа Хабибаллаһ! Мен жаратылған күнімнен бүгінге дейін осы бәйти мамурды тауаф етіп келген періштелердің кері қайтқанын әлі көрмедім. Бір рет тауаф еткен періштеге тағы да келуге қияметке дейін кезегі келмейді» деді.

Кімде-кім намазда Әузу-Бисмилләһ айтатын болса, Аллаһу та’ала бұл құлға денесіндегі түктерінің санындай сауап береді. Бір рет Фатиха сүресін оқыған кезде Аллаһу та’ала ол құлға қабыл болған қажылық сауабын береді. Рукуға иілгенде Аллаһу та’ала бұл құлға мың алтынды садақа ретінде берудің сауабын береді, рукуда сүннетке сай үш рет тасбих айтқанда бұл құлға Аллаһу та’ала көктен түскен төрт кітап пен жүз сухуфты оқудың сауабын береді. «Сәми’аллаһу лиман хамидаһ» деген кезде бұл құлды Аллаһу та’ала рахмет дариясына батырады. Сәждеге барғанда ол құлға Аллаһу та’ала адамдар мен жындардың мөлшеріндей сауап береді. Сәждеде сүннетке сай үш рет тасбих айтқанда, бұл құлға Аллаһу та’аланың алдындағы құндылықтары өте көп. Бірақ бірнешесі төменде:

Әуелгі құндылығы – Арш пен Күрсидің салмағындай сауап берсе керек. Екіншісі – Аллаһу та’ала бұл құлын мағфирет етсе (күнәларын жойса) керек. Үшіншісі – бұл құл өлген кезде Микаил “алейһиссалам” оның қабірінде қияметке дейін бірге болса керек. Төртіншісі – қиямет күнінде Микаил “алейһиссалам” ол құлды мүбәрәк қанатының үстіне шығарып, шапағат ететін және жәннати а’лаға алып баратын болса керек.

Қадаи ахирда (соңғы отырыста) отырғанда Аллаһу та’ала бұл құлға фуқара-и сабириннің (сабыр етуші кедейлердің) сауабын береді.

Фуқара-и сабирин (кедейлікке сабыр еткендер) ағния-и шакириннен (шүкір етуші байлардан) бес жүз жыл ертерек жәннатқа кірсе керек. Ағния-и шакирин оларды көргенде «Қап, өмірде фуқара-и сабириндерден болғанымызда ғой» деген қалау білдірсе керек.